Қарттарым-асыл қазынам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттарым-асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарттарым-асыл қазынам тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Ма
қсаты:
О
қушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
К
өрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                    І
Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі б
өлім
К
өп жасаған қария,
А
қылы теңіз-дария.
К
өп өнеге сөзі бар,
С
өзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол с
өздерді ұқпасаң,
Тістерсі
ң бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мереке
ңіз құтты болсын ата-апа!
К
өкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жеті
ңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты бата
ға.
 Ортамызда ж
үрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Бізді
ң бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І б
өлім Ата-әжем мақтанышым 
ІІ б
өлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ б
өлім Мен атамның жалғасымын
а/ Ж
ұмбақ шешу:
Айтары мол
ғұлама,
К
өп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны с
ұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді ж
үзі күлім деп.
«Т
әтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай
үнің деп.
Ол кім?    (
әже)
І б
өлім   «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- арда
қты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл
әжелері туралы мәлімет беру.
 ІІ б
өлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Хал
қымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы а
қын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегені
ң бала екен.
Немерені
ң бойында,
Бар жа
қсылық бар екен.
Ту
ған балаң жай ғана,
Демесе
ң де жат бөтен,
На
ғыз бала ойласаң.
«Немере» екен т
әтті екен.
в/ О
қушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

1.Еркеназ
Мені
ң әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді та
ғы әжем.
2. Ж
ұбаныш
Мені
ң әжем,гүл әжем,
Алтын
әжем,нұр әжем.
Анам
үшін,мен үшін,
На
ғыз әжем,тіл әжем.
3.Т
өлеген
Тентек болсам ашынып,
Жа
қсы іс қылсам асырып.
Ма
ған сақтап жүреді,
Т
әттіні де жасырып.
Тосып т
әтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен
ұйықтарда айтады,
Ертегісін
әндерін.
Бізді
ң үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4.Азамат
 
Ата-
әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Анашым:Аңсар
А
қиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып
қариялар.
Дауыл со
қса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сар
қылып қариялар.
К
өрініс: Атасы мен немересі
Ата-
әже ауылымның асылдары,
Жйнасын к
өңілдердің жасыл бағы.
Сіздер
үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер
үшін мереке шашулары.
Би:
Өзбек биі-----------------------------
ІІІ б
өлім Мен атамның жалғасымын
Ата-баба
ң ардақты,
Жаманды
ққа бармапты.
Арда
қ тұтып үлкенді,
Ата жолын жал
ғапты.
Б
ұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/О
қушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп М
ұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
365
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі