Материалдар / "Қарттарым асыл қазынам"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарттарым асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
қарттар күніне орай өткізілген ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 6 «в» сыныбында өткізілген ашық тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі : Алимбетова Гулназ


«Қарттарым – асыл қазынам !»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.

1-Жүргізуші Сәбина :

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған ұстаздар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары


2-ж Назерке: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.


1-Ж: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым асыл - қазынам» атты кешімізге хош келдіңіздер.

1-Жүргізуші:

Дүниеге келер бір рет

Құрыштан құйған құдірет

Балалар, ол кім?

Әрине қарттарымыз.

Олай болса бүгінгі кешімізді Қаниев Нұрбақыттың орындауындағы «Бақ далам » әнімен ашамыз.


2-Ж: «Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған»-дей отырып мектебіміздің ардақты қариялары мен ұстаздары Ардак апай мен Мастура апайлар келіп отыр.

1-Ж: Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат

2-Ж: Ардагерлер ардақты асыл жандар

Шәкіртімен мерейі тасығандар

Білімнің сәулесі мол нұр көшінде

Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар-дей отырып, мектебіміздің ардагер, қарт зейнеткер ұстаздарымыз Ардак апай мен Мастура, Малика апайларға апайларға сөз береміз.

Компазиция : «Полька» Орындайтын: Бекболат Мағауия.

1-Ж: Жадыраймын жадырайын,

Көңілденіп күлемін.

Жанар ма деп талабым,

Ата ақылын тыңдаймын.


2-жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

Оқушылардың тақпақтарына кезек берейік.

1-Жансая :

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

2-Исатай:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара – пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!


3---Несібелі:

Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемде теберінділер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

4-Ерғұлан:

Закон природы так суров
Бегут года в потоке века
Как много есть прекрасных слов
Чтобы поздравить человека
Но мы не ищем этих слов,
А просто от души желаем:
Здоровья, счастья и цветов
И жить все 100 не унывая.


5-Жұлдызай:

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны-бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.


Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.


1-Ж: Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады

бір топ бишілерді қарсы алайық «Флешмоб»

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.


1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Назерке? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Ж: Сәбина, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.   Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?  1-Жүргізуші:   Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

     Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 

Ортаға Мұратова Ақеркені шақырамыз.



Оқушылардың тілектеріне құлақ салыңыздар

1-оқушы :Абырой амандығың арта берсін

2-оқушы: Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

3-оқушы:Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

4- оқушы:Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

5-оқушы:Тыныштық елімізге бере берсін.

6-Молшылық жерімізге ене берсін.

7-Соғыстан ел жұртымыз аман болып

8-Қызығын бейбіт өмір көре берсін

9-Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

10-Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

11-Тап-таза абыройлы болғаныңды

12-Қазіргі ел билеген жастар көрсін

- осындай тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!