Материалдар / Қарттарым асыл қазынам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарттарым асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам.

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Досбол: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекеcі қарттар күнімен құттықтаймыз.

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.


Данагүл: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қазыналы қарттарымыздың орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым- асыл қазынам» атты кешімізге хош келдіңіздер дегіміз келеді.


Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Бакирова Светлана Кеңесовнаға береміз.

Досбол:

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір ағат

Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Құдайберген ағайға сөз береміз.

Данагүл:

Жадыраймын жадырайын,

Көңілденіп күлемін.

Жанар ма деп талабым,

Ата ақылын тыңдаймын.

Халық әні: «Құралай»

Орындайтындар:4-сынып оқушылары Торғай Ерасыл мен Сайпырханов Оразай


Досбол: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.


1-оқушы: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар Маханбетжан Саят

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

2-оқушы: Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем

Алдын орап кісінің Данагүл

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Атам менің әманда

кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем

Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін

Жеткізеді мұратқа

Тек шындықты көздеймін.

3-оқушы: Атам менің әманда

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда Аружан

Жүрмін тура жолменен

Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы.



Аталар сөзімен өсіп өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған,

Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

6-оқушы: Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында Оразбек Айдана

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

7-оқушы Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар Ізбасар Динара

Ана мейір күн көзімен пара – пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!



8-оқушы Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемде теберінділер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде Қайрат Саят

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

Қарттық деген қасиетті ұғым бір,

Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.

Балалардың болашағын аңсаған,

Бойларыңда бір керемет жылу жүр.



10-оқушы:Өне – бойың тұнған ақыл, ұлағат,

Ешкімге де жасамайсың қиянат.

Жайлап қана ақылменен түзейсің,

Жасап қойсам ұғына алмай бір ағат.



Ақсақалың – аппақ арың бекімі,

Армандарға жетелейді не түрлі.

Аппақ шашың – адалдықтың өлшемі,

Менің нұрлы болашағым секілді. Нұрымбетова Дамиля

Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Досбол:

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ән: Анашым

Орындайтын: 3 сынып оқушысы Нұрланқызы Гүлсезім Қабыл алыңыздар!


Данагүл: Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Осындай өсиет өнегесімен үлгі болған әкелер мен аналарымыздың құрметіне Нұрсәулем қыздарыңыздың орындауындағы «Ана, Әке» әнін қабыл алыңыздар.


Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Күлсәпен апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

Маған бақыт неге керек ақ әже – ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығын деп ауырмай, немерелеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз дегіміз келеді.

Ендеше ортаға 1-сынып оқушыларын шақырамыз. «Жұмбақ саусақ» әнін қабыл алыңыздар.


Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Балапандар әнмен шашу шашады

1-сынып оқушыларының орындауындағы «Санамақ» әнін қабыл алыңыздар.


Көкке өрмелеп көңілің

Нұрға толсын өмірің

Қазыналы қарттарым

Ұзақ болсын өмірің

Ән: «Ойыншықтар»

Орындайтындар: 2-сынып оқушылары


Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін

- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!