400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым-асыл қазынам 18.10

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақтың мақсаты – жас ұрпаққа қарттардың қоғамдағы орнын, олардың тәжірибесі мен даналығын қадірлеуін, сыйлау мен қамқорлықтың маңызын түсіндіру. Негізгі тақырыптар: Қарттар – отбасы мен ұлттың асыл қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесінен үйренетін құнды сабақтар. Қарттарға деген құрмет пен қамқорлықтың дәстүрлі қазақ құндылықтарындағы орны. Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшісі

Сулейменова А.М.

Күні:

18.10.2024

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы:

Қарттарым-асыл қазынам

Құндылық:

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

«Бірлік және ынтымақ»

Мақсаттары:

Білім алушылардың бойында халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Picture 2 .

-Ата,апа деп кімдерді айтамыз?

- Өз ата-әжеңді сипатта...


Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.


Білім алушыларға слайд көрсетіледі.

Мұғалім:

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз.
Қазақ ғұрпындағы ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.


Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.


«Реніш»  (Мұқағали Мақатаев)

Әй, балам – ай,

Шамалы – ау түсінігің,

Қандай болар, білмеймін кісілігің…

Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені

Жауар күндей қабағын түсіруін!

Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!

… Жоқ, балақай!

Мен сендей боп өспедім!

Мына мінез – мінезім емес менің.

Адамдардан қарым алу үшін

Не көрмедім, өмірде не кешпедім.

Аяры жоқ адуын жауыздықтан

Алып шықтым арымды тамыздықтап.

Амалым не жастықтың кер тұлпарын

Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.

Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,

Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.

Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,

Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.


«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік!


Білім алушылар сурет бойынша өз пікірлерін білдіреді.












Слайд бойынша мәлімет алады





































Білім алушылар өлеңді мәнерлеп оқиды

«Реніш»  (Мұқағали Мақатаев)


Интерактивті тақтада слайдтар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
04.04.2025
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі