«Қарттарым-асыл қазынам» сценарии

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қарттарым-асыл қазынам» сценарии

Материал туралы қысқаша түсінік
:«Қарттарым-асыл қазынам»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қарттарым-асыл қазынам»


















































Тақырыбы:«Қарттарым-асыл қазынам»

Мақсаты:

1.Білімділік:1-қазан қарттар күніне түсінік беру.

2.Дамытушылық:өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену.

3.Тәрбиелік:балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:отбасы мүшелерінің суреттері,

Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбер:

Есеніз бе,қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өзіңіздей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегімде сақтармын.

Жарайсыңдар рахмет.Енді орнымызға жайғасайық.

Балалар, ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын,алдымен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)

Атайықшы? (Кыркүйек ,казан, караша)


Дұрыс айтасындар.

Енді осы қыркүйек айында қандай мерекелер болды? (Білім күні)

Жарайсыңдар.

Ал қазан айында қандай мерекелер бар, білесіңдер ме? (Ұстаздар күні ,Республика күні)

Дұрыс айтасыңдар .

Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да, мереке бар.

Ол-1-қазан қарттар күні.

Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз қарттар күнініне арналмақ. Мен сердерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

Ол кім? (Ата)


Аймалайды "Күнім" деп,

Мейірімді жүзі кулімдеп.

"Тәтті-ақ" дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? (Әже)


Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз)

Дұрыс айтасыңдар,балалар.-"Ақылды қария-ағып жатқан дария" деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса,біз соның жапырағымыз. Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық, мейірімділіқ, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта біліуміз керек. Ал енді осы атамызбен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере)

Балалар анамыздың әкесі ,анасы сендерге кім болады? (нағашы ата,нағашы әже)

Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен)

Жарайсыңдар.

Балалар ата, әже туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.




Іңкәр:

Атамыз-біздің панамыз,

Атамыз-біздің данамыз.

Атадан ақыл аламыз,

Атадай адам боламыз.

Назали:

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Жамандықтан сақтандырып.

Жүрген алтын ақ әжемді.

Жүрсем деймін шаттандырып.

Сұлтанали:

Немересін жанынан арттық көретін,

Екі еткізбей бәрін алып беретін.

Әжелердің құшағында күн иесі,

Еркелігі үзілместен күлетін.

Бейне таспаға назар аудару.

Төлендиев Рауанның орындауындағы "Ата ,әже"әнін тамашалайық .

Суреттер бойынша әңгіме.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

(Өз ойларын айтады)

Балалар шаршаған шығарсыңдар, ортаға шығып бір сергіп алайық.

Сергету сәті:

Шеңбер болып тұрайық,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп.

Қазақ үйді құрайық,

Жарайсыңдар орнымызға отырайық.

Дидактикалық ойын: «Кімге не тиесілі»

Ойының шарты бойынша балалар отбасы мүшелері бар сүреттерге тиісті заттарын қыстарғышпен қыстырады. Атаға-шапан,әжеге -ұршық,әкеге -сағат,анаға-орамал,балаға-велосипед,қызға -қуыршақ.

Балалар , ата-әжелерің сендерді қалай еркелетеді?

(Балалардың жауаптары)

Ұйымдастырыған оқу қызметімізді сұрақ-жауап арқылы қортындылау.Балаларды мадақтау бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі