Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Қарттарым асыл қызынам" үлгілі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда үлкен тәрбие, мағына бар. Бұл материал оқушыларға үлкен адамдарды, яғни қарттарды, ата-аналарын сыйлауды үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қарттарым асыл қазынам

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.

Тәрбиелілігі: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. 

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу, түйіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе

  2. Мақалдың жалғасын тап ойыны

  3. Ой толғау орталығы

  4. Қорытынды

Кіріспе

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек. Олар талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірді. Бүгін, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да олар ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.

Қарттарымыздың құрметіне 1991 жылдан бастап, БҰҰ Бас ассамблеясының шешіміне сай жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі.

Мақалдың жалғасын тап ойыны

1.Атаға  қарап-...бала өседі

  Анаға  қарап-... қыз өседі

2.Ананың  көңілі  балада, баланың көңілі далада

3.Ата-ананың  қадірін ,балалы болғанда білерсің

4.Атаның  баласы  болма , елдің баласы бол

5.Ұядан  не  көрсе, ұшқанда соны ілерсің

6.Қарағайға  қарап тал өседі

Отбасына  қарап  бала өседі

Ой толғау орталығы

Аңыз:    «Қарт пен бала әңгімесі»

          Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-

           Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.

Қарт:-Балам, мен балалар кітапханасында болғалы жатқан «Ардақта ата-анаңды» атты тәрбие сағатына  бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:

Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.

Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.

Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.

Қарт:--Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Бала:- -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейрімді әке.

Қарт:-- Жоқ балам, әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін – АНА.

Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?

Бала:- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

Қарт:-Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

(Енді оқушыларға сұрақ қояды)

Қарт:-Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады екен?

Оқушы: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.

Қарт:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?

Оқушы: Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата- ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.

Қарт: «Өмірде не жетім?» деген сұраққа өзім жауап берейін.

Өмірде жеті жетім бар.

1.     Өмірде ата –анасы жоқ болса, бала жетім.

2.     Халқына сенімсіз болса, хан жетім.

Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.

3.     Суы жоқ құдық- жетім.

4.     Досы жоқ жігіт –жетім.

5.     Шәкіртсіз ұстаз жетім.

6.     Қызы жетесіз болса, ана – жетім.

7.     Ата – ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.

  1. Сеніңше қарт пен оқушының қайсысының түйгені терең ?

  2. Қарттың ақылының қайнары қайдан келген?

  3. Бұл аңызда қарттың қай ақылы жаныңа жақын болды?


Қорытынды

«Қарт пен баланың көңілі ұқсас» деген сөздің жаны бар. Бір ауыз сөзге қуанып, бір ауыз сөзден көңілдеріне кірбің алып қалатын бала жүректі қариялардың бабын табу оңай емес. Дегенмен, біз жастар қарттарға әсіресе, жастары келген шағында қарттықтың таяғына сүйеніп қана қоймай, жалғыздық деген қатал тағдырға көңіл кілтін тауып, реті келіп жатса, қуантып қоюға тырысуымыз керек. Міне, осындай ниетпен әр қайсымыз қолымыздан келгенінше көмек қолымызды созып, қарттардың көңілдерін көтеріп, бір сәтке болса да қуаныш сыйлауымыз керек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12