400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым-қазынам.

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларымен өткен тәрбие сағаты тақырыбы "Қарттарым-қазынам" оқушыларды үлкенге деген құрметке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарым-қазынам.

Мақсаты:Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру.

Міндеттері:

1. Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтап, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

2. Аталы сөзден ғибрат алып өсуге тәрбиелеу. 

3. Үлкенді сыйлай білуге, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ата-балаға сыншы», «Аталы бала ақылды,әжелі бала еркетай», «Атаның сөзі-ақылдың көзі», «Отбасының қос шынары-ата мен әже», «Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп жазылған нақыл сөздер.

Барысы: 
Кіріспе.

-Балалар ,сендерге жұмбақ жасырамын ,осы жұмбақты шешу арқылы тәрбие сағатымызды бастаймыз. 
Аймалайды «Күнім» деп 
Мейірімді жүзі күлімдеп, 

«Тәтті-ақ» дейді немере. 
«Бал-шырындай үнің» деп.

-Ол кім?


Әже деген сөзге кішкене мағлұмат беріп өтейін. 
Ақ сүт берген аналардың анасы-әже.Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы –қасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбилеуші басты кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді,жан-жүрегін салып нәрестені, бүлдіршінді, жасөспірімді тәрбиелейді.


1-оқушы:

Ананы біз сүйеміз, 
Сөзін ойға түйеміз. 
Әжені де ардақтап 
Әдеппен бас иеміз.

 
2-оқушы:

Атам маған аманда 
Әдепті жан бол деген 
Ата сөзі санама 
Жасы үлкенге жан берер.


3-оқушы:

Қарттар жүрсін ортада
Өткенді көрген шежіре
Аман-сау болсын әрқашан
Сыйлаған бақыт біздерге,

 

 Ән. Асыл әжем.


4-оқушы:

Ұл-қызына ерген 
Немереңбіз,әже 
Немереңмен өрген 
Шөбереңбіз,әже 
Үйреткен сөз мәнін 
Тілімізсің,әже 
Жарқыраған дәйім 
Күнімізсің,әже

Шуағыңды сеуіп 
Жайна,анамыз-әже! 
Жұлдыздарың боп, 
Айналамыз,әже!

 
Ән «Асыл анам»

 
5-оқушы:

Жақсы көрем апамды 
Жүрем ылғи бірге еріп. 
Тауға мені апарды, 
Талай қайттық гүл теріп. 
Алтын апам ол менің, 
Мені жақсы көреді. 
Үйретеді өлеңін, 
Ертегі айтып бер
еді.

 
6-оқушы:

Айтады ертек жан атам, 
Ақ сақалы жайылып. 
Құмарымды таратып, 
Жер мен көкті аралап 

7-оқушы:

Тосып тәтті дәмдерін, 
Мен ұйықтарда айтады 
Ертегісін, әндерін. 
Біздің үйде осындай 
Әжетайым бар менің.

 
Қазақ биі.


 
8-оқушы:

Күзде табиғат сарғаяды, 
Бірақ көктемде өркендей жарқаяды 
Адам қартайғанда ағарады, 
Ол өскен немерелерімен қайта өмірге қызығады.

 
9-оқушы:

Ауыл бар ма ақсақалсыз,анасыз 
Оның айтқан сөздеріне қанасыз 
Сөз берейік әжемізге төрдегі 
Тағылымнан зор ғибрат аласыз. 
Аман болсын басыңыз, 
Ағармасын шашыңыз 
Шөбере сүйіп әлі де 
Жүзге жетсін жасыңыз.

 
10-оқушы:

Қартаймай жүрсін қарттарым, 
Көгерсін кірсіз көңілдер 
Елемей тірлік ақпанын 
Жасара берсін өмір –жер.

 
11-оқушы:

Мені жақсы көреді 
Күнде күліп жүреді 
Көп ертегі біледі 
Маған айтып береді 
Өскенде міне ал енді 
Аралаймын әлемді 
Сыйлық әкеп әжеме 
Таңғалдырам бар елді.

 
Қорытындылау.

 
Қарттар күні мерекесі – ерекше мереке.Аяулы аталарымыз бен әжелерімізді сыйлау,құрметтеу,қорғау біздің және келешек ұрпақтың яғни сендердің бірінші парыздарың.Сапалы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты,ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі