Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Қарттарым-қазынам!”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Қарттарым – қазынам»  




Мақсаты: Балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, халқымыз- дың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан нәр алуға, сақтай білуге тәрбиелеу. Балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу ,сұрақ-жауап, тақпақтар айтқызу, жапсыру жұмыстарын орындау. 

Көрнекілігі:  Нақыл сөздер.

Тәрбиеші: 

-Балалар, қанекей бәріміз жылулық шеңберіне тұра қалайықшы.

Шаттық шеңбері:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Тәрбиеші: 

-Мемлекетіміз 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 - қазан қарттар күні деп есептеуге қаулы шығарды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. 

Балалар мен сіздерге жұмбақтар жасырайын сіздер шешуін табыңыздар. Бұл кім екен.

1-жұмбақ

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

Ол кім? 

(Ата)

2-жұмбақ

Аймалайды «Күнім» деп,

Мейірімді жүзі кулімдеп.

«Тәтті-ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? 

(Әже)

Тәрбиеші: 

-Дұрыс айтасыздар, сіздерді үнемі еркелетіп жүретін аталарың мен әжелерің. Бүгінгі мереке сол қарттарымызға арналған. Ендеше мына тақтадағы суретке назар аударыңыздар. Суретте кімдер бар? Төрде кім отыр, немен шұғылданып жатыр? Сол туралы айтып, әңгімелеп беріңіздер.

Сурет: «Отбасы мүшелері»

(тақтаға дастархан басына жиналған отбасы мүшелері суреті ілінеді)

Балалар әңгіме құрастырады.

Тәрбиеші: 

1.Қариялар – ақылды дариялар. Сіздер оларға құрмет көрсетесіз бе? Өзіңдеріңіз қарттарды қалай құрметтейсіз?

Балалар жауабы:

-Иә біз оларды сыйлаймыз, айтқандарын тыңдаймыз, жол береміз, құрмет тұтамыз.

2. Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Сен не істер едің?

Балалар жауабы:

-Барып сөмкелерін алып көмектесемін.

3Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Сен неғыласың?

Балалар жауабы:

-Амандасамын, хал-жағдайын сұраймын.

(Балалар жапсыру жұмыстарын орындайды)

Тәрбиеші:

-Жапсыру жұмыстарын ойдағыдай орындап шықтыңыздар, өте тамаша. Міне бүгінгі біздің «Қарттарым – қазынам» - атты қарттар күніне арналған ұйымдастырылған оқу қызметімізде аяқталып қалды. Сіздерге оқу қызметі ұнадыма, біз кімдер туралы әңгімеледік?

Балалар:

-Ұнады, біз ата-әжелеріміз, үлкен адамдар туралы әңгімеледік.

-Үлкендерді сыйлау керек деп айттық.

-Сурет бойынша әңгіме құрастырдық.

-Дидактикалық ойын ойнадық.

-Жапсыру жұмысымен шұғылдандық.

Тәрбиеші:

-Бүгінгі іс-шараға өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңіздер. Бәріміздің де отбасымызда қарттарымыз аман-сау болсын .













































Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»  










Мақсаты: Балалардың ана тілінің және өзге ұлт тілдерінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері. Суреттер.Нақыл сөздер.
Әдіс - тәсілдер: Аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды.

Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн екен. Біздің іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті. Олай болса алдымен амандасып алайық.
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз, Кәне бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын
Аспанымыз ашық болсын
Деніміз сау болсын
Еліміз тыныш болсын
Досымыз көп болсын
Балабақшамыз жайнай берсін
Нанымыз көп болсын
Тәрбиеші: Иә, балалар осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Балалар, бір аптада неше күн бар?
Балалар: Жеті күн бар
Тәрбиеші: Аттарын атап айтайықшы?
Балалар: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: Үш айдан
Тәрбиеші: Аттарын атап айтайықшы?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша
Күз мезгілінің ерекшеліктері күн суытады, адамдар жылы киіне бастайды, ағаштар жапырағы сарғаяды жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Біз бәріміз бір - бірімізбен қазақша сөйлесеміз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 1998ж 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні мерекесі болып аталып келеді. Біздің Республикамызда 120 - дан астам әр ұлтың ұл - қыздары тату - тәтті ынтымақтастықпен жемісті еңбек етеді.
Тәрбиеші: Кәне, балалар біз мемлекетіміздің әнұранын айтайық.
Балалар: Ән ұран орындайды.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,ендеше бүгінгі ашық оқу қызметімізді аяқтайық,өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!














































«Балаби» балабақшасы ЖШС











Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан!»

«Сұңқар» мектепалды тобы







Өткізген:Жұматаева Г.Қ











«Балаби» балабақшасы ЖШС











Тақырыбы: «Қарттарым- қазынам»

«Сұңқар» мектепалды тобы









Өткізген:Жұматаева Г.Қ



2025-2026 оқу жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12