Қарттарым,аман сау жүрші

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттарым,аман сау жүрші

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға керек.Оқушыларға 1 қазан-Қарттар күні екенін түсіндіру.Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттырып,,үлкендерді сыйлауға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Қарттарым, аман-сау жүрші"

Мақсаты:Оқушыларды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт дәстүрінен нәр алуға. Иннабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, 1-қазан қарттар күнінің маңыздылығын меңгерту. Қарияларымыздың ақыл – өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекілігі:

Суреттер, нақыл сөздер

Барысы:

1-жүргізуші:  

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тиым қояды. Бұның бәрі тәрбие.

2-жүргізуші: 

Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда біздің сүйікті ата-әжелеріміз қонақта. Олар сіздерге бар мейірімін, бар ықыласын төгіп келіп отыр. Хош келдіңіздер!

1-жүргізуші:  

Халқымызда «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бала дегенің бал екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жәй ғана,

Демесең де жат, бөтен.

Нағыз балаң ойласаң,

Немере екен, тәтті екен, –

Кербез:

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз – дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ата салты – ардақты

Сол сөздерді ұқпасақ,

Тістерсің бір күн бармақты, –дегендей,  қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.Міне, балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.

Дамира

Жақсылық берер бізге көзі деп,

Қазыналы қарияның өзі деп.

Пір тұтамыз ерекше жан сіздерді

Себетұғын бойымызға нұры кеп.

Мен қарапайым қарттарды сүйемін,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт не біледі?!

Бабалардың баласы – қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Ләззат

Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Адия

Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне

Бірі күтіп әнекей жағада тұр.

Рауан

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Шымыр

Қағыс естіп қалбақтайды баладай,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттың келер аяңдап.

Думан

Өткен менен кеткенді,

Көп жасаған қарт білер.               

Ауылыңда қартың болса,

Жазып қойған хатпен тең.

Санжар

Жер бастырмай баласын ,

Желкесіне мінгізген .

Өсіріп ар санасын,

Аталығын  білгізген.

Кербез:

Кеше ол да дәл сендей,

Жас болғанын ұмытпа .

Дүние кезек  құрбылар.

Қартардың көңілін суытпа .

Қорытынды сөз:Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,

мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер. Қарттардың алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

 










Мен қарапайым қарттарды сүйемін,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт не біледі?!

Бабалардың баласы – қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2018
719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі