400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты қарттар күніне арналған мерекелік шара сценарийі

Өткізілетін күні: 30.09.2016ж

Өткізілетін жері: Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы

Өткізілу формасы: дөңгелек стол



Мақсаты: жастар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, ата-бабасын ұмытпай сақтау үшінжәне салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

Аппақ шашың күн сайын қыңқылдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер.


Ән: «Папурри» орын. Өсербай Өмірсерік


Жүргізуші: «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» деп дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя-шынында да, қазыналы, берекелі жанұя.

Бүгін қонақта ауданымыздың мәдениет пен салт-дәстүрін жаңғыртып келе жатқан «Ақ әжелер» клубы, саналы ғұмырын білім мен тәрбие жолына арнаған ардагер ұстаздарымыз Шырынкүл Маханбетиярқызы, Зейнеп Тоқтарқызы, Зәуре Башайқызы, Бақыт Күзенбайұлы ортамызда.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Асылбек Байжұмаға береміз.



МАРАПАТТАУ

  1. «Ақ әжелер» клубы марапатталады

  2. Ұзахбаева Шырыкүл Маханбетиярқызы

  3. Латипов Бақыт Күзенбайұлы

  4. Мухамажитова Зейнеп Тоқтарқызы


Ән: «Қарттарға тағзым» орын.Аманғалиев Жанат


Сұрақтар:

1.Апа қазіргі жастардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

2.Өнегелі сөз,өсиеттер айтасыз ба? Әлде оны тыңдайтын бала жоқпа?

Көбінесе компьютер алдында отырама?

3.Қыз бен ұл тәрбиесінің айырмашылығы неде?

4.Сіздердің бала күндеріңіз екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа тұс келді.Сол кездегі қариялардың тыныс тіршілігі жайлы айтып береңіздер.

5. Қазіргі қоғамдағы қарттар үйінің көбеюіне не себеп?

6.Қазіргі таңда салт-дәстүр, әдет-ғұрып сол бұрынғы уақыттағыдай толыққанды ұйымдастырылып жатырма?


Жүргізуші: «Төрінен қарт кетпесін» дейді дана халқымыз жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың берілген беліне сүйеу болу-біздің ата дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңізді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

«Бала өсіргің келсе, ізетті»-деп !Әбу Насыр Әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға халық қазынасы саналатын, қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.


Ән: «Халық әндерінен папурри» орын. «Ақ әжелер» клубы












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі