Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қарттарын қастерлеген, ел ардақты"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Қарттарын қастерлеген, ел ардақты
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай
білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден
ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған
плакаттар
Барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн
бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер
мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мектеп оқушыларының
қатысуымен 1 қазан - Қарттар күніне орай
ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты кездесу кешіне қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
Мерекеңіз құтты болсын
ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы,
келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі
кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл
аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір
кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың
арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын
Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол
ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың
үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр
тілейміз.
Жүргізуші:
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге
арнаймыз»
Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.
1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы
әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4-оқушы:
Дүниеге келер бір рет,
Дария- кеуде, тас мүсін.
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым, аман- саумысың?
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман- сау
жүрші
5-оқушы:
Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,
Тірек болар бір- біріне қайда да.
Үлкендері-кішілерге қамқоршы,
Ал кішісі- үлкендерге көмекші.
Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,
Араластыр ерте бастан еңбекке.
Өз ұрпағың болсын десең бақытты,
Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.
Жүргізуші:
Ата-әжем мақтанышым менің
де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің
де.
Ән: «Ақ әжем»
Жүргізуші:
Ақиқатты айқындап
жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып
қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке
шашулары.
Би:
Жүргізуші:
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Сұрақтар
:
1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?
2.Баладан немерені тәтті дейді сол распа?
3. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз не?
4. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?
5. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?
6. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?
7.Жастарға айтар тілегіңіз қандай?
Ән: «Ата әжеге мың алғыс»
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз
айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында
қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі
мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп
сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар,
қадірлеңдер
Дүниеге келер бір рет,
Дария- кеуде, тас мүсін.
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым, аман- саумысың?
Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым, аман- сау жүрші деп сайын
даламыздың қазына қарттарын Сағи ақын жырла-ғандай, қашанда
төрімізден қарт-тарымыз кетпеген халықпыз - ғой. Дәстүр бойынша 1
қазан бүкіл әлемдік қауымдастық Халық-аралық қарттар күні деп
аталады. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне
шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін
күн болып есептеледі.
Қарт дегеніміз - ағып жатқан
дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса,
қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың
өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің
қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау,
оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз.
Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері,
тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын
қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған,
олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып
отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жері бір береке ғой,
шіркін! Сол кісілердің арқасында осындай тыныш заманда өмір сүріп
отырғанымызды кейінгі ұрпақ білсе деген ізгі тілегім бар. «Өткен
менен кеткенді көп жасаған қарт білер» демекші, кешегі Ұлы Отан
соғыс жылдарында, сонау ел басына қиын- қыстау күн туып, «ер
етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран уақыттарда
халықтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бастарын бәйгеге тігіп,
өлім мен өмірдің ортасынан елін, жерін, тілін, дінін, салт-
дәстүрін болашақ ұрпағына аман-есен жеткізді, біз, яғни жас ұрпақ
сол үшін де қарыздармыз. Қарттарын ерекше құрметтеп,
ардагерлерімізді ардақтаған елдің баласымыз. Абыз ақсақалдар
дегенде ең алдымен кешегі Майқы би, Бұхар жырау, Төле, Әйтеке,
Қазыбек билер мен дана Абай есімізге түсері анық, олардың даналығы
бір ауыз сөзімен дүйім жұртқа төрелік айтып, елді аузына қаратқан
ақсақалдардан кенде болған емеспіз.
Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында
сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері - батасыз, анасыз үйлері -
панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық,
төрімізде отыруының өзі бір бақыт. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с):
«Аллаһ разылығы - ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың
ашуында жатыр», - деген. Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне
жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмі
Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд- шоу, буклеттер.
2. Қанатты сөздер: «Қарты бардың- қазынасы бар»,
«Ата- анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің»
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! қадірлі қонақтар !
Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Бүгінгі «Қарттарым- асыл қазынам» атты кездесу кешіміз ашық деп жариялаймыз.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Психологиялық тренинг. 10 сынып оқушылары.
Бақытты отбасы- келешек кепілі,
Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-
Әрқашан үлкендердің міндеті.
-Сөз. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы, бас маман Жанболаттегі Ерсұлтанға беріледі.
-Көркем сөз. «Қара шал» оқитын Жанболттегі Іңкар 8 сынып оқушысы.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.
— Сөз кезегі ардақты да, аяулы Жұрқабаева Назым әжеге беріледі.
ӘН. «Асыл әжем» орындайтын: Абдірашитова Ақтөре 11 сынып оқушысы.
Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,
Тірек болар бір- біріне қайда да.
Үлкендері-кішілерге қамқоршы,
Ал кішісі- үлкендерге көмекші.
Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,
Араластыр ерте бастан еңбекке.
Өз ұрпағың болсын десең бақытты,
Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.
-Оқушылардың бүгінгі қадірлі қонақтарға арнауы. 8 сынып оқушылары.
-ӘН. «Апатайым, анашым» орындайтын 1 сынып оқушысы: Темірханова Ақгүлім
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар
-Сөз ардагер ұстаздар Бижанов Әлібек ағай мен Исаев Амангелді ағайға беріледі.
ӘН: «Әке туралы жыр» орындайтын Тұрмағанбетова Аружан 5 сынып оқушысы.
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
-Сөз кезегі ардақты да ардагер ұстаздар Шүкірова Хадиша апай мен Кенжеғұлова Күлан апайға беріледі.
-ӘН: «Анашым» орындайтын Қабылова Жансая 2 сынып оқушысы.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр.
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі
-Сөз ауыл имамы Мүсілімов Қыдырқожа атаға беріледі.
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.
Аса құрметті ардагер ұстаздар, қариялар! сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.
-Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.
Қорытынды сөз мектеп директоры: Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлына беріледі.
Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!
Сұрақтар :
1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?
2. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз не?
3. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?
4. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?
5. Ауылдағы үлкен мешітке ауыл қарттары неге аз барады? Мектеп жасындағы балаларды мешітке барып, жұма намазға баруға ықпал ету үшін қандай шаралар жүргізіп жатырсыздар?
6. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?