400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасыныңәскери құрылымдарның жалпыәскери жарғылары туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 10«А»

Сабақтың тақырыбы: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасыныңәскери құрылымдарның жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін үйрету.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.

Өткізілетін күні

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға ра-порт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. Патриотизм дегеніміз не? Жауынгерлердің интер-националистік қасиетін қалыптастырудағы патриотизмнің рөлі қандай? Жауынгерлерді патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеудің жолдары қандай? ҚРҚК түрлері мен міндеттері туралы айтың -ыз. ҚРҚК қандай әскери оқу орындарын білесіндер?

б) Негізгі бөлім – 30 минут. . ҚРҚК Жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндег әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, өз ара қарым-қатынастары анықталады. Әскери жарғыларға Ішкі қызмет Жарғысы, Тәртіптік Жарғы, Гжәне Ққ Жарғысы, Саптық Жарғы жатады. ҚРҚК әскери жарғыларын ҚР Президентінің 2007 5.07 №364 Жарлығымен бекітілген. ҚРҚК өмірі мен қызметі әскери жарғылар болып табылатын нормативті-құқықтық құжаттармен қатаң түрде белгіленеді. Ол әскери өмірмен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді:әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндет терін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін ұйымдастыру тәртібін; ішкі, горнизон-дық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқада арнайы қызметтердің күн тәртібін; әс-керді орналастыру, материалдық – тұрмыстық, медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметші-лердің құқығын, міндеттері мен тәртіпке жауапкершілігін; әскерилердің қызметтегі, одан тыс өз-ара қарым-қатынасын, мінез-құлқын; қатаң жарғылық тәртіпке, жоғары ұйымдастырылушылықты, әскери тәртіптілікпен ұрысқа дайындықты сақтаудың құқықтық жағы мен әдістерін реттейді.

Ішкі қызмет жарғысы әртүрлі саладағы әскери қызыметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттерін,бастықтар мен бағыныстылар арасындағы қарым-қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайлық ережелері мен жеке құрамның мінез-құлқын, яғни әскери қызметшілердің негізгі ішкі тәртіп ережелерін айқындаиды. Осы жарғы ережесіне сәйкес жеке құрам орналастырылады,

Күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерг медициналық қызмет көрсету, әскери киім кию үлгілері, бөлімненолардың сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады.

Жарғыда сондай-ақтәуліктік күзет пенішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы ҚРҚК мен басқа-

да әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, жауынгерлердің міндеттері мен армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жарялаудың түрлері бастықтар мен командир-лердің тәртіптік құқықтары баяндалған. Сондай-ақ, ол әскери қызыметшілерден келіп түскен арыз шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің (бас-тықтардың) міндеттерін де қарастырады. Жарғы ҚРҚК мен басқада әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызмет-

ті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың

және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қаты-суымен гарнизондық және басқада шараларды өткізу тәртібі айқындалады. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік

күзет пен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы ҚРҚК мен басқада әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады

Саптық жарғы әскети қызыметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен

тәртібі, саптық байқау өтізу ретін, сап алдында Жауынгерлік туды алып жүру ережелерін, сап алдындағы әскери қызыметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндай

ды. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы ҚРҚК мен басқада әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Тәртіп және әскери құқық. ҚР ҚК–н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы - әскери тәртіп болып табылады. Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді, қатаң және дәл сақтауы. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын – ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді. Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі – көз жеткізу болып табылады, бірақ өз борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:

өзін - өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;

парасатты бастамалар көтеру; әскери іс - әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы адамдар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау; командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау. ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет түрлері белгіленген. Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.

Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтінтапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде. Әскери тәртіптің ерекшеліктер:

Біріншіден: әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.

Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да сақталады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.

Үшіншіден: әскери тәртіп орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау.

Командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа тұлғаларға қарағанда кең. (Тәртіптік жарғыда қаралғандай төтенше жағдайларда бағынбайтындарға қару қолдану өкілеттілігі берілгендігінде).

Әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. (Әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін, бұйрықты орындамағаны үшін қылмысты жауапқа тартылады).

Бағыныстылардың өз командиріне сөзсіз бағынуы.

Әскери қызметшілерге қатысты пайдаланылатын шараларды қолдану үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.

Тәртіптік билік дегеніміз - командирлер мен бастықтарға әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға берілген құқығы мен міндеті.

Тәртіпті нығайту үшін командирлер мен бастықтарға берілетін құқықтық шаралар:

мадақтау шаралары; әскери тәртіпті бұзуды болдырмау шаралары; тәртіп сөгістері;

тәртіптік іс - әрекеттің қосымша шаралары. Бірде – бір әскери тәртіпті бұзушы жауапкершіліктен құтылмауға тиіс, бірақ бірде – бір кінәсіз адам жазаланбауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және айырым белгілер. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.

ҚР ҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

  • ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.

ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскериатақтарыныңтізбесі.

ҚShape1 ұрамы

Әскери атақтар

әскерлік

Әскери атақтар

кемелік

Жауынгер мен

матростар

Қатардағы жауынгер

Ефрейтор

Матрос

Аға матрос

Сержанттар

(старшиналар)

Кіші сержант


Сержант

Аға сержант

Үшінші дәрежелі сержант

Екінші дәрежелі сержант

Бірінші дәрежелі сержант

Штаб - сержант

Шебер - сержант

Екінші сатылы старшина

Бірінші сатылы старшина

Бас старшина

Үшінші сыныпты старшина

Екінші сыныпты старшина

Бірінші сыныпты старшина

Штаб – старшина

Шебер - старшина

Кіші

офицерлер

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан - лейтенант

Аға

офицерлер

Майор

Подполковник

Полковник

Үшінші дәрежелі капитан

Екінші дәрежелі капитан

Бірінші дәрежелі капитан

Жоғары


офицерлер

Генерал – майор

Генерал – лейтенант

Генерал – полковник

Армия генералы

Контр адмирал

Вице адмирал

Адмирал

Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.

Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.

Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.

Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».

Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.

в) Қорытынды бөлім – 5 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар:

ҚРҚК мен басқада әскерлер және әскери құрылымдардың жалпы әскери жарғыларына түсініктеме беріңдер.

Әскери қызметшініңқұқығы мен міндеттері қандай?

Әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?

Әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.

«Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және оләскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?

  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

  • бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

Сабақты қортындылау, бағалау. Үйге тапсырма беру.


АӘД пәні оқытушы

ұйымдастырушы: ________________Утебаев Н.А





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі