«Бұлақ
жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Қарым-қатынасқа
түсуді үйренеміз»
ТРЕНИНГ
Психологы:
Тунгатарова М.С
2017
– 2018 оқу жыл
Тренинг
тақырыбы:
«Қарым-қатынасқа
түсуді үйренеміз»
Тренинг
мақсаты:
мінез-құлық
стереотиптері мен эмоционалды жауап
қайтарудағы бұрмалауды жою, баланың
өзінің құрдастарымен толықтай қатынасқа
түсуі, «Мен» бейнесінің үйлесімі.
Тренингтегі
құрал-жабдықтар: А4
қағазы, қалам, үлестірмелі
смайликтер, жіп.
Тренинг
құрылымы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің
мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ.
Негізгі бөлім.
а) «Есім және қимыл»
жаттығуы
б)
«Молекула»
жаттығуы
в)
«Ұқсастық
шегі» жаттығуы
д)
«Мен басқаның көзімен» жаттығуы
е)
«Өрмекші торы» жаттығуы
ІV. Қорытынды
бөлім.
а) «Мен күн сәулесі астындамын»
жаттығуы
Тренингтің
жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі/
амандасу, тренингке қатысуға келгендерге
алғыс айту/
ІІ.Тренингтің
мақсат-міндеттерін хабарлау.
Тренингке
дайындық, ережесімен таныстыру.
ІІІ.
Негізгі бөлім.
1.«Есім
және қимыл» жаттығуы
Қатысушылар
шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен
алға адымдап, өз есімін айтып, қандай
да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал
қалғандары хормен аталған есімді
қайталап, жасаған қимылды орындап
шығарып салады. Ойын соңына дейін
жалғасады.
2.
«Молекула» жаттығуы
Мақсаты:
Рефлексия үрдісін күшейту, ұжымда
жағымды психологиялық ахуал орнату,
топ мүшелерінің бір – бірін түсінуге,
ұжымда тұлғааралық қарым – қатынастың
маңызды сапаларын ашу.
Шарты:
Мұнда топқа қатысушыларға жүргізуші
сандар айтып оытрады. Қатысушылар сол
санға қарай бөлініп тұра қалады. Солай
4, 6, 8, 5, 13 деп айтады.
3.
«Ұқсастық шегі» жаттығуы
Шарты:
Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз
беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына
қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің
ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне
жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт
беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін,
жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын
оқып, өз ойларын айтады.
4.
«Мен
басқаның көзімен» жаттығуы.
Нұсқау:
Тренер алдыңғы жаттығуда алынған
автопортреттерді кезекпен оқиды.
Қатысушылар кімнің портреті екендігін
табу керек. Табылған портрет иесі
ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу
шарты: Портрет иесіне өзінің беті
қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар
ол жайында қандай пікірде екенін айтады.
Өзін басқаның көзімен қандай екенін
анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен
сәйкес келген қасиеттері тұсына «+»
белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген
жақтарын беттің 2-ші жағына жазып,
автопортретін толықтыруна болады.
Рефлексия:
кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан
басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын
шеңбер бойынша айтқызу.
6.«Өрмекші
торы» жаттығуы.
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға
барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп
басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу
керек.
Жаттығу
шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан,
әр кім 1-ші өзінің достарына айтар
тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын
білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек
тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол
ізбен достарының бойына қажет емес
қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті
жию.
Рефлексия:
Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз
ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың
мақсаты да сол, сын түзелмей, мін
түзелмейді
ІV.
Қорытынды бөлім.
а)
«Мен күн сәулесі астындамын» жаттығуы
Бір
парақ қағазға шеңбер сызып ортасына
«Мен» деп жазасыңдар.Сол шеңберден
сызықтар тарап әр сызыққа сенде бүгінгі
күні қандай эмоция түрлері басынан
кештін соны жазасыңдар.
в)
тренингке қатысушыларға рахмет айта
отырып, тренингті аяқтау