Қарым
- қатынасты нығайтуға арналған тренинг
- жаттығулар.
1.
Сәлемдесу
2 «Өрмекші торы» жаттығуы
3.
«Ақ парақ» жаттығуы
4. «Жартастан
өту» жаттығуы
5. «Ашулы шарлар»
жаттығуы
6.«Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы.
1. Сәлемдесу
Нұсқау:
Оқушылар өздерін таныстыру барысында,
өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып
өту. Мысалы: Менің атым – Шыңғыс. Мен
сурет салуды, күреске қатысқанды жақсы
көрем.
2.«Өрмекші торы» оқушылармен
еркін қарым - қатынас жасау мақсатында
жүргізіледі.
Нұсқау: Қатысушылар
шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы
қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса,
сонымен аяқталып өрмек жиналу
керек.
Жаттығу шарты: Топта бір -
біріне әр кім 1 - ші өзінің айтар тілегін,
қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп
жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды.
2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен
достарының, адам бойына керек емес қажет
емес қасиеттерін, қылықтарын айту.
Өрмекті жиып шығады.
Рефлексия:
Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз
ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың
мақсаты да сол, сын түзелмей, мін
түзелмейді – дегендей, айтылған ескертпе,
сындарды түзете білейік.
3.«Ақ
парақ» жаттығуы
Мақсаты: ұжымда
ауызбірлікпен жұмыс істеуге
бағыттау.
Оқушыларды екі топқа бөліп,
тапсырма беру. 1 – ші топқа қағазды
жырту, ал 2 - ші топқа қағазды бірнеше
жерінен тесу беріледі.
Нұсқау: берілген
ақ парақтар бойынша, қандай жағдаяттарды
немесе аңыздарды айтуға болады. Айтылатын
ойды дәлелдеп беру керек.
Кері
байланыс: Қағазды жыртқан және шұрқ
тескен кезде қандай ойда болдыңыз?
4.
«Жартастан өту» жаттығуы
Мақсаты:
Оқушылардың өзара қарым - қатынасын
бақылау.
Нұсқау: Оқушылардың барлығы
бір қатарға тұрады. Олар жартастар
болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады.
Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі
қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды,
деген нұсқау беріледі.
Кері
байланыс: Жартастан өту қиын болды
ма?
Достарың жартас болып көмектеспей
тұрғанда қандай күйде болдыңыздар?
Көмек
көрсеткенде қандай сезімде болдыңыздар?
5.
«Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты:
бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа
шығару.
Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп,
бір, екеуін жару. Бір, екі шардың желін
жайлап шығару.
Кері байланыс: Не
сезіндіңіздер? Не байқай алдыңыздар?
6.«Сиқырлы
қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар
шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы
қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға
жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу
шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен
бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған
сөзді лайықты деп санаған адамға
сыйлайды.
Рефлексия: сонымен,
қоршаған орта да осы қасиетке сізді
лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет
көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!