Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым- қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қарым-қатынас»


Мақсаты:

1. Білімділік: студенттерде қарым-қатынас, қарым-қатынас механизмдері, түрлері туралы білімдерді қалыптастыру;

2. Дамытушылық: қарым-қатынас стратегиясын және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін ойлап табу; тұлғаның өзін-өзі реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектесу.

3.Тәрбиелік: өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы ұғым беру, өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.


Әдістер: топтық пікірталас, ойын әдістері.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі – түсті бояулар, үлестірмелі қағаздар, т.б.


Ұйымдастыру кезеңі: студенттер алдын-ала топ болып отырғызылады. (Мейірім, Қайырым, Адалдық) болып 3 топқа бөлінеді.


І. Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады).


  • Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер!

  • Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдар бір-бірімізді сыйлап, ренжітпей, көңілімізге қаяу салмай жүргенге не жетсін!

  • Олай болса, бүгінгі психологиялық тренингіміз «Тұлға аралық қарым-қатынас тренингі» деп аталады.

Бұл сабақ қарым-қатынасқа арналған. Студенттерден қарым-қатынас сөзіне анықтама беруін сұрайды. Әр студент өз ойларын білдіреді. Содан соң жүргізуші келесі сұрақтарды қояды:

  1. Біз ненің көмегі арқылы қарым-қатынас жасаймыз?

  2. Біз не үшін қарым-қатынас жасаймыз?

  3. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасауға болады ма?

  4. Қарым-қатынастың өмірге қажетінің маңыздылығына байланысты ситуациялық мысал келтіріңіз.


«Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы».

Сонымен қарым-қатынас ғылыми тілмен айтқанда – бұл екі немесе бірнеше адамның өзара қарым-қатынасы, яғни олардың арасындағы ақпаратпен алмасу. Қарым-қатынас нәтижелі немесе нәтижесіз болуы мүмкін. Бұл тек қоршаған ортаға ғана байланысты емес, бірінші кезекте өзімізге байланысты.

Қарым-қатынастың түрлері:

  • вербалды қарым-қатынас – сөз арқылы қ-қ-с жасау;

  • вербалды емес қарым-қатынас – ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы;

  • жанама қарым-қатынас – хат, смс, телеграмма, интернет, телефон, факс;

  • іскерлік қарым-қатынас - әлеуметтік рөл бойынша қ-қ-с.

  • Компромисс дегеніміз не? Қалай түсінеміз?

  • Компромисс – ымыра, мәмілеге келу.


ІІ. Амандасу рәсімі. «Достық торы» жаттығуы.

Мақсаты: топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуалды құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқымажіпті бір саусағымен іліп алып, өзі қалаған қатысушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық торы» пайда болады.

Талқылау:

  • Сіздерге бір-біріңізге жылы сөздер айту оңайға түсті ме?

  • Сізге жылы сөздер айтқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Бұл жаттығу сіздерге қандай әсер қалдырды?


ІІІ. Бой жазу. «Теңіз жағасында»

Ыңғайланып отырыңызда көзіңізді жұмыңыз. 3 рет дем алыңыз. Өзіңіздің ішкі тыныштық нүктеңізді табыңыз. Ондай орын сіздің жаныңыз, сіз онда тынышта жайбарақат күйге енесіз. Егер сіз жақсылап құлақ салсаңыз, онда толқындардың жағаға жайлап ығысқанын, су гүрілін естисіз. Біраздан кейін толқындардың кейін жылжығанын, онан кейін жағаға ығысқанын естисіз. Теңіз толқынының ырғағы бір қалыпты. Толқындар теңіз жағасындағы құмды тегіздегендей, сіздің ақыл ойыңызды тыныштандырады және айқындайды. Сіз өзіңіздің теңіз жағасында отырғаныңызды елестетіңіз. Сіздің отырған жеріңіздің құмы құрғақ, жұмсақ, майда. Жан-жағыңызға көңіл аударыңыз. Сіз жағада жалғыз екеніңізді байқадыңыз. Күн ұясына батып барады да аспан сары, қызыл, қызғылт түстерге боялды. Кеудеңізге көбірек ауа толтырып, теңіздің тұзды иісін сезініңіз. Теңіз ауасы таза және дымқыл. Сіз шағаланың дауысын естисіз.

Өзіңізге маңызды сұрақ қою үшін сіз теңіздің тыныштығын пайдаланасыз. Қазір сіз өзіңізді жайбарақат сезінесіз. Өз сұрағыңызға қарапайым да түсінікті сөздер табыңыз. Сіз өз сұрағыңызды жайлап айтып жатқанда, теңізге қарап теңіздің сізге жауап беруіне дайын болыңыз. Мүмкін толқынның жағаға ұрғанын естірсіз, мүмкін теңіз сізге бір сурет немесе бейне көрсетер. Мүмкін сіз дұрыс жауапты табуға көмектесетін өзіңіздің бойыңыздан бір күшті сезінерсіз. Өз сұрағыңыздың анық та, түсінікті етіп құралуына теңіз көмектесер.

Енді сіз жаныңыздың түпкіріндегі тыныш та, жайбарақат орныңызбен танысып кез келген уақытта маңызды мәселеңізді ойларда сіз осы орынғы келе аласыз. Қазір сіз осы орынмен қоштасып, сыныпқа жайлап келдіңіз. Енді көзіңізді жайлап ашыңыз да, жақсы көңілмен осында қайтыңыз.

  • Студенттерден қандай күйде болғанын сұрау.


ІV. «Миға шабуыл».

  1. Адамдар не себепті ренжіседі? Кикілжінге барады?

  2. Ұжымыңыздағы қарым-қатынасқа көңіліңіз тола ма?

  3. Кикілжің дегенді қалай түсінесің? Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы туралы не ойлайсыз?


V. Рөлдік ойын.

Кейде отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік орындарда түсініспеушілік, кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын және болдырмаудың жолын тауып көрейік.

3 топ, әр топта 4-5 адамнан болуы керек. Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.


Ситуация:

  1. Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз.

  2. Сіз көптен көрмей кездестіңіз, бұдан бұрын сіз онымен жақсы қарым-қатынаста емес едіңіз. Осындай кездесуді көрсетіңіз.

  3. Бала кезде сіздер нағыз жақын дос едіңіздер. Сіздің біреуіңізді ата-анаңыз бір жылға басқа қалаға алып кетті. Бір жылдан соң сіз алғаш рет кездестіңіз. Осындай кездесуді көрсетіңіз.

  4. Сіздің қарсы алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштысыз...


Талқылау:


  1. Сіз осы кісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  2. Кездескендегі алғашқы сұрағыңыз қандай болар еді?

  3. Қуанышты жүзіңізді көрсету оңайға соқты ма?


VІ. «Жаңғақтар» жаттығу.

Мақсаты: Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынас жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу. Жетекші әрқайсына пакеттен бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет (оған белгі салуға болмайды). Бір минуттан кейін барлық жаңғақтар пакетке қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып шеңбердің ортасына төгеді және әрқайсысына өз жаңғақтарын тауып алуды сұрайды.

Жаттығуды орындағаннан кейін грек жаңғағымен адамдар арасында олардың ұқсастығына тексеру жүргізуге болады. Ол да басқалар да үйінде де алғаш қарағанда бірдей, ал ерекшеліктерін көру үшін уақыт жұмсау, араласу, қарау керек.

Жаңғақтың құндылығы, оның ішінде орналасуымен байқалады. Жаңғақ өте адемі болуы мүмкін, бірақ іші мүлдем бос болуы мүмкін және керісінше.

Сондай жағдай адамдарда да болады, сондықтан адам туралы қандай да бір ішкі ерекшеліктер бойынша кінә тағуға немесе шешім шығаруға асығуға болмайды.

Жаңғақтың қабығы өте қатты және ол оған ішкі қабатын қорғау үшін қажет. Көптеген адамдар да көбіне өзін қауіпсіз сезіну үшін қабықтың астына тығылуда және басқаларға тез ашылмайды. Қарым-қатынас жасау данышпанында осыны есте сақтаған жөн.


Талқылау:

  • қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленді?


VІІ. Бейнеролик «Мейірімділік аясы».

Мақсаты: Адамдарды қайырымды, мейірімділікке шақыру бір-біріне қолдау көрсету.

Талқылау: Адамдар бір-біріне қолдау көрсету керек пе?



VІІІ. Психологиялық кеңес «Есінде жүрген жөн болар...»

  1. Адам өмірге бақытты болу үшін келеді, өмірдің мәні соған жету.

  2. Шешілмейтін мәселе жоқ, тек оны уақытында ақылдаса отырып шешуге тырысу керек.

  3. Кемшіліксіз адам болмайды, өзінің кемшілігін мойындау – ол да ерлік.

  4. Біреудің қатесін көргеннен гөрі түзетуге көмектес – бұл сенің нағыз адамгершілік қасиетің.

  5. Айналаңа жақсы ой ойлап, жақсылық тіле!


Рефлексия «Көңіл-күй алаңы»


Мақсаты: Бүгінгі алған тренингтің соңында қатысушылардың көңіл-күйін анықтау мақсатында үлестірмелі қағаздар таратылады. Қатысушылар өз ойларын ортаға салады.


Қорытындылау:

Қарым-қатынс деген не? «Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі, ал егер сен жыласаң сен жалғыз жылайсың», «Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық» - деген нақыл сөздермен және Тоқтар Серіковтың «Достарыма» деген әнімен бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.01.2019
862
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12