БҚО,
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
№3
жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Педагог-психолог:
Губайдуллина Алмагул Мейрамгаликызы
«Қарым-қатынас
жасай білу-үлкен өнер»
(
тренинг-сабақ)
Тренинг
мақсаты:
тренингке қатысушыларға айналасындағы
адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі
қалыптастыру барысында ұмытылысын
дамыту, өзін-өзі тану қабілетін, өзін-өзі
дамыту жолында мақсат қойып, оны орындау
мен жеке тұлға ретінде өсуін дамыту.
Қажетті
құралдар:
тренинг ережесі, магнитофон, жай әуен,
ақ парақ пен қалам.
Тренинг
барысы:
Әрбір
адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте
мәнді, мағыналы, маөмұнды өтуі үшін
«қамшының ғана сабындайй қысқа өмірде»
адамдардың бір-бірімен сыйластықта
болғанына не жетсін?
Олай
болса, бүгінгі тренингімізді арамыздағы
жақсы қарым-қатынасқа арнаймыз. Адамның
қарым-қатынас ең алдымен оның көңіл-күйіне
байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі
дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның
айнасы.
Ал,
қанекей құрметті оқушылар, барлығымыз
алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді
түсірейік. Адам мен табиғат үқсас, егіз
ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз
табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде
шайдай ашылады, бірде жауындатады,
бірде түнереді. Табиғат құбылыстарымен
байланыстыра, қағаз бетіне түсірейік.
Қарым-қатынас
жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден
мәлімет алады, жан-дүниесі кеңейеді,
білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас
жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне,
біліміне, тәрбиесіне байланысты болады
десек артық емес. Ендеше, қарым-қатынасқа
түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер
жасайық. Қолдарымыздан ұстап атымыздың
бас әрпін сын есіммен тіркестіріп
айтамыз. Мысалы, қажырлы Қайрат, көрікті
Кәмшат.
«Екі
шындық және бір өтірік» ойыны.Сіздер
қазір екі шындық және бір өтірік
айтасыздар. Мысалы, менің атым Миргүл.
Мен осы мектептің жобасын жасаған
белгілі архитектормын. Және мен
балмұздақты ұнатамын. Әрі қарй
жалғастырамыз.
Кейде
отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік
орындарда түсініспеушілік, кикілжің,
ерегес жағдайлармен бетпе-бет кездесіп
қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын,
кикілжіңді болдырмау, одан шығу долдары
бар ма, сол тұрғыдан жұмысымызды
жалғастырайық.
«Карусель»
ойыны.
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1-ші топ ішкі,
2-ші топ сыртқы болып бөлінеді. Әрбір
топқа мен белгілі бір рольді берем.
Сендер соны тез арада 2-3 минутта
көрсетулерің керек. Мысалы:
-
Сіздің қарсы алдыңызда өзініз жақсы
танитын, бірақ, едәуір ұзақ уақыт бойы
көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге
қуаныштысыз...
-
Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам
тұр. Онымен танысыңыз...
-
Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала
тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап
барыңыз және жұбатаңыз.
-
Ұзақ көріспеуден кейін сіз сүйіктіңізді
кездестірдіңіз, із бұл кездесуге өте
қканыштысыз...
«Кім
екенін тап » ойыны.
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,
өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.
Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы
керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді
мен жинап алып, араластырып, таңдап
алып, арасынан оқимын. Сіздер кім екенін
табасыздар.
Аутогенді
жаттығу жасау.
1.
Ыңғайлы отырып, көзді жұмып, терең дем
алыңдар.
2.
Төбелерің алтын нұрға бөленіп тұрғандай
елестетіңдер. Терең , баяу дем алып,
демдеріңді сыртқа шығарыңдар. Бар
зейіндеріңді жарқырап тұрған төбелеріңдегі
күнге аударыңдар.
3.
Мойындарыңа зейін қойып, ол да алтын
нұрға бөленіп тұр деп ойлап, сол алтын
нұрға зейін салып, 5 рет баяу тыныс алып,
демдеріңді сыртқа шығарыңдар.
4.
Алдың ақ нұрға бөленіп, кеудеңе шуақ
шашып тұр деп ойлап, өзіңді сағым арасында
, жайқалып гүлдердің ортасында жүрмін
деп елестете отырып, деміңді сыртқа
шығар. Өзіңе «Қазір мен көзімді ашқанда
өзімді сергек сезінемін», - деп 2 рет
қайтала.
Бейне
сурет (Суреттер слайд түрінде көрсетіледі)
Адамдар
қарым-қатынаста кейбір қиыншылықтарға
кездеседі. Қиын қарым-қатынас адамдарының
өзара түсінбеушілік жағдайында шынайы
байқалады. Адамдар арасында келіспеушілікті
болдырмау үшін,екі жақ өзара татулыққа
келуі тиіс. Соған байланысты тұрмыста
болатын әр түрлі кикілдіңді жағдайлардан
қалай шығуға болатынын ойланып, жауап
беріп көріңдер.
Көңіл-күйді
бейнеле.
Берілген
сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді
бейнелеңдер:
1.
Ойланып тұрған адамның бет -әлпет
кескіні;
2.
Ренжіп тұрған адамның бет-әлпеті;
3.
Қайғылы адамның бет-әлпеті;
4
Ашулы адамның бет-әлпеті;
5.Таңданған
кейіп көрсету;
6.
Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті;
7.
Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті.
Қорытынды.
Сабаққа
қатысушылар тренинг барысында өздерінің
алған әсерлері туралы айтады.
Сонымен,
тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам
өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа
адамдармен қарым-қатынас» деген сөзімен
аяқтай отырып, тренингімізге қатысып,
ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет
айтамыз.