жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қарым- қатынас психологиясы "
Элективті курс «Қарым-қатынас психологиясы»
Балқаш аудандық білім бөлімінің
«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
Педагог-психолог Ырымжанова Аида Каршигиевна
Мектеп оқушылары үшін коррекциялық –дамытушылық бағдарлама
Қатысу формасы: ерікті
«Қарым-қатынас психологиясы» элективті курсы тренинг және лекция түрінде жүргізілетін 11 сабақтан тұрады. Әрбір сабақ алдында нақты мақсат қояды.Бұл мақсаттар тренинг тапсырмалары,үйге берген сабақтар рефлекция арқылы ашылады. Сабақтарда психологиялық бүктемелер түрінде қосымша материалдары болады. Осы курс психологиясы-педагогикалық әдебиет және ұстаз –психологтың тәжірибесінің негізінде жасалған. Курс жүйеленіп , практикалық бағытталған.
Курстың мақсаты: Оқушылардыңмәлеуметтік –коммуникативті құзыреттілігін жоғарлату.
Курстың жасалуына жол: қызмет –құндылығы.
Таңдау бойынша курстың ұйымдастыру формасы: (мектеп іші ) жергілікті
Таңдау бойынша курстың түрі: бағдарлы.
Курстың жасаудағы өзектілік
Кун-жарық,қапас-қаранғы,бұл жасөспірімге тән полярлық күйлер. Жасөспірім өзін іздейді,құлайды,көтерліп бәрібір жүреді, айналып жүре береді. Бірде біреу қолынберіп өз көмегін ұсынады,не істеу ,қалай істеу керектігін айтып,жол нұсқайды.
Жасөспірімнің өмірі түрлі қайшылықтардан тұрады,онда оған жайлы емес,бірақ осындай өмірінің кезеңінде ол өзіне болашақ табысты өміріне бастар дербес өмірлік тәжірибе алады.
Жасөспірімнің бастаушы қызметі қарым-қатынас болып табылады,ол адамгершілік психиканы ,мәдени мінез-құлықты қалыптастырады. Бірақ оған өз білетіні және қарым-қатынаста тәжірибесі жетіспейді. Осының салдарынан жасөспірімде құрдастары арасында жиі даулар туындап , тұйықталып қалады. Өз-өзіне тоқсауыл қойып ,бөлектене береді.
Қарым-қатынасцының қарқыны ,оның мазмұнының әр түрлілігі мақсаттар және құралдар дамытутағы ең маңызды факторлар болып табылады.Адамды псикалық дамытудың үш негізі белгілері: парасаттың дамуы,адамның дамыу,сезімнің дамыу тек қана белсенді қарым-қатынаста дами алады.
Баланың гармониялық дамуының шартының бірі-оның психикалық денсаулығы ,жеке проблемасын шешуге мүмкіндік беретін,жеке басының құндылықтары мен зияткерлік дамуында ,оған ықпал ететін қолдаулар көрсетіп,коммуникавтивті дағдыларын қалыптастыруда психологиялық көмек көрсетіп,өз проблемасын шеше алатын тұлға қалыптастыру болып табылады.
Психикалық денсаулық –бұл көңіл күйдің бірқалыпты жағдайда болуы,кері әсер ететін психикалық әсер етулердің жоқтығы ,қоршаған ортаның жақсы әсері.
ұғыну және үзіліссіздік, тұрақтылық және ұқсастықтың сезімі және психикалық «Мен»;
өз-өзіне ,ісіне және оның нәтижесіне сын көзбен қарау.
әлеуметтік нормалармен ,ережелермен ,заңдармен сәйкес өзін-өзі басқаруға қабілеттілік;
өз өмірінде жоспарлар құру және оны іске асыру;
тіршіліктері ахуалдар және жағдайлардың ауысымына байлданысты мінез-құлықты өзгертуге қабілеттілік;
Әлеуметтік денсаулық –сыртқы ортаның әсерлеріне қарай бейімделу , даму, әбден жетілдіру, теңестіру, регуляция.
Балалар және жасөспірімдердің әлеуметтік денсаулығына қызмет көрсететін белгілер:
референті орталықта бейімделуі (жанұя,сынып,топ );
қызметтің бастаушы тағы басқа түрлерін меңгеру ( ойын, оқу, оқу-кәсіби)
нормативтік мінез-құлықты меңгеру;
өзін-өзі бақылау және жағдайларда байланысты мінез-құлықтың өздігінен реттелуі;
ортаға бейімделу ,қоғамға кірігу.
Жасөспірімнің жеке денсаулығы –бұл қарым-қатынас үшін басты белгі. Қарым-қатынастың әлеуметтік мағынасы ол мәдениет және қоғамдық тәжірибенің формаларынан тұрады. Қарым-қатынастың ерекшелігі бір кісінің жеке әлемі оның өмір сүру процессінде басқалар үшін ашылуымен аңықталады. Адам қарым-қатынаста өзінің жеке ерекшеліктерінен ашады және өз тағдырын өзі шешеді.
Жасөспірімге дағдылар беру керек:
іскер қарым-қатынастар –қабілеттілікті қалыптастырып жетілдіреді , білім мен дағдыны игеру қызмет көрсетеді;
жеке қарым-қатынас –адамды қалыптастырады,адамгершілік қасиеттер ,мүдде ,әдет ,нгормалар және мінез –құлықтың формаларын қалыптастырады.
заттық қарым-қатынас –қажетті заттық және рухани мәдениеттің заттарын алуға мүмкіндік береді;
когнивтивті қарым-қатынас- зияткерлік дамуды қалыптастырады;
шартқа сәйкес –қарым-қатынас –қарым-қатынастың басқа түрлерінің ықшамдауы үшін қажеттілікті құрастырады;
себеп қарым-қатынасты –адам үшін қосымша энергияның көзі;
іскерлік қарым-қатынас –дағды операцияларымен және әсерлермен тұлға аралық айырбас;
биологиялық қарым-қатынас-тіршілк функцияларының сүйемелдеуіндегі организмнің өздігінен сақтауына қызмет көрсетеді;
әлеуметтік қарым-қатынас –қоғамдық өмірдің формаларын дамыту факторы;
тікелей қарым-қатынас –оқып тәрбие алу үшін адамға керек;
жанама түрдегі қарым-қатынас –өзі үйренуге және өздігінен тәрбиеленуге қабілеттілік.
ауызша емес қарым-қатынас –адамда коммуникатив мүмкіндіктерінің дамуына және әбден жетілдіруіне мүмкіндік туғызады;
ауызша қарым-қатынас- адамның барлық дамуы негізіне жатады.
Құрстың мақсаты: Оқушылардың әлеуметтік –коммуникавтік құзырын жоғарылату.
Бағдарламаның мақсаты:
Нақты әлеуметтік –психологиялық білімдерді меңгерту.
Психологиялық мәдениеттің ортақ деңгейін жоғарылату.
Өзін-өзі толық тануда қабілеттілігін дамыту.
Әртүрлі адамдармен байланыс жасай білу.
Жасөспірімдердің белсенді әлеуметтік позициясын құрастыру және олардың қабілеттілігін дамыту ,өз өміріндегі мағыналы өзгерістері сезіну.
Іскер байланысуларға ынтымақтаса білу.
Адамдардың арасындағы қатынастардағы қарым-қатынасқа ықпал ету.
Сынды дұрыс қабылдап ,есепке алып ,сезіне білу.
Баланың өзін-өзі көрсете білуі.
Қызметтің объектісі: 9 сынып оқушылары
Қызметтің нысаны: оқушының дамуынды әлеуметтік –коммуникавтік шарттар.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың әлеуметтік- коммуникатив бейімделуі арқылы адами табысты нәтижелерге қол жеткізу.
Практикалық -бағдарлы курс «Қарым-қатынас психологиясы» бағдарламаның мазмұны:
Қарым-қатынастың психологиясы курстын жүргізуде элективті курсы үшін кішігірім дәрістер және әлеуметтік –коммуникавтік тренингтері түрінде өткізу орынды.
Әлеуметтік –коммуникавтив тренингі –бұл топтық жұмыстың белсенділігіне негізделген психологиялық әсер. Бұл адамның қарым-қатынас формалары мен коммуникативтік дағдыларын қалыптастырады.
Сабақ уақытында жасөспірімде ішкі жан-дүниесінде өзгерістер болып , білімі кеңейеді ,өзін қоршаған ортамен позивті қатынаста болып,тәжірибе жинақтайды. Олар қарым-қатынастың арқасында бір-біне деген сенімділік туады ,
Ойларын ашық білдіріп,қарым-қатынастың әр түрлі стильдерін үйренеді,белсенділікті және өмір құндылықтарын үйренеді.
Әлеуметтік –коммуникавтив тренингінің тобының мақсаты –әрбір қатысушыға өзін айқындауға көмектесу.
Өткізу формасы: Осы бағдарлама 11 сабақтан тұрады,әрқайсысы 2,2,5 сағат. Кездесу аптада 1 рет жүргізіледі. Сабақ өтетін бөлмеде қатысушылар үшін орындықтар жағалай орны –орнына қойылады.
Әрбір сабақ екі жіктен тұрады. Бірінші –тікелей тренинг жұмысы , екінші жек тренингтің өзіндік жалғасы болып табыла алатын шай ішуді құрайды.Бұл балаларды қарым-қатынаста одан әрі жақындыстырады.
Қолданылатын құралдар: топтық пікірталастар ,дәрістер,рөлдік ойындар, жұппен жұмыс,қарқынды өзара әрекеттесу.Ойын дәрістің аяғында әрбір қатысушыда психологиялық буклет пайда болады.
Аралық және ақырғы бақылаудың формасы:
(Рефлекция) Аралық бақылау ретіндеге қатысушылардың ауызша жауаптары қолданылады, дәрістің соңында негізгі күрделіктері ,
Жанашылдығы аңықталады. Бұл өз жетістіктерін сезінуге ,табыстарын арыи қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ақырғы бақылау ретінде ата-аналармен ,құрдастармен ,өзге адамдармен белсене әрекеттеседі. Жасөспірімнің белсеңді әлеуметтік позициясы туындайды.
Ақырғы бақылау үшін сауалнама жасалды:
Сен тренингтен не күттің ?
Сен тренинг кезінде жеке тұлға ретінде өзгердің ба?
Бойында қандай өзгерістер байқалды?
Топта зеріккен жоқсын ба?
Топта қорқынышты болған жоқ па?
Топта үйренгеніңді күнделікті өміріңде қоладана аласың ба?
Сен қоршаған адамдардың әрекетеріндегі ерекшеліктерді талдау оңайға түсті ме?
Сен өзіңді жақсы түсіне бастадың ба?
Сен өздігінен реттеуді үйреңдің бе?
Сен айтылған сынды дұрыс қабылдауды үйрендің бе?
Сен өз мінез –құлығынды талдауға үйрендің бе?
Сен өзіңе не тілер едің? Тренингтің басқа қатысушыларына және бастаушыға не тілер едің?
Сонымен қатар 15 шкаладан тұратын «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі қолданылған:
Әлсіз –күшті
Көнгіш –тәкаппар
Тұйық –ақжарқын
Тәуелді –тәуелсіз
Қатыгез –бауырмал
Тартыншақ-батыл
Жауапсыз-адал
Өз-өзіне сенімсіз –сенімді
Дербес –жалтақ
Жолы болмайтын –ақжолтай
Сүйкімді –сүйкімсіз
Зердесіз-ақылды
Әділетсіз –әділ
Шырқы бұзылмайтын –ашуланшақ
Сәтсіз –сәтті.
Курстың оқу жоспары
«Қарым-қатынас психологиясы»
№ |
Сабақтын тақырыбы |
Өткізу түрі |
Сағат саны |
1 |
Қарым-қатынас –бұл қажеттілік пе әлде сән ба? |
Әлеуметтік –коммуникавтік тренинг |
2,5с |
2 |
Қарым-қатынас құпиялары |
дәріс |
2с. |
3 |
Психологиялық позициялар және қарым-қатынастағы ұстанымдар |
Дәріс тренинг |
2,5с |
4 |
Менің сезімім және эмоция |
Тренинг |
2с. |
5 |
Мен қарым-қатынаста |
Тренинг |
2с. |
6 |
Психологиялық аймақтар |
Тренинг |
2с. |
7 |
Тиімді қарым-қатынас . Қарым-қатынастың тосқауылдар |
дәріс |
2с. |
8 |
Сенімділік . Манипуляция жасау |
дәріс |
2с. |
9 |
Сынашыштық
|
дәріс |
2с. |
10 |
Өздігінен реттелудің құралы және әдістері |
Дәріс тренинг |
4с. |
11 |
Мен- -өз мінез-құлығымның қожайынымын |
Тренинг |
2с. |
Барлығы 25с |
|||
Пайдаланған әдебиеттер:
Гнездилов А. В. «Терапиялық ертегілер», «Речь»-2003жыл
«Мектептегі психологиялық диагностика» әдістемелік құрал Астана ,2005жыл
А. К Исабекова «МЕктеп оқушылармен жүргізу арналған психологиялық тренингтер» әдістемелік құрал Көкшетау 2003жыл
Маралов В.Г. «Основы сапознания и развития». М. «Академия», 2002жыл.
Станкин М. И. «Психология общения». М.,2003жыл
Селевко Г. К. «Управляй собой » Народное оброзование, М., 2001жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген