400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас әліппесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге және де машықкерлерге керек деп ойлаймын,сабаққа алдын ала дайындалуыға үлкен көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Мұхит атындағы ЖОББМ

Күні:

№: 19

Мұғалімі: Қуаныш А

Сыныбы: 1а

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Қарым-қатынас әліппесі

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: бәрін жақсы көру; бауырмалдық; татулық.

Мақсаты: оқушыларға адами қарым-қатынас жасау әілппесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көрудің маңыздылығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

№19 – сабақ. «Мейірімнің күші» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Сұрақтар:

1. Адамдардың бақытсыздықтан құтылуының сыры неде?

2. Жақсылық қалай жалғасын табады.

3. Өзгелердің жақсылығы мен мейірімін қалай сезінесіңдер?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

Жақсылықтан жақсылық туады.

Мақал.

Сұрақтар:

1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

К Кірпіш

С. Жүнісов


Қаланың күнгей жақ шеті қашаннан құлазып, бос жатушы еді. Ол тұста жазды күні мал жайылатын, балалар асыр аслып, доп ойнайтын. Ал қысты күні әппақ қар басып, алай-түлей боран түтеп тұратын. Бірлі-жарым бейсауат өткен ат-шаналы жүргіншілер мен шаңғы тепкен балалардың айқыш-ұйқыш іздері ғана жататын.

Өткен жазда осы араға дүбірлетіп көп құрылысшы келді. Аспанмен тұтасқан тырна мойын жүк көтергіш крандар пайда болды. Көп ұзамай зәулім биік үйлер сап түзей бастады. Бұл ара Сәулелер тұратын ескі ағаш үйден онша қашық еместі. Бірде Сәуле терезеден осылай қарап тұрды да:

– Әке, анау үлкен-үлкен үйлер кімдікі? – деп сұрады.

– Ол үйлерді бізге салып жатыр. Біткен соң, осындағы кішкентай үйлерде тұратындар сонда көшеді, – деді әкесі.

– Ой, әке! Шын айтасың ба?

– Шын айтам.

– Розаның, Мараттың үйлері де көше ме?

– Көшеді, әрине.

Сәуле содан былай күн сайын әлгі биік үйлердің қасына келіп, қашан бітер екен деп, ынтығып бақылап тұратын болды.

Бір күні Сәуле есік алдында ойнап жүр еді, қасынан үлкен бір жүк машинасы өтіп бара жатты. Үстінде үйме етіп тиеген кірпіші бар. Бір кезде машина арықтан өте беріп еді, сақыр-сұқыр етіп теңселді де, бір кірпіш жерге түсіп қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап, айқай салды. Бірақ шофер естімеді. Аялдамастан кете барды.

Сәуле жүгіріп келіп, түсіп қалған кірпішті көтеріп алды да, машина соңынан жүгірді. Ол ентігіп, алқынып, құрылыс басына келді. Арада бір сағаттай уақыт өткенде әлгі кірпіш қабаты еңсесін көтеріп, жылдам биіктеп бара жатқан үлкен үйдің қабырғасынан өзіне құтты орын тауып, игілікке асты.

Сұрақтар:

  1. Сәуленің құрылысқа сүйіспеншілікпен қарауының себебі неде?

  2. Сәуленің әрекетінен оның бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқауға болады?

  3. Жақсы іске өз үлесіңді қосу дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Сендер жақсы істер жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.



5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық тапсырма.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: Сахналау.

І-топ: Көшеде достармен сөйлесу әдебі

ІІ-топ: Дастархан басында үлкендермен сөйлесу әдебі

ІІІ –топ: Көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесу әдебі


6. Топпен ән айту.

«Көңілді күн»

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.


Қайырмасы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.


Қайырмасы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


7. Үйге тапсырма.

№20 – сабақ. «Ақылды соқыр» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
947
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі