400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым-қатынас дағдыларын дамыту/тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерге арналған қарым-қатынасты нығайту тренингісі оқушылардың дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін қалыптастыру мен дамытуға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы Ақсуат ауданы

«М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ

Қарым-қатынас дағдыларын нығайту/тренинг

Мақсаты: оқушылардың дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту.

Қажетті материалдар: бейджиктер, кері байланыс парақтары

Уақыты: 40 минут

«Амандасу» жаттығуы

Мақсаты: психологиялық ахуал туғызу

Уақыты: 5 минут

Қатысушыларды шеңбер бойымен орналастырып, өздерінің есімдері мен есімдеріне сай қасиеттерін атау сұралады. Әр қатысушыға өзінің есімін және бойындағы қасиетін атағаннан кейін әдемі сөздер жазылған жүрекшелер салынған бейджиктер оқушылардың әрқайсысының мойнына кезекпен ілінеді.


«Сынған телефон» жаттығуы

Мақсаты: ақпараттың берілу үрдісіндегі бұрмалану мүмкіндігін демонстрациялау.

Уақыты: 10 минут.

Мазмұны: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, сағат тілінің бойымен бір қатысушы екінші қатысушының құлағына бір сөзді немесе сөйлемді айтады, екінші қатысушы әрі қарай жалғастырады. Сөйтіп шеңбер бойымен жалғаса береді. Бастапқы қатысушыдан қандай сөз немесе сөйлемнің айтылғанын, соңындағы тұрған қатысушыдан қандай сөз немесе сөйлем естігені сұралады.

Талдау: егер сіздің сөзіңіз бұрмаланған болса осыған ренжуге болама? [1, 10б.]

«Мен сені түсінбеймін» жаттығуы

Мақсаты: айтылған ойға мағына туғызуға сыртқы шудың әсерін көрнекі демонстрациялау.

Уақыты: 10 минут.

Мазмұны: оқушыларға бөлменің ішінде еркін жүріп, өзі еститіндей ойына келген кез-келген әңгімені айту ұсынылады. Одан кейін шеңбер бойынша орналасып, бөлменің ішінде жүргенде не естігендерін және кім айтқанын айтулары керек.

Талдау: кейбір жағдайларда адамдар бір-бірін түсінбейді, оларға кім кедергі жасайды? Қатысушыларға келесідей сұрақ қойылады: басқа адамдардың айтқандарын неге түсіне алмады, біз-бірімізді түсінуіміз үшін бізге не керек?

«Маған жолама» жаттығуы

Мақсаты: өзіңнің индивидуалды кеңістігіңді сақтауға үйрену.

Уақыты: 10 минут.

Мазмұны: Қатысушылар ортаға тұрады, ортаға бір адам шығады, қалғандары біртіндеп ортадағы қатысушыға жақындай бастайды. Жаттығу жалғаса береді, қатысушылар өзін дискомфорт сезіне бастағанда «тоқта» деп нұсқау береді. Жүргізуші: «Кез-келген адамның өзінің даралық шекарасы болады, шекара тек жақын туыстар үшін ғана сақталмайды. Біздің әрбіреуіміз екі адамның әңгімелесуінің куәсі болғанбыз, біреуі екіншісінің сөзін бөледі, ал екіншісі кетіп қалады, яғни мұнда екі адамның біріншісі екіншісінің даралық шекарасын бұзды. Басқа адамдармен қарым-қатынаста өте тиянақты болыңыз, егер сіздің әңгімелесушіңіз сіздің әңгімеңізді тыңдамастан кетіп қалса, мұндай жағдайда ол адам сіздің индивидуалды кеңістігіңізді бұзды деп есептеледі. Осындай жағдайға ренжудің қажеті жоқ, сіз ол адамға дискомфорт туғызбайтындай қандай қашықтықта тұру керектігін біліп, анықтап алғандығыңыз жөн» [2, 28 б.]

Қорытынды.

Уақыты: 3 минут

Құрметті оқушылар! Сіздер бүгінгі тренингте өздеріңіздің жеке шекараларыңызды сақтау, басқа адамдармен қарым-қатынаста өзара түсінісушілік таныту, бұрмаланған ақпараттарға сенбеу, басқа адамдардың пікірін дұрыс түсінуге тырыстыңыздар/дағдыландыңыздар деп ойлаймын.


Кері байланыс/2 минут/

Қолданылған әдебиеттер:

1. Анн Л.Ф. Психологический тренинг с подростками. –СПб.:Питер, 2005. – 288 б.

2. Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга.–М.: Ось-89. 2003.–212 б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
164
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі