Қарым қатынас жарастығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым қатынас жарастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бір бірімен қарым қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа , шыншылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 2



Қарым-қатыныс жарастығы

психологиялық сабақ

























«Қарым-қатыныс жарастығы»

Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу  
Міндеті:

1.Оқушыларға адал достықтың, жауапкершіліктің маңызын түсіндіру;

2.Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктерін дамыту;


Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:

Доп, А-4 қағазы, газет, орамды жіп

Сабақ барысы: /презентация 1 слайд/2мин

1. Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме,менің аты-жөнім Мускенова Арайлым Мукарамовна. Бүгінгі күні Сіздермен бірлесе, ынтымақты жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Ендеше қазір, сәлемдесу рәсіміне көшейік.

Мақсаты:Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.

Шарты:

  1. Оқушылар дөнгелек болып отырады

  2. Доп арқылы қатысушылар кезекпен өз атын айту

  3. Өзінің есімінің бірінші әрпіне байланысты жақсы бір қасиетін айтады.

Рахмет!

Бүгінгі сабағымыздың ережесі келесідей:
ЕРЕЖЕ:

1. Құпиялылық

2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

3. Белсенді боламыз

4. Бір-бірімізге ренжімейміз

5. «Қазір» және «осында» принципі


2. Қызығушылықтарын ояту. /презентация 2 слайд/3мин

«Құм мен тас» аңыз әңгімесін айтып беремін. Бір күні екі дос дауласып қалады да, біреуі екіншісін шапалақпен тартып жібереді. Қатты ренжіген досы үндеместен құмға: «Бүгін маған ең жақын досым шапалақ берді»деп жазыпты.Осылайша олар бірге сапарларын жалғастырады.Жолда екеуі суға түседі.Сол уақытта шапалақ жеген досы суға батады да оны досы құтқарып алады.Сол уақытта ол тасқа:Бүгін менің өмірімді ең жақын досым құтқарып қалды ден жазады.Сол уақытта бағанағы досы:

-Мен сені ренжіткенімді құмға жаздың, ал қазір неге тасқа жаздың деп сүрайды.

Сіздер неліктен деп ойлайсыздар?Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң.

Қорытынды: Бізді адамдар ренжіткенде оны құмға жазғанымыз дұрыс себебі жел құмдағы жазуды өшіріп кетеді, ал біреу жақсылық жасағанда ешқандай өшпейтіндей тасқа жазып кетуіміз керек. (Алынған көзі: https://pritchi.ru/id_4124)


Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз достыққа байланысты «Қарым-қатынас жарастығы» деп аталады. Біз барлығымыз қоғамда өмір сүреміз. Адам баласы дүниеге шыр етіп түскеннен бастап бірінші қатынас анасымен басталады, әрі қарай отбасымен, достарымен, әріптестерімен, айналадағы адамдармен қарым-қатынаста болады. Адам қарым-қатынассыз бір күнде өмір сүре алмайды. Француз жазушысының пікірінше «Адамның жалғыз ғана ақысыз байлығы – ол адаммен қарым-қатынас байлығы»


3. «Ұқсастық шегі» жаттығуы /презентация 3 слайд/6мин

Мақсаты: Оқушылар тек бір-бірінен жақсы қасиеттерін көруге дағдыландыру.
Шарты: Оқушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып, « Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 5 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады. Қорытынды:оқушылар өз ойларымен бөліседі.


4. «Газет» жаттығуы /презентация 4 слайд/3мин

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастығын, ұжымшылдығын арттыру.

Қажетті материалдар: Газеттер.

Қатысушыларға еденде жайылған газеттен жасалынған кілемшенің үстіне өздеріне ыңғайлы болатындай жайғасуларын сұралады. Орын алып болған соң, бір газет алынып тасталынады. Қатысушылар қалған кілемше үстіне жақындасып орналасуы керек. Осылайша, соңғы газет қалғанша алынып отырады. Жаттығу шарты бойынша ешбір бала кілемшеден шығып қалмауы керек. Соңында «Біз-бір ұжымбыз!» деген сөздерді айтайық.

Талдау:

Осы жаттығудан кейін қандай сезімде болдыңдар?

Өздеріңді қандай ойларыңмен бөліскілерің келеді?

Бұл жаттығудың қарым-қатынас тақырыбына қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

5.«Жіпті тарту» жаттығуы/презентация 5 слайд/3мин

Мақсаты:қатысушылардың топтық қарым-қатынасын нығайту, бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру.

Қатысушылар шеңбер бойынына бой түзеп, жіпті барлығы бірдей деңгейде тартады да,әр түрлі қимыл әрекеттер жасайды.


6.Рефлексия/презентация 6 слайд/2мин

-Бүгін сабақта сендерге не ұнады?

-Сабақтан қандай кұнды ой пікірлер саналарыңа алдыңдар?

-Қандай көңіл күймен кетіп барасыңдар?




7.«От шашу» жаттығуы /презентация 7слайд/1мин

Мақсаты: Оқушылардың ынтымақтастығын арттырып жағымсыз эмоциялардан арылтып,бір-бірлеріне жақсы әсерлі көңіл күй сыйлау.

Шарты: Оқушылар шеңбер боп тұрады,үш қадам алға жасап қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды.


8.Қоштасу/сабақ соңында балаларға «Өмірлерің осы кәмпиттер сияқты тәтті болсын!»деген сөзбен «Қазақстан» кәмпиттері таратылады/


Назарларыңызға рахмет! /презентация 8слайд/



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2021
900
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі