Қарым-қатынас жарастығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым-қатынас жарастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

«Қарым-қатынас жарастығы» № 3 мектеп

Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, маркер, түрлі-түсті қарындаштар, стикер қағаз, музыкалық әуен.

Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріміздібен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

Жұмыс жасау ережесі: Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпаңыздар. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Онын барлығын тренинг барысында орындаймыз. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы «барлығы солай ойлайды» деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «маған солай көрінеді» т.б. Бір- бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайты. Топ ішінде бір- бірімізді түсінуге тырысамыз.

1-жаттығу. Амандасу

(5 минут)

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Нұсқаулық: Барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен, оң тіземен, сол тіземен балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.

2-жаттығуы «Менің визиткам»

(5 минут)

Қатысушыларға өздерінің осы тренинг барысында қалай атауды қалар еді, өздерінің балалық шақтағы еркелетіп айтқан есімімен бе, әлде туған туысқандары қалай еркелетіп айтаты. Сол есімді визиткаға үлестіреді де скотч арқылы кеуделеріне бекітеді.


3-жаттығу Арт терапия элементін қолдану арқылы сурет салу.

(20 минут)

Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Алдарыңызға берілген қағазға өз ойыңызды суретпен көрсетіп салыңыз. Ойларын сұрап, қорытындылау.

1.Мен өзімді қалай көремін. (Мен қандаймын)

2. Мені басқалар қалай көреді.

3. Ал шын мәнінде мен қандаймын.

4. Менің ұстанымым.

4- жаттығу. «Мен -үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы.

(15 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағанды сол жердегі мінез-құлықтарыңызбен жүріс тұрысыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңызды бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

  2. Қай бағананы толтырған сізге оңай соқты? Қай бағана көптеу болды?

  3. Не себепті айырмашылықтар болады?

  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?

5-жаттығу. «Би терапиясы»

(5 минут)

Ортаға бір мұғалім шығып музыкалық әуенге би қозғалысын көрсетеді, қалған қатысушылар көрсеткен қозғалысты қайталайды.

Рефлексия: Алған әсерлерімен бөлісу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі