400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым-қатынас жасай білу - үлкен өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренингке қатысушы оқушыларға айналасындағы адамдармен қатынаса білуге, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарым-қатынас жасай білу - үлкен өнер.

Тренингтің мақсаты:

Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қошаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру.

Қажетті құралдар: суреттер, магнитафон, нақыл сөздер, ренинг ережесі, шар, маркер, ақ парақ.

Тренинг барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады)

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін "қамшының ғана сабындай қысқа өмірде" адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?!

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білу – үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.

Адамның қарым-қатынасы оның көңіл –күйіне байланысты. Көңіл –күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл –күй адамның айнасы.

- Ал, қанеки құрметті балалар, барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл –күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар.

Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді, т.б. Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне түсірейік.

Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан-дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше, қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық. Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әрпін сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы, қажырлы Қанат, көрікті Кәмшат, т.с.

Кейде отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік орындарда түсініспеушілік, кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық. Ортаға 3 топ, әр топта 3 адамнан болуы керек. Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.

Ситуация:

а) Достар арасындағы кикілжің, шешілу жолын көрсет.

ә) Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың қандай тиімді жолы бар?

б) Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң шешім жасап, жол табуға болады?

Тренингте отырған балаларға ортақ сұрақтар қою:

1.Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?

2.Кикілжіңнің шығу себебі неде?

Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыңдар? Өзің қалай шешер едің?

ІҮ. "Бүлінген телефон" ойыны

Есту қабілетін дамытуға арналған бұл ойында мұғалім бір баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды, ол келесі балаға соны қайталайды, солай жалғаса беріп, барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп, дауыстап айтады: "Мен әрқашан шындықты айтамын".

Ү. Адамдар қарым-қатынаста кейбір қиыншылықтарға кездеседі. Қиын қарым-қатынас адамдардың өзара түсініспеушілік жағдайында шынайы байқалады. Адамдар арасындағы келіспеушілікті болдырмау үшін, екі жақ бір келісімге келуге тиіс. Соған байланысты тұрмыста болатын әр түрлі кикілжіңді жағдайлардан қалай шығуға болатынын ойланып, жауап беріп көрейік. (Ситуациялық жағдайлар бейнеленген суреттер көрсету)

ҮІІ. Адамдармен қарым-қатынаста бет-әлпет, қас-қабақ, дауыс маңызды қызмет атқарады.

"Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер" деген даналық осы қағидаға негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз әр кез осы жайды ұстанған.

  • Ортаға 7 адам шығып, берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл – күйді белгілейді.

Ситуация:

а) Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні.

ә) Ренжіп тұрған адамның бет-әлпеті.

б) Қайғылы адамның бет –жүзі.

в) Ашулы адамның бет - әлпетін бейнеле.

г) Таңданған кейіп көрсету.

д) Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті.

е) Қуанып тұрған адамның бет - әлпетін бейнеле.

Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым – қатынастың бірден – бір жолы.

Қорытынды:

Сабаққа қатысушылар тренинг барысында өздерінің алған әсерлері туралы айтады.

Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың "Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы" деген сөзімен аяқтай отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
1242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі