Қарым-қатынас психологиясы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарым-қатынас психологиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарым-қатынас психологиясы

Университет - ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген таусылмас білім ордасы.Тарихы бір ғасырдан астам уақытқа таяу қалған университет ол-Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.ҚазҰУ-еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері болып есептелінеді. Халықаралық QS агенттігінің мәліметі бойынша әлемдегі үздік ЖОО-лар рейтингінде ҚазҰУ 220 орынға ие. «UI Green Metric Ranking of World Universities» ғаламдық рейтингінде ҚазҰУ 172 орынды бағындырып, үздік экологиялық университеттер 200-топ қатарында өзінің позициясын нығайтты. «Times Higher Education» британдық агенттіктің зерттеу нәтижелері негізінде ҚазҰУ Орта Азия университеттері арасында бірінші болып әлемнің үздік ЖОО-лары қатарына енді. ARES (Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата) еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасын алды және жетекші еуропалық университеттер санатына кірді.

Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытуда, әсіресе, психология саласында өзіндік орны ерекше. Оның білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері және студенттерді кәсіптік оқытуға қосқан үлесі оны өңірдегі жетекші университеттердің біріне, академиялық және зияткерлік қызметтің маңызды орталығына айналдырады.Осы психология саласында өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарым –қатынас психологисын қарастырсақ болады.Күнделікті қызмет барысында жеке адам немесе  түрлі топтар  (әріптес, ұжым, студенттер, оқушылар.б.), бұқара көпшілікпен жұмыс жасайтын мамандар үшін, қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарын жетік білу кәсіби қызмет табыстылығының алғышарты болып табылары сөзсіз.Қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топ аралық формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын талдау болады.

Қарым-қатынастың негізгі үш бағдарын ажыратуға болады.

"Мен" - "Басқа" жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.

"Топ" - "Мен" жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу.

"Мен" - "Топ" жүйесіндегі арақатынас. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Қарым-қатынастың жүзеге асу формалары:

- Тікелей қарым-қатынас – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді.

- Жанама қарым-қатынас – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт.

- Тұлғааралық қарым-қатынас – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

- Бұқаралық қарым-қатынас – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру - бұқаралық тікелей қарым-қатынас, телемарафон, радиохабар

- Персонааралық қарым-қатынас – ортақ іс-әрекет үрдісінде белгілі бір лауазым не кәсіп иесі ретіндегі тұлғалардың психологиялық байланыстары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).

Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. ҚазҰУ Университетінің студенттері мен түлектері оның мақтанышы және басты жетістігі болып табылады. ҚазҰУ университеті психология саласындағы академиялық беделі мен ғылыми қызметінің жоғары деңгейіне ие жетекші оқу орталығы ретінде ерекшеленеді. Ол студенттерге сапалы білім береді, психологиялық зерттеулерді белсенді дамытады және оларды қоғамның дамуына ықпал ете отырып, практикалық салада қолданады.Сонымен қатар оку бағдарламаларында қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіре отырып,  нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасады. Бiлiм берудiң жоғары сапасы мен жеке және кәсiби өсу мүмкiндiктерiнiң арқасында олар қоғамның дамуына елеулi үлес қоса отырып, өздерiн әртүрлi салаларда табысты iске асыруда.ҚазҰУ университеті білім беру мен ұлттық және әлемдік деңгейдегі зияткерлік жетістіктер орталығы ретінде өзінің беделін растай отырып, білім берудегі, ғылым мен мәдениеттегі жаңа биіктерге ұмтылысын жалғастырады.


Тленчиева Н. С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Әшірбай Ж.Н.

Менеджмент 1 курс студенті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі