400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас шеберлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,мәдени сөйлеу білігін дамыту,өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру,парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Қарым-қатынас шеберлігі

Мақсаты: Ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,мәдени сөйлеу білігін дамыту,өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру,парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Тренинг барысы:

І кезең Қызығушылықты ояту (ойлану,топтық талқылау)

Қатысушыларға «Қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіздер ?»-деген сұрақ ортаға қойылады.Қатысушылар «Ассоциация» плакатын толтырады.

Сонымен қарым-қатынас дегеніміз ... өздері жасаған ассоциасияны оқиды.

ІІ кезең.Мағынаны тану

Шебер қарым-қатынас жасау жолдарын,түрлерін және де қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде түсініктеме беріледі.

Адамдардың бір – бірімен қарым-қатынасы өте күрделі және нәзік үрдіс.Қоршаған ортадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білмеу,адамдардың түсініспеушілігінің негізгі себебі болуы мүмкін. Қарым – қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жандүниесі кеңейді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым – қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес.Біз өміріміздің барысында әр түрлі қателіктерді жібере отырып,үйренеміз.

І кезең

1. «Сенің есімің» жаттығуы

Мақсаты:Топта жағымды эмоция қалыптастыру

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.Жаттығуды бір адам бастайды,кейінгілердің міндеті осы бірінші ойыншының атын шеңбер бойымен жылжыта отырып түрлендіре атау.Мысалы: Шолпан,Шопи,Шолпик,Шопалак,Шолпи т.с.сБарлық қатысушылардың аты айтылады.Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай қандай сезімде болдыңыздар?

Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді.Сондықтан алдағы уақытта үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде әңгімемізді еркелете,жағымды атаудан бастайық.

2.«Сенімен қарым-қатынас жасау жағымды ма?» жаттығуы

Күнделікті өмірде ,үйде,жұмыста,қонақта,ұжымда біз бір-бірімізбен дұрыс қарым-қатынас жасай аламыз ба?Қазір сол жағымызда тұрған әріптесімізге қарап,сенімен қарым-қатынаста өте қуаныштымын деп қолынан ұстап,осы сөзді әрі қарай жалғастара береміз де,барлығымыз бірге бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштымыз деп қорытындылаймыз.

Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол.Қоғаммен,ұжыммен әрдайым жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі.Халықта мынадай даналық сөз бар: «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң,басқаларға да солай қара».

ІІ кезең Ой қозғау

1.Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы туралы не ойлайсыз?

2.Ұжымдағы қарым-қатынасқа көңіліңіз толады ма?

ІІІ кезең Аутогенді жаттығу жасау

  1. Ыңғайлы отырып,көзді жұмып,терең жаймен дем алыңыз.

  2. Төбеңізді алтын нұрға бөленіп тұрғандай елестетіңіз.Терең баяу дем алып,деміңізді сыртқа шығарыңыз.Бар зейініңізді жарқырап тұрған төбеңіздегі күнге аударыңыз.

  3. Мойыныңызға зейін қойыңыз,ол да алтын нұрға бөленіп тұр деп ойлап,сол алтын нұрға зейін салып 3 рет баяу тыныс алып,деміңізді сыртқа шығарыңыз.

  4. Кеудеңіз ақ нұрға бөленіп, шуақ шашып тұр деп елестетіңіз,өзіңізді сағым арасында ,әдемі гүлдердің ортасындамын деп елестете отырып,деміңізді сыртқа шығарыңыз.Өзіңізге –өзіңіз қазір мен көзімді ашқанда өзімді сергек сезінемін деп айтыңыз. (2рет)

3.«Бип» жаттығу.
Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады. 

4. «Ән»сергіту сәті

Мақсаты: қозғаушылық пен импульсивтілікті басу

Қатысушылар айнала отырды,ал психолог ортада жүреді.Біз қазір бәріміз білетін бір көңілді ән айтамыз. (сөзін барлығы білетін ән таңдалуға тиісті).Мен қолымды бір рет шапалақтағанда бәріміз әнді бастаймыз.Екінші рет шапалақтағанда әнді жалғастырамыз,бірақ ішімізден.Үшінші рет шапалақтағанда қайтадан дауысымызды сыртқа шығарамыз.Дайын болсақ,бастайық!

5.«Ортақ әңгіме» жаттығуы

Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Бәрі шеңбер бойымен отырады.Бір қатысушы қандайда бір тақырыпта әңгіме бастайды (мыс:детектив),бірақ тек бірінші сөйлемін ғана айтады.Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін және т.с.с. шеңбер бойымен орындалады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма?Не ұнамады?Қандай әсер алдыңыздар?Не қиындық келтірді?

  1. «Квадрат» жаттығуы

Мақсаты:топтағы әрбір қатысушыны сезіну

Барлық қатысушы шеңбер болып,көздерін жұмып тұрады.Көздерін ашпай тік төртбұрыш құрастырулары керек.Тік төртбұрыш құрастырғаннан кейін де көздеріңізді ашпаңыздар.Дұрыс құрастырғандықтары жөнінде топтан сұрау қажет.Барлығы да сенімді болғаннан кейін,көзді аша беруге болады.Дұрыс құрастырылған фигура үшін рахмет айтып,сыйлық беруге болады.

  1. «Рахмет» жаттығуы

Қатысушыларға сол қолдарын ортаға жайып,осы сайысқа келгендегі тәжірибелерін,ойларын,көңіл-күйлерін ойша салу ұсынылады.Ал оң қолдарына бүгінгі сайыстан,тренингтен алған әсерлері салынып,қолдарын біріктіреді.Рахмет! деп хормен айтады.


8.«Интервью» жаттығуы

Қатысушыларға микрафон ұсына отырып,сұхбат жүргізіледі.

  1. Көңіл-күйіңіз қалай?

  2. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

  3. Жаттығу барысында сіз нені ұқтыңыз?

  4. Сіз үшін қажетті болғаны?

  5. Сізге қай жаттығу ұнады?

  6. Сізге не ұнамады?

  7. Сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңізді бейнелеңіздер?


«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы» деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Тренингімізге қатысып, уақыт пен ой бөліскендеріңіз үшін рахмет! Қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі