Материалдар / Қарым-қатынас тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарым-қатынас тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
722
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: тренингке қатысушылардың қарым-қатынасын орнату.



Сабақтың мақсаты: Тренингке қатысушылардың қарым-қатынасын орнату.

Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамның және жеке тұлғаның жарқын өмір міндетті шарты.Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білуі, әлеуметтенуі яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы , әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға , ұрпақтан, ұрпаққа тартуы, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның ) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес. Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамның және жеке тұлғаның жарқын өмір міндетті шарты.Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білуі, әлеуметтенуі яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы , әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға , ұрпақтан, ұрпаққа тартуы, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның ) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.


Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд, балық формасындағы сұрақ жазылған карточка, плакат, үйдің және алма ағашының эскизі, қиылған үйдің сыртқы бөлшектері, түрлі түсті қағаздан қиылған алмалар. Түрлі түсті қағаздар, қаламдар, музыка, релаксациялық музыка.


Семинар-тренинг жоспары.

  • Кел танысайық ойыны.

  • Жетекші мен еруші” сергіту

жаттығуы

  • Мен кіммін” биі

  • Ойлануға арналған балықтар”

  • Арқадан арқаға жаттығуы”

  • Адам сан” жаттығуы

  • Ассоциациялар” жаттығуы

  • Қарым-қатынас” тренингі

  • Қиялдағы әлем”

  • Шапалақ жаңбыр”


1. Кел танысайық.

Мақсаты: Ойын арқылы көңіл күйге диагностика жасау.

Ретпен орындау және нұсқау беру.

әрбір бала өзінің атын айтады,ал өзінің үйінде мамасы,аға-апалары қалай атайтындығы және оған қалац атағаны ұнайтындығын айтады. Осыдан кейін жүргізуші қолындағы допты қалаған қатысушылардың біріне лақтырады допты алған ойыншы жүргізуші қойған сұрақтарға жауап береді. Жауап беріп болған соң допты қайта береді.

Талдау сұрақтары. Ойын кезінде қандай көңіл күйде едіңіз,ал қазір көңіл-күйіңіз қалай. Сіз сұрақтарға жауап беру кезінде қиналмадыңызба. Сізге қойылған сұрақтар ұнады ма?

2. Жетекші мен еруші сергіту жаттығуы.

Мақсаты: Топ мүшелерінің қысымын түсіру жағымды атмосфера мен жұмысқа бағыттылықты құру;жетекші мен ерушінің тұлғааралық позицияларымен,тұрлі қозғалыстарымен қатысушыларды эксперименттеу.

Материалдар: Түрлі стилдегі музыкалық жазбалар.

Жүргізілу барысы. Топ қатарға тұрады. Музыка қосылып қатысушылар қимылдай бастайды. Бірінші тұрған адам мен жүргізуші жетекші болады да ал қалғандары еруші болады. Топтың жүргізушілері өздеріне қалаған биді билеп еркін іс-әрекет жасайды ал қалғандары соның істегенін қайталайды. Бірнеше уақыттан соң бірінші қатысушы қатардың соңына өтеді де еруші болады.

Талқылау сызбасы. Болашақ қатысушы жетекшілер не сезінді? Ал ерушілер? Қатысушыға қашан өзіне ыңғайлы кезең болды. Басқалардың қозғалысын қайталаған кезде немесе өзі жүргізуші болған кезде не сезінді.

4. Тар көпірде кездесу жаттығуы.

Нұсқау. Сіздер өзеннің үстінде орналасқан тар көпір үстінде бір бірлеріңізбен кездесуге барасыңдар. Көпір үстінде сендер кездестіңдер және сізге ары өту керек. Кұлап кетпей өтуге тырысыңыз.

Жаттығу аяқталған соң топпен талқылау. Көпірден өтер кезіңізде сізде қорқыныш болдыма? Қандай әсерде болдыңыз сізге бұл ойын ұнадыма?

7. Қарым-қатынас тренигі.

Тақырыбы: Қарым-қатынас тренигі

Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын жақсы жаққа бағыттап және тіл табысу деңгейін анықтау.

Нұсқау:Сол жағында тұрған балаға қолынды беріп, сенімді қарым-қатынаста: «Өте қуаныштымын»-деп қолынан ұстап ол бала қасында тұрған балаға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл балалар қол ұстасып шеңбер құрады содан соң бәрі де бір дауыс пен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштамыз»деп айтады.

8. «Қиялдағы әлем»

Біз біраз ойнап, шаршадық. Ыңғайланып отырып , көздеріңізді жұмыңыздар. Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ...

Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады.Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...

Көз алдарыңызға , әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...

Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...

Қай жерде тұрасыз...

Не істеп жатырсыз...

Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар?

Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше кқңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында менің дауысымды естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді.

Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.

(1 минут пауза)

Енді сіз біздің біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...

Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...

Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

Көрген түсіңізге ризасыз ба?

Ең қатты не ұнады?

Болашақтағы өміріңізден нені өзгерсем дейсіз?

Ол үшін не істеу керек?


9. А д а м с а н

Мақсаты : Бейненің визуалдылығы бойынша қабілеттерді дамыту;

- Шығармашылық тапсырма бере отырып, интеллектуалды, еріктік,

эмоцияналды функцияларын стимулдеу;

- Ойдың қарапайым түрінен күрделі түріне өтуіне әсер ету;

Ресурстар: Кең бөлме немесе ашық алаң

Уақыты: 7-15 минут

Жаттығу барысы:

Араларыңыз 1,5 метрдей қашықтықта болатындай қатарға тұрыңыздар. Мен сіздерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды атаймын. Сіздердің міндеттеріңіз: сол сандарды денеңіздің көмегімен көрсету, отырып тұрып, жатып тұрып көрсетесіз бе өз еркіңіз. Ең бастысы – математикалық сандар мен денеңізбен көрсетіп тұрған сандардың сәйкестігі.

Серігу “Шапалақ жаңбыр”


- Ал сіздер білесіздер ме шапалақ соғудың өзі әр түрлі болады екен. Сол алақанға оң қолдын сұқ саусағымен соғамыз. Содан соң екінші саусақты қосамыз да, екі саусақпен соғамыз. Содан кейін үш саусақпен:

  • Төрт.

  • Бес.

  • Тұтас алақанмен шапалақтаймыз.

  • Тек бес саусақпен соғамыз.

  • Бір саусақты алып төрт саусақпен соғамыз.

  • Үш саусақпен.

  • Екі.

  • Бір.

Жаттығу жетекшінің санауымен /бір, екі/ бірнеше рет қайталанады.

  • Жарайсыздар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Көтерілді ме?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!