«
Сәулет»
жеке балабақшасы
«Біз
біргеміз, берік іргеміз!»
Психолог
Нұргүл Рахимова
2016-2017
оқу жылы
«
Қарым- қатынас» тренингі
Мақсаты
: Балалардың бір – бірімен қарым
–қатынасын жақсарту негізінде оларды
адалдыққа , достыққа , шындыққа ,топтық
қалыпты қарым-қатынас нығайту, ұжымда
жұмыс жасауға, тәрбиелікке үйрету,
ұқыптылыққа, әдемілікке, шығармашылыққа
тәрбиелеу.
Сәлемдесу.
"
Пульс ойыны"
Дөңгеленіп
отырамыз . Қатысушылар бір – бірінің
қолынан жұдырық түйіп қолдарын
жақындастырады. Жүрек соғысын сезейік.Ал
енді өзімізді «көбелектер» деп
елестетіп, орнымыздан ұшып
тұрайық.
«Жартастан
өту» жаттығуы
Нұсқау:
Барлығы бір қатарға тұрады. Олар жартастар
болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады.
Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі
қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды,
деген нұсқау беріледі.
Лабиринт
жаттығуы.
Ватманға маркермен бұрылыстары көп
жолдар салынады, яғни лабиринт және
көрсетілген жолмен жүретін кез келген
шағын дөңгелекше қажет. Топ ватманды
керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы
белгі бергеннен кейін мата үстіндегі
шағын дөңгелекшені керілген ватманның
көмегімен жылжытып барлық жолдардан
өтіп шығады. Ойын кезінде сөйлеуге
болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе
дөңгелекше жолдардан шығып кеткен
жағдайда жаттығуды қайта бастайды.
Қашан толық өтіп шыққанша жалғаса
береді. Жаттығудың да мақсаты осы. Топпен
бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді
нәтижеге жетеміз. Жаттығу біткеннен
кейін қатысушылар өз ойларын,пікірлерін
білдіреді.
Бірлік
жаттығуы.
Жіптің көмегімен, карындашты шырын
бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр
адамның қолында жіптің бір ұшы қалу
керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі.
Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады.
Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда
қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы
аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау
жасап өз ойларын білдіреді.
Интерактивті
тақтамен жұмыс.
Ғажайып сәт. Электронды оқулық.Көңілді
белгілер. Белгіні тауып, түсін атап,
интерактивті тақтада орналастыру.Ең
соңында ғажайып сәт.
Батик
жұмысы және құм терапиясы
Сергіту
сәті.
Достармен қыдырып қайтайық.
Қорытынды.
Рефлексия. Қолымдағы
жіптің бір бөлігін саусағымды орап,
келесі тәрбиеленушіге береміз. Солай
барлығы жіппен оралғанда , міне
барлығымыз достық жібімен орандық,
енді біздің достығымыз күшейе
түсті.Жарайсыңдар.
Марапаттау
«Достық білезігін» бір-біріне тағу