Қарым-қатынас тренингі «Сыйлық беру және алу этикеті»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым-қатынас тренингі «Сыйлық беру және алу этикеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие іс-шарасы ретінде өткізілген сыныптағы қарым-қатынасты жақсартатын психологиялық тренинг-жаттығу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі КММ

педагог-психологі Нургалиева Меруерт Абилмажиновна

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Қарым-қатынас тренингі

«Сыйлық беру және алу этикеті»

Өткізу күні

16 ақпан 2023ж.

Педагог-психолог:

Нургалиева М.А.

Класс:

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Сыйлық беру және алу этикеті»

Ағылшын мақалы «Кім сыйлық жасау біледі - сол өмір сүру біледі»

Тренингтің мақсаты:

 Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Жақсы қарым-қатынас өмір сүрудің басты қағидасы екеніне көз жеткізу. Білім алушыларды белсенді әрекет етуге, шығармашылыққа баулу. Тосын сый жасау арқылы бір-біріне деген достық қарым-қатынасты қалыптастыру.


Құндылықтарды дарыту

Адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: тақырыптық слайд, түрлі-түсті қарындаштар, әр баланың аты жазылған қағаздан конфет қиындылары, жейде (футболка) суреттері, кері байланысқа арналған суреттер.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, музыкалық әуен

Үлестірмелі материалдар

Жейде (футболка) суреттері

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«Арихметика» ойыны. Мақсат: сынып балаларымен жақынырақ танысу.Топ шеңберге тұрады. Нұсқаулық: әр қатысушы өзің таныстырады, мысалы: «Мен сурет саламын және биге қатысамын, екеуін көбейткенде немесе қосқанда мәні мен – Айзере шығады»


Оқушылар орындарынан тұрып, тақтаның алдына кеп, шеңбер құрады.









Компьютер








Сабақ басы (13 мин)













«Сыйлық беру және алу этикеті» қысқаша мәлімет беру, ой-пікір бөлісу.

Ағылшын мақалы «Кім сыйлық жасау біледі - сол өмір сүру біледі» деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.

Сыйлықты адамның талғамына, қызықтыратын заттарына, өмір салтына және де хоббиына байланысты таңдау керек.Сонымен қатар ол оқиғаға, адамның жынысына және қарым қатынасыңызға да байланысты.Сыйлық сыйлау алдында оны алдын ала ойластырып алғаны жөн.Асығыста таңдалған сыйлық-сыйлық емес.Ал үйдегі керегі жоқ затты сыйлаған мүлдем этикет нормалары қатарынан тыс жайт.

Сыйлық сыйлау процесіне де көңіл аударған жөн.Оны құр тез бере салу этикет нормаларына жатпайды.Оны әдемі және де сыпайы түрде сыйлау қажет.Сыйлық сыйлаудың алтын ережесіне сәйкес сыйлаған адамға сыйлықты таңдаған өте ауыр болғаны және бағасының қымбаттығы жөнінде айтуға мүлдем дұрыс емес.

Сыйлық сыйлау кезіндегі бірқатар ережелер:

  • Туған күнге туған күн иесінің бүкіл отбасысы емес, тек өзі қолданар зат сыйлау керек;

  • Сыйлықты туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, оған қарағанда алдын-ала сыйлаған жөн болар;

  • Сыйлық ретінде ақша сыйлау дұрыс емес, егер де ол адам сіз үшін шынайымен қымбат болса уақытыңыз бен көңіліңізді бөліп, қуанышты қылуыңыз қажет;

  • Өте-өте қымбат сыйлық сыйламаған жөн, бұлай адамды ыңғайсыз жағдайға тұрғызуыңыз және де оны сізге тәуелді сездіруіңіз мұмкін;

  • Сыйлықтың қапталғаны дұрыс;

  • Ешқашан өзіңізге сыйлаған сыйлықты сыйлауға болмайды;

  • Жеуге жарамды сыйлықтарды сол уақытта үстелге сыйлау қажет;

  • Тірі сыйлықтарды (күшік, мысық, тотықұс және т.б.) сол үйдің отбасы мүшелері рұқсатымен сыйлау керек;

  • Сыйлықты кіре берісте сыйлауға болмайды, оны қонақ үйде асықпай, жылы лебіздермен сыйлаған жөн болар;

  • Кез-келген ұсақ түйек сыйлаған сіз туралы жаман ой қалыптастырады;

  • Сыйлықтын сюрприз болғаны жақсы;

  • Ақшалай сыйлықты әрқашан конвертте беру керек;

  • Жаман сыйлық мүлдем сыйлықтың болмағанынан жақсы.

  • Ең жақсы, бағалы сыйлық – өз қолыңмен жасалған сыйлық.




Оқушыларға презентация арқылы түсіндіріп береді











слайд












Ортасы (20 мин)


«Тосын сый» тренинг.

Тренинг ережесімен таныстыру

  1. Өз ойын ашық айту

  2. Өзгелердің ойын құрметтеу

  3. Белсенді әрекет ету, шығармашылық

  4. Достық қарым қатынас

  5. Жағымды эмоция

  6. Құпиялық сақтау және тосын сый жасау

Нұсқаулық: әр қатысушы алдарында жатқан футболка суретін сыйлық ретінде өзі безендіру керек, кімге сыйлық жасайтынын білу үшін қатысушылардың аты жазылған конфет бейнесіндегі қағазды таңдап, оқып, жасырып қояды. Барлық қатысушы болған соң, жақсы тілегімен өзіне түскен қатысушыға сыйлау керек.





Білім алушылар шығармашылық жұмыспен айналысады. Қысқаша тілегімен, сыйлығын тиісті адамға табыстайды.




Тренинг ережесі.

Қағаздан жасалған жейделер

Соңы







Кері байланыс. «Сөмке, ет тартқыш, қоқыс шелегі»

Сөмке – өте жақсы пікірдемін, өзіммен бірге алып кетемін.

Ет тартқыш – Ой елегінен өткізіп, тағы қосымша ақпарат іздеймін.

Қоқыс шелегі – маған керек емес.

Ой қорытынды. «Кім сыйлық жасау біледі - сол өмір сүру біледі» деген ағылшын мақалы нені айтып тұр?






Өткен іс-шараға бағалау, ой қорытынжасайды.




Суреттер: Сөмке, ет тартқыш, қоқыс шелегі






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2023
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі