Қарым-қатынас туралы ұғым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас туралы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада психалогияда қарым-қатынас қалай көмектестетіні туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарым-қатынас туралы ұғым

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде, психология пәні бойынша «Қарым-қатынас туралы ұғым» деген тақырыпты Психология пәнінің жетекшісі Болтаева Алия Масакбаевна қызықты,пайдалы және ауқымды көлемде ақпарат берді.

Жалпы, сабағымыздың тақырыбы толықтай түсіндіріліп,өмірдегі мысалдар арқылы және қарым қатынастың мәні мен мақсатын жіктеу арқылы лекциямыз өтті.


Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен,ақпаратпен, тәжірбиемен,біліммен дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.


Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі руханиятын түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, ұрыс-керіс,жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.


Қарым - қатынас қоғам мен өмірдің арқасында қалыптасатын адамға табиғи қажеттілік болып табылады. Адам өзінің көп уақытын ұжымда өткізеді: отбасы, мектеп немесе студенттік өмір, өндіріс ұжымы.

Қарым-қатынассыз – дамып, мәдени тұрғыда жетілу мүмкін емес. Бұған мысал, Маугли – адамзат қоғамынан тыс өмір сүрген. Оның ағзасында бәрі қалыпты, бірақ ақыл-ой, психикалық дамуы жағынан артта қалып қойған. Бұл – адамдармен қарым-қатынастың жоқтығы салдарынан.

Лектор сабақ барысында қарым-қатынасты 3 негізгі қызметке бөліп талдады:

1)ақпараттық-коммуникативтік

2)реттеуші-коммуникативтік

3)аффективті-коммуникативтік

Ақпараттық-коммуникативтік дегеніміз екі тұлғаның ақпарат алмасуы, бірін-бірі танып, көріп, білісуімен байланысты болады. Екіншісі, реттеуші-коммуникативтік қызметі әрбір тұлғаның жасап жатқан іс-әрекетін реттеу және бірлескен әрекеттірді ұйымдастыру дегенді білдіреді. Үшінші, аффективті-коммуникативтік қызмет тікелей адамның эмоционалдық аясымен байланысты.


Лекция сабағымыз әрбір студенттің түйсігіне ой-сана алып келді деуге сенімдімін.Себебі,қарым-қатынас бұл шын өмірге керек ауқымды тақырып.

Лекция сабағында теория тұрғысында дәлелі бар аргумент пен факттар қолданылды.


Әдебиеттер тізімі:

Ильин Е.П. «Психология общения межличностных отношений»

Годфруа Ж. «Что такое психология» және т.б

Журналистика факультетінің 1 курс студенті

Орындаған: Тастыбай А.

Оқытушы: Болтаева А.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2024
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі