Қарым-қатынас ұғымы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас ұғымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы мақалада қарым-қатынас туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарым-қатынас ұғымы

Психология пәні жоғарғы оқу орындарында тереңінен өтілетініне өте қуаныштымын,себебі өте қызық әрі пайдалы ақпаратты сіңіріп өмірдеде қолдана аламыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Болтаева Алия Масакбаевна психология пәнін өте ауқымды,қызықты,сапалы және ең бастысы түсінікті қылып ақпарат береді. Әр дәріс сайын өзім үшін өте көп жаңа ақпараттар алып,ой өрісім дамығанын сеземін және басқаларыда дәл осындай күйде шығатынына сенімдімін. Бұл дәрістер өмірдегі мысалдар арқылы және өзімізге жеңіл формада түсіндіріледі,менің ойымша бұл ең оңтайлы тәсіл.

Қарым-қатынас – адамдар арасында байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғаланың дамуы мен қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Жалпы түрде айтатын болсақ, қарым-қатынас адамдардың басқа адамдармен сөйлесу не болмаса басқа да қатынастарға түсу арқылы ақпарат алмасу және қоршаған ортасын танып білу.

Адам өмірінің аса бір қажеттілігі ретінде қарым-қатынас процесін қарастырсақ болады, себебі адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Қарым- қатынасқа түсу арқылы оның психологиясы, жан дүниесі, сана сезімі қалыптасады. Адамның басқа топтармен қатынасқа түсуі оның адам ретінде дамуына ықпал етеді, яғни өз ойын білдіруі, түрлі ақпарат алмасуы, сөйлеу машығын қалыптастыруы осының бәрі адамның рухани өмірінің кемелденуіне әкеледі.

Адам өмірінде қарым-қатынас процесі үздік жүріп отырады. Тіпті біз дүниеге келген кезден бастап анамыздың бізге қамқорлығы, сөйлеп, еркелеткені бәрі қажетті қатынастарға жатады. Егер анасы сәбиімен қарым-қатынас орнатпаса, баланың психологиясы дұрыс қалыптаспай, қатігез әрі тас жүрек болып өсуі әбден мүмкін. Осыдан қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі алатын орнының маңызын байқамаймыз.

Қарым-қатынас тек адамның рухани дүниесіне ғана әсер етіп қоймай, оның таным көкжиегіне, айналасына бейімделуіне де оң әсерін тигізетін фактор.

Лектор сабақ барысында қарым-қатынасты 3 негізгі қызметке бөліп талдады:

1) ақпараттық-коммуникативтік

2) реттеуші-коммуникативтік

3) аффективті-коммуникативтік

Ақпараттық-коммуникативтік дегеніміз екі тұлғаның ақпарат алмасуы, бірін-бірі танып, көріп, білісуімен байланысты болады. Екіншісі, реттеуші-коммуникативтік қызметі әрбір тұлғаның жасап жатқан іс-әрекетін реттеу және бірлескен әрекеттірді ұйымдастыру дегенді білдіреді. Үшінші, аффективті-коммуникативтік қызмет тікелей адамның эмоционалдық аясымен байланысты.

Орындаған:Жунус.Б

Оқытушы:Болтаева.А


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2024
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі