Батыс
Қазақстан Облысы, Теректі ауданы,
Подстепный №1
ЖОББМ -нің
педагог - психологы
Охасова Галия Гинаятовна.
«Қарым- қатынас үйлесімділігі»
Сабақтың тақырыбы:
«Қарым-
қатынас үйлесімділігі »
Мақсаты:
Оқушыларға айналасындағы адамдармен,
қоршаған орта, өзін - өзі қалыптастыру
барысында талдау жасауда сүйенетін
психологиялық жағынан мәлімет беру.
Дамытушылық мақсаты:
Ұйымшылдыққа, достық
сезім қалыптастыруға үйрету.
Сабақтың түрі:
Тренинг элементтері бар сабақ.
Сабақтың әдісі:
Топпен тренинг, сұрақ - жауап, талқылаулар.
Қолданылатын көрнекіліктер
мен құрал жабдықтар:
Сабақтың тақырыбы, нақыл сөздер, тренинг
ережесі, маркер, ақ парақ.
Сабақ
барысы:
Сәлеметсіздерме
құрметті оқушыларым!
Әрбір адам өмірге келген
қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды
өтуі үшін қамшының сабындай қысқа өмірде
адамдардың бір - бірімен сыйластықта
болғанына не жетсін?! Адамның өмірі
адаммен, бірінсіз бірінің күні жоқ.
Адамдар арасындағы қарым - қатынас жақсы
болса, көрер күндері де қызықты болады.
Адамдар арасындағы қарым
- қатынас, шын мәнінде өте нәзік дүние.
Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін
көпір болады. Әркімнің қабағына қарауда
оңайға соқпайды.
Олай болса бүгінгі тренингіміз
қарым - қатынас жасай білу - үлкен өнер
екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
1. Ал, енді
барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл
- күймізді түсіріп көрейік. Адам мен
табиғат ұқсас, егіз бірде шайдай ашылады,
бірде жауындатады, бірде түнереді, т.
б. Табиғат құбылыстарымен байланыстыра
отырып , қағаз бетіне түсірейік.
2. Адамдармен
қарым - қатынас жасау шеберлігі адамның
ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне
байланысты болады десек артық емес.
Сондықтан, қарым - қатынасқа түсу үшін
орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық.
Қолдарымызды ұстап атымыздың бас әрпін
сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы:
Жылы жүзді Жайна, батыл Болат т.б.
3. Кейде
отбасында жүрген ортамызда, көпшілік
орындарда түсініспеушілік, кикілжің
неден шығатын, кикілжің, ерегес
жағдайлармен бетпе - бет кездесіп
қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын,
оны болдырмау, одан шығу жолдары бар
ма, соны қарастырсақ. Ортаға үш топ, әр
топта үш адамнан болуы керек. Тапсырма
2 - 3 мин ішінде топ мүшелері жағдаят
бойынша рөлдік ойынмен көрсетуі керек.
Жағдаяттар:
А) Мұғалім мен оқушы арасындағы
келіспеушілік.
В) Ата - анамен бала арасындағы
түсініспеушілік және одан шығудың
қандай жолы бар?
С) Достар арасындағы кикілжіңнің
шешілу жолдарын көрсет.
Тренингке қатысушыларға
ортақ сұрақтар қою:
Кімдермен жиі кикілжіңге
келесіз?
Кикілжіңнің шығу себебі ?
Қай топ кикілжіңнің шешілу
жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыңдар?
Өзің қалай шешер едің?
4. Адамдармен
қарым - қатынаста бет - әлпет, қас қабақ,
дауыс маңызды қызмет атқарады.
Қонаққа тамақ бермес бұрын
қабағыңды бер - деген даналық осы қағидаға
негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз
әр кез осы жайды ұстанған.
Ортаға 7 адам шығып, берілген
тапсырмаға сай әртүрлі көңіл - күйді
белгілейді.
Тапсырмалар:
Ойланып тұрған адамның бет-
әлпет кескіні.
Ренжіп тұрған адамның бет-
жүзі.
Қайғылы адамның бет жүзі.
Ашулы адамның бет- әлпеті.
Таңданған кейіп көрсету
Өкініп тұрған адамның бет-
әлпеті.
Қуанып тұрған адамның бет-
әлпетін бейнеле.
Адамның ары таза, көңілі ақ,
ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық
ойламайды. Бұл ізгілікті қарым- қатынастың
бірден - бір жолы.
Талдау:
Саған қарым -қатынасқа түскен
ұнай ма?
Сен қарым- қатынасқа тез түсе
аласың ба?
Қарым- қастынасқа түскенде
қандай қиындықтарды сезінесің?
Қарым- қатынасты үйрену қажет
деп ойлайсың ба?
Сыныптастарыңмен қарым
-қатынасың қандай деңгейде?
Қарым -қатынастың адам
өміріндегі маңызы неде деп ойлайсың?
Достарың көп пе?
Сабаққа қатысқан оқушылар
тренинг барысында өздерінің алған
әсерлері туралы айтады. Енді оқушылар
жана тренингіміздің басында көңіл -
күйімізді бейнелеген ақ парақты қайта
қолымызға алып, осы тренингтен кейінгі
көңіл күйімізді бейнелейік, яғни
тренингтен кейін көңіл - күйіміз өзгерсе
суретімізге өзгерту енгіземіз, егер
қаламасаңдар өзгерту енгізбеуге болады.
Бекіту:
Балалар бүгінгі сабақтан
қандай әсер алдыңдар?
Қарым- қатынасты адамның
қандай әрекеттерінен көруге болады?
Не нәрсе ең қызықты болды?
Рөлдерді сомдау қиынға соқты
ма? т.б.
Қорытынды:
Сонымен, тренингімізді ұлы
Абай атамыздың Адам өміріндегі ең тамаша
нәрсе- оның басқа адамдармен қарым -
қатынасы деген сөзімен аяқтай отырып,
тренингімізге қатысып ойларыңызды
білдіргеніңізге рахмет айтамыз.
Сау
болыңыздар!