400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қасиетті жерім – Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімізді қорғайық,бағалайық,көркейтейік!Бірлігіміз жарасса,бәрі де болады.Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!Елін сүйген Елбасы жасай берсін!Қазақ елі көк тудың астында биікке өрлеп аман жүрсін, «Мәңгілік Ел болсын !»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебі » КММ











Эссе тақырыбы:



Қасиетті жерім – Қазақстаным



















Орындаған : Кеңес орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Курсакова Камшат

























Қасиетті жерім - Қазақстаным

«Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз елінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа»-деп, Елбасымыз тірегіміз айтқандай қазақ елінің әр азаматы өз Отанына тер төгіп еңбек етуі тиіс.

Қазіргі кезде елдік туымыз тігілген, жайнап тұрған үлкен үйіміз,алтын шаңырағымыз бар. Жарастығымыз да,жақсылығымыз да,тыныштығымыз да,махаббатымыз да ол- Қазақстан.

Қазақстан- тәуелсіз ел.Сол тәуелсіздік жолында ата-бабам не көрмеді десеңші?!Еліміздің басынан бәрі өтті:аштық та,азап та,соғыс та...

Әсіресе,1986 жылғы «желтоқсан» оқиғасы-бүкіл елді дүр сілкіндірді.Меніңше,бұл оқиға батырларымыздың қайсарлығын,өжеттілігін танытты.Әрине,мен үшін көзбен көрмеген оқиғаны толғап жазу қиын... Бірақ,біз тарихымызды ұмытпауымыз керек.Жастар оқиға желісін ақын-жазушылардың өлеңдерінен оқып біле аламыз.Соғыстарға,толқуларға қатысқан батырлар жүректегі тебірентер сезімдерін осы ұмытылмастай жыр-толғауларымен жеткізген жоқ па?!Бізге тәуелсіздік әперген жүректілерге мың тағзым жасасақ та,аз болатыны хақ.

Мектебімізде «Кәусар» қазақ ұлттық орталығы жұмыс жасайды.Ауылдың үлкен-кішісі орталықтың белсенді мүшелері.Орталықта көптеген салт-дәстүрлер,әдет-ғұрыптар,ұлттық құндылықтарды насихаттаумен айналысамыз.

Халқымыз аңсаған Тәуелсіздік қолымызға тигенде,жан-жаққа тарыдай боп шашылған қандастарымыздың елге оралған сәттегі сезімдерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар... Осы жылы тәу еткен Тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.Еліміз аз уақыт ішінде көптеген алынбас қамалдың есігін ашып,биік-биік белестерге жеттік.Осының бәрі елім деп елжіріген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында іске асты.Осындай біртуар азаматымызға еліне ,жеріне қорған болған,бір ту астында түрлі ұлт өкілдері біріккен отандастарымызға қалайша өзімнің жүрек-жарды жырымды арнамасқа?!

Талай саңлақ алаш туы астында,

Сөз сөйледі өз рухтарын асыра.

Қазақтарды ел болуға шақырды

Ержүрек Қайрат,Ләззат,Сабира.

Тәуелсіздік гүл дер едім бүр жарған,

Күреспенен тулап өтті көп тарлан.

Егемендік-Алла нұры,берген сый

Бұл күндерді талай адам аңсаған.

Елім-ай гауһар тастай қымбат маған,

Тең келмес ешбір шаһар мына саған.

Туған елім жасай берсін мәңгілік

Бар әлемді келбетімен таңқалдырған.

Астана Қазақстанның кіндігінде,

Жыл санап биіктерден көрінуде.

Сұлу да,көркем шаһар бір өзіңсің,

Жетпес саған еш мұнар бұл әлемде.

Тәуелсіздіктің біз ұрпағымыз,

Қайрат пен Ләззаттың жалғасымыз.

Көк туды көкте мәңгі самғатар

Талапты да,білімді біз-жастарымыз!

Тәуелсіздік-ел тірегі!

Елімізді қорғайық,бағалайық,көркейтейік!Бірлігіміз жарасса,бәрі де болады.Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!Елін сүйген Елбасы жасай берсін!Қазақ елі көк тудың астында биікке өрлеп аман жүрсін, «Мәңгілік Ел болсын !»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.11.2018
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі