Тақырыбы:Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту.Қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтап, геометриялық пішіндермен жұмыс жасай білу
Міндеттері: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Ертегі желісі бойынша ой — өрісін, зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту.Шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң алтын күн,
Жарқын сәуле таратты.
Армысың жер ана,
Армысың алтын күн.
Армыңдар достарым.
Сіздерді көріп қуанам.
Барлығымыз экранға назар аударайықшы. Қандай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр мен жеті лақ ертегісі. Ендеше бүгінгі кіріктіріп ұйымдастырылған іс-әрекетімізді ертегі желісі бойынша жүргізетін боламыз.
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты.Орманға
баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
— Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен
келгенде
-«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп
әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп
қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, ұстаға жасатқан жіңішке
дауысымен әнге салды:
— Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың алтауын тауып, қабына салып әкетеді. Көп ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Ешкі лақтарын қанша шақырса да, лақтарын таба алмайды. Ең кіші лағы пештің ішіне тығылып қалып, қасырдан құтылады. Анасын көре сала, кіші лағы жүгіре бастайды. Анасына болған жағдайды айтып береді. Ешкі алты лағынан осылай айырылып қалады.Қасқырдан лақтарын құтқару үшін балалардан көмек сұрады ол үшін балалар тапсырма орындаулары керек.Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз ешкіге көмек бере аламыз ба? Қасқырдан лақтарды құтқару үшін әр лақтың артында жасырылған тапсырманы орындауымыз керек.
-Осылайша лақтарды құтқарамыз.Балалар, лақтарды қасқырдан құтқаруға келіседі.
1-тапсырма
«Кубиктерден жануарларды құрастыр»
Шарты:Кубиктерді құрастыру арқылы жануарлардың суретін құрастырады.
Тәрбиеші:Балалар сіздер үй жануарлары туралы тақпақ білесіздер ме?
Олай болса тақпақтарымызды айтып берейік.
Әмре:
Шөре шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал.
Селтеңдемей құлағың.
Айкөркем:
Кіп-кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп.
Қошақаным қозым деп.
Заңғар:
Тентек болма, ақ бұзау.
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.
Жанерке:
Құлыншағым,құндызым.
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым.
Құстай қанат қағады.
2-тапсырма
«Мнемотехника»әдісі
Шарты:Балалар сурет арқылы тақпақ айтып береді.
3-тапсырма
«Қай жануар немен қоректенеді?»
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, қасқырмен мен ешкіге өз азығын жинауға көмектесеміз. Ойынның соңында қасқырмен мен ешкінің азығын санаймыз.
4-тапсырма
Сергіту сәті
5-тапсырма
«Үлгі бойынша орналастыр»
Шарты:Пішіндерді үлгіге қарап отырып орналастырады.
6-тапсырма
«Суреттегі қай жануар?»
Шарты:Балалар қылқаламның көмегімен суреттің айналасын бояу арқылы қандай сурет екенін айтады.
Міне, барлық лақтарды құтқардық. Енді санайықшы неше лақ болды?
6 (алты) лақ болды. Керемет балалар!Жарайсыңдар,балалар сендер кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар сол үшін сендерді тәттілермен мадақтаймын.
Қорытынды:
-Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Біз қандай ертегі кейіпкерлеріне көмектестік?
Біз қанша лақты құтқардыңдар?
Жарайсыңдар, балалар, сендер лақтарды құтқардыңдар.
-Сендер жарадыңдар!
Қоштасу шеңбері
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болыңыздар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қасқыр және жеті лақ

шағым қалдыра аласыз