400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қасым Аманжолов "Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ақын өмірінен түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге үйрету Міндеттері: Білімділік: Қ.Аманжоловтың өмірін үлгі ете отырып, « Қазақстан» өлеңі туралы білім беру Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 12.12.2016

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Мақсаты: Ақын өмірінен түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге үйрету

Міндеттері:

Білімділік: Қ.Аманжоловтың өмірін үлгі ете отырып, « Қазақстан» өлеңі туралы білім беру

Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: видеоролик, буклет, суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу. Зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Болашақтың гүліміз,

Жарқын біздің үніміз.

Достық, байлық мекені

Біздің туған еліміз

Үй тапсырмасын тексеру

«Ой қозғау»

«Он алтыншы желтоқсан», «Қайраттың жазу дәптерінен» мазмұнын айту

-Өлең не үшін «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?

-Бұл күні қандай мереке?

-Қайрат Рысқұбеков кім?

-Ісіне, сөзіне қарап оны сиппаттап көр


-Балалар осы тәуелсіздік дегенде ойымызға не келеді?

1. Отан

2. Қазақстан

3. Туған ел




Жаңа сабақ

-Адасқан әріптер бойынша бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табайық. (Қазақстан)

-Бүгін біз «Қазақстан» өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңнің авторы Қасым Аманжолов. Қасым Аманжолов- қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Ол 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасы Қызыларай ауылында дүниеге келген. Қасым Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды. 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысының ардагер ақыны.

-Ендеше осы Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңімен танысайық.

Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,

Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,

Жеріміз бар қасиетті киелі,

Сен бақытты атам қазақ баласы.

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз.

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

Ел намысын ешбір жанға бермейміз.

Сертің осы азат жігіт, азат қыз!


А) мұғалімнің оқуы

Ә) хормен оқу

Б) жеке- жеке оқу

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

Балқаш- Балқаш көлі және оның маңындағы өндірісті қала.

Қас тағдырың қиқаңы- қиындықтың ауыртпалығы

Дәптермен жұмыс

.Shape1 ..

Shape2 жеріміз құл ...

...

.Shape3 .. ... жанбыз

Shape4 Қазақпыз

Shape5 ... ... намысы

АShape6 зат

...

-Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді жоғарыдағы сөздермен байланыстыруға болады?

Жұппен жұмыс

Сөзжұмбақ













Қ
















А


















З





















А




















Қ


















С





















Т























А



























Н













  1. Ұлт атауы

  2. Қазақстанның астанасы

  3. Көктем мезгіліндегі ұлы мейрам

  4. Рәміздің бірі

  5. Қыстың соңғы айы

  6. Қазақстандағы ең үлкен теңіз

  7. Рәміздің бірі

  8. Рәміздің бірі

  9. Қазақстан Президентінің есімі



Топпен жұмыс

1-топ

«Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

2-топ

Ақынның қуанған, шаттанған көңіліг білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.

3-топ

Ақын неге қуаны, шаттанады?

Бекіту

-Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

Қазақстан: Туған жер, Отан, Атамекен

-Отан, Қазақстан, туған ел туралы қандай мақал-мәтелдер білсеңдер?



Тренинг « Сен білесің бе?»

-Мен қасымдағы көршіме «Сен білесің бе?»-деп бастап, бүгінгі сабақтан үйренген бір ғана жаңалығымды айтамын. Ол өзінің көршісіне айтады. Осылайша, бәріміз « Қазақстан», Қасым Аманжолов, Қайрат Рысқұлбеков туралы ілген жаңалықтарымызбен бөлісеміз.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі