15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қасым Аманжолов "Қазақстан" Әдебиеттік оқу 2 сынып
|
Берілген уақыт |
Пәні: әдебиеттік оқу |
Мерзімі: 08. 12 .2016 |
Сыныбы: 2 |
Мұғалім: Байузакова Д.А |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қ. Аманжолов «Қазақстан» |
|
|
|
|
Сабақтың реті: |
52-сабақ |
|
|
|
|
Жалпы сабақтың мақсаты: |
Қ. Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңінің идеясын түсінеді. Өз ойлары мен пікірлерін жеткізе отырып, әдеби тілде сөйлеу дағдылары мен сөздік қорлары дамиды. Бір-бірін тыңдауға, сыйлауға, бағалауға және ұжымда, шағын топта жұмыс жасауды үйренеді. |
|
|
|
|
Оқу нәтижелері: |
-Қ.Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңінің идеясын түсінеді; -ойларын еркін жеткізе алады; -төменгі дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады -бір-біріне сыйластық көзқараспен қарайды; -шығармашылық тұрғыда бірлесіп жұмыс жасай алады; -өзін және құрдастарын бағалай алады; - ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді. |
|
|
|
|
Түйінді идеялар: |
Отан, тіл, халық ,туған жер,ел,Қазақстан туралы түсініктері кеңейеді |
|
|
|
|
Сабақтың типі: |
Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері |
|
|
|
|
Сабақты ұйымдастыру түрі: |
Жаңа сабақ |
|
|
|
|
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
Атомдар мен молекулалар, ойқозғау, плюс-минус-қызықты, тізбекті үзіп алма форум, білім теңізіне кемеңді жібер,көршіңе әңгімелеп бер, ойлан,бірік,бөліс ,күту уақыты әдістері Эссе жаздыру |
|
|
|
|
Жұмыс түрлері: |
Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
|
|
|
|
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: |
ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер,күннің,жердің суреттері, Қ.Аманжоловтың портреті ,- + қызықты қима қағаздар |
|
|
|
|
І Қызығушылығын оятукезеңі: |
|
|
|
|
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
|
|
|
1мин |
1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Көздерін жұмдырып жақсы нәрсе ойлату |
Оқушылар көздерін жұмып бүгінгі күнге сәттілік тілеп тек жақсы нәрсе ойлайды. |
|
|
|
3 мин |
2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Үй тапсырмасын сұрау |
Берілген тапсырма бойынша жаттауларын айтып,жазған әнгімелерін оқиды. .Жеке сұрақтарға жауап береді |
|
|
|
1мин |
3-әрекет: Жеке жұмыс: «Атомдар мен молекулалар» арқылы төрт топқа бөліну |
Оқушылар топқа бөлініп отырады. |
|
|
|
4мин |
4-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Ой қозғау» әдісі бойынша АКТ арқылы музыка тыңдату. Қазір қай тілде музыка тыңдадық? Өлеңде не жайлы айтылған? Бұл қалалар қай мемлекетке тиесілі? |
Оқушылар музыканы тыңдай отырып берілген сұрақтарға жауап береді. |
|
|
|
7 мин |
5-әрекет. Топтық жұмыс: Ойлан, бірік, бөліс әдісі бойынша төрт топқа тапсырма беріліп Постер қорғалады 1топқа:Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? 2топқа: Қазақстанның байлығы? 3топқа:Қазақстан сөзін естігенде көз алдыларыңа не елестейді? 4топқа:Сөзжұмбақ шешу |
Әр оқушы жеке, жұбымен, тобымен ойланып, ойларын сурет, сызба арқылы постерге түсіреді. Жариялайды. Әр топ бір- бірінің постерлерін - + қызықты әдісі арқылы бағалайды. "плюс" – ұнаған ақпарат туралы айтады. «минус» – ұнамағанын, түсінбегенін, ақпараттың керек емес екендігі айтылады. «қызықты» – әуесқой деректерді мақұлдайды, білгісі келіп сұрақтар қояды. |
|
|
|
|
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
|
|
|
|
16мин |
6-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Күту уақыты әдісі бойынша Оқулықтың 98-бетіндегі «Қазақстан» өлеңін оқып шығып өздерінің ойларымен салыстыра отырып, идеясын табуды тапсыру Оқулықпен жұмыс Қасым ата ағашын толтыру Өлеңді мәнерлеп оқу Сөздік жұмыс жүргізу |
Оқушылар өлең мазмұнымен жеке оқып танысады. Топтарында талқылап, өлеңнің негізгі идеясын табады. Көршіңе әңгімелеп бер әдісі арқылы жұппен талқылау жасату Әр топтан бір екі оқушыдан мәнерлеп оқиды Ақын қолданған сөздерді пайдалана отырып сөз тіркесін құрау |
|
|
|
1мин |
Сергіту сәті |
Жоғары қарап күн көрдім Төмен қарап жер көрдім Онға қарап,солға қарап Тәуелсіздік ел көрдім |
|
|
|
|
ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
|
|
|
|
5 мин |
7-әрекет: Жеке, топтық жұмыс: «Тізбекті үзіп алма» әдісі бойынша отан, тіл, халық,туған жер туралы мақал-мәтелдер,өлеңдер айтуларына ұсыныс білдіру |
Оқушылар мақал-мәтелдер айтады |
|
|
|
1мин |
8-әрекет: Жеке, топтық жұмыс: Ойын: «Полиглот» Әнұран Жалау Елтаңба Қала Елбасы Мен Қазақстанда тұрамын Мен Қазақстанды жақсы көремін |
Оқушыларға сурет көрсетіледі Балалар оны үш тілде аударып айтады |
|
|
|
1мин |
9-әрекет: Балалар біз Қазақстанда тұрамыз.Біз бақыттымыз.Біз нелерімізбен мақтана аламыз? |
Оқушылар өз ойларымен бөліседі |
|
|
|
|
10-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Менің Қазақстаным Эссе жазу |
Эссені оқытып жеке жеке бағалау |
|
|
|
3 мин |
11-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Қазақстанға деген сезімдеріңді немен білдіресіңдер? Атамекен әнін хормен орындайды |
|
|
|
|
1мин |
12-әрекет: Жеке жұмыс:Білім теңізіне кемеңді жібер әдісі бойынша кері байланыс орнату |
Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемелерін теңіз ортасына жібереді, түсінбегендер кемелерін теңіздің шетіне орналастырады |
|
|
|
1мин |
Үйге тапсырма беру:98-беттегі өлеңді жаттау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Өзін-өзі тексеру парағы»
Сабақтың аяғына дейін жүргізіледі.
Оқушының атыі_____________________________
|
Тапсырманың түрі |
Белгісі |
|
Постер дайындау |
|
|
«Плюс-минус-қызықты» әдісі бойынша бір-бірінің постерін бағалау |
|
|
«Үш бақытым» өлеңін оқып, идеясын табу |
|
|
Парталас көршіңе бір сөз таңда әдііс бойынша бір-бірінің постерін бағалау |
|
|
Мақал-мәтел айту |
|
|
Тақырып бойынша түйінді ойын айта алуы |
|
|
Әлі нені дамыту қажет? |
|
|
Маған ұнады |
|
|
Маған қиын болып көрінді |
|
Белгі бағанасына қойылатын белгілер:
* тапсырманы жоғары деңгейде орындадым
+ тапсырманы орта деңгейде орындадым
-тапсырманы орындай алмадым
|
Баға |
Дескрипторлар |
|
3 |
«Үш бақытым» өлеңінің мазмұнын біледі. Тапсырмаларды толық орындай алмайды. Ойын ашық, еркін жеткізе алмайды. |
|
4 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын айта алады. Тапсырмаларды орындай алады. Сұрақтар қоя алады. Белсенділік танытып отырады. Өзін және достарын бағалай алады. |
|
5 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын толық түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын еркін жеткізе алады. Дәлелді пікірлер ұсына алады. Өзге де мысалдар келтіре алады.Өзін және басқа оқушыларды бағалай алады. Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындайды. Ашық сұрақтар қояды, оған толық жауап бере алады. |
|
Баға |
Дескрипторлар |
|
3 |
«Үш бақытым» өлеңінің мазмұнын біледі. Тапсырмаларды толық орындай алмайды. Ойын ашық, еркін жеткізе алмайды. |
|
4 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын айта алады. Тапсырмаларды орындай алады. Сұрақтар қоя алады. Белсенділік танытып отырады. Өзін және достарын бағалай алады. |
|
5 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын толық түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын еркін жеткізе алады. Дәлелді пікірлер ұсына алады. Өзге де мысалдар келтіре алады.Өзін және басқа оқушыларды бағалай алады. Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындайды. Ашық сұрақтар қояды, оған толық жауап бере алады. |
Отан, тіл, халық дегенімізді қалай түсініп, елестете аласыңдар?
Ойларыңды постерге түсіріңдер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген