|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын
құру.
Оқушылар суретті мозайкалар
арқылы екі топқа бөлінеді.
«Қазақ хандығының ішкі-және сыртқы
жағдайы».
Оқушылар кубиктің алты қырындағы сұрақтарға жауап
береді.
Кубизм сұрақтары
КІМ? НЕ? ҚАЙ? ҚАНДАЙ? ҚАНША?
ҚАЛАЙ?
-
Қазақ хандығының негізін кімдер
қалады?
-
Қазақ хандығының Шайбанилермен соғысы не сабепті
ұзаққа созылды?
-
Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қай қалаларды өз
қол астына қаратты?
-
Алғашқы кезде Қазақ хандығының ішкі жағдайы
қандай болды?
-
Сырдария бойындағы қалалар қазақтар үшін
қаншалықты маңызды болды?
-
Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай
ұйымдастырылды?
Картамен
жұмыс. Оқушыларға картамен жұмысқа
тапсырма беріледі.
1.Қазақ хандығының алғашқы құрылған аумағын
көрсет.
2.
Қазақ хандары мен Шайбани ханның шайқастары болған жерлерді
көрсет.
3.1470 жылы Керей мен Жәнібектің шабуыл жасаған
қалаларын көрсет.

«Қасым хан тұсындағы Қазақ
хандығы»
Қасым хан туралы бейне материал көру. «Қазақ
елі. Қазақстан тарихы"
3-бөлімнен үзінді.
1-ші топ: Қасым хан.«Қасым ханның қасқа
жолы»
2-ші топ: Қасым ханның ішкі және сыртқы
саясаты.
Оқушылар өздеріне берілген
мәтінді белгілі бір уақыт ішінде топ болып оқып, постер
қорғайды.
Жаңа сабаққа байланысты қалпақтардың түсіне қарай
түрлі тапсырмалар беріледі. Әр қалпақтың ұпайы тапсырманың
деңгейіне қарай белгіленген.
-
Ақ
қалпақ-Қасым ханның шығу тегі туралы...
Қызыл қалпақ-Қасым ханның орнында болсаң Қазақ
хандығын қалай басқарар едің?
Сары қалпақ-Қасым ханның ел басқару саясатын
қалай бағалайсың?
Жасыл қалпақ-Қасым хан туралы қандай деректер
немесе зерттеулерді білесің?
Көк
қалпақ-әуенді тыңдап әннің аты мен авторын ата ?
Қара қалпақ-мәтіндегі термин сөздерді тауып,
мағынасын ашып айтып бер?
«Ғажайып жетілік»
Тақтада жеті қаланың суреті беріледі, қалалардың
арттарында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
|
1.Сауран

|
7.Самарқанд

|
4.Сарайшық

|
|
2.Ташкент

|
5.Жетісу өңірі

|
|
3.Тегеран

|
6.Сайрам

|
1.Сауран қаласы қай ханның кезінде сауда
орталығына айналды?
2.
Қасым хан қай жылы Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға қарсы соғыс
ашты?
3.
Тегерандағы Қажы Хусейн Малек
кітапханасынан табылған, парсы тілінде жазылған «Тарих-и Сафавие»
(Сефевидтер әулетінің тарихы) атты қолжазбада Қазақ хандығы
тарихына қатысты деректер көп
ұшырасады. Қолжазбада Қасым ханды «Дешті Қыпшақ ханы» кейде «Дешті
Қыпшақ патшасы» деп атайды. Бұл қолжазба қай жылы
табылды?
4.Сарайшық қаласы туралы бейне
сұрақ.
5.1514жылы кімнің Шығыс Түркістанға кетуімен,
қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды?
6.Қасым хан қай жылы Сайрамды
алды?
7. Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл
жасап, жеңіліп Самарқандқа
қашты?
|