Д.А.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебі
Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл
Тәрбие сағаты

![]()
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағаты тақырыбы: Соғыстың соңғы сардары
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету
Оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Слайдтар, бейне жазба кітаптары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушыларға психалогиялық ахуал қалыптастыру
ІІ. ББ кестесін беру Түрткі сұрақтар
Ұлы отан соғысы жылдардағы Шығыс Қазақстандықтар және Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылындағы қатысқан адамдар туралы деректер
Білемін Шығыс Қазақстан обл және өз ауылымыздың батырлары Білгім келеді
Бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстыру
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Қасым Қайсеновтың өмірбаянына шолу
2. Қасым Қайсеновтың шығармалары
3. Қасым Қайсенов туралы пікірлер
4. Қайсенов –ұлы тұлға марапаттары
5.Қорытынды
1. Қазақстандық патриотизм азаматтық құқықтық тәрбие беру
І. Қасым Қайсеновтың өмірбаянына шолу
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1937 жылы өзімен бірге оқитын Асыл атты қызбен шаңырақ көтереді.
Асыл әжеміз сол кезде небәрі 16 жаста болған. 1939 жылы техникумды бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жерін азат етуге жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді.
1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 желтоқсан күні 88 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.
2.Рухани адамгершілік тәрбие
ІІ. Оқушыларға бейне жазба тыңдату
«Ерлік істерімді батырлық деп санамаймын» Қ Қайсенов
Қасым ата сөзі
Партизандық өмір өте қауіпті. Сен үшін айналаңның бәрі – алдыңғы шеп.Жау алдыңнан да, артыңнан да келуі мүмкін. Жалпы сен жау тылындасың, яғни айнала қоршаудасың. Әр уақытта, қысы-жазы орманда жүресің. Бірақ партизандарда тәртіп деген қатаң болады. Тәртіп болмаса отряд жауға қарсы тұра алмайды. Армияда тәртіп бұзғандарды гаупвахтаға қамайды, немесе айып батальонына жібереді. Ал, бізде ондай жер жоқ. Біз тәртіп бұзғандарды, ауыр қылмыс жасағандарды қолма-қол атып тастаймыз. Партизандардың арасында командирдің айтқаны заң, отряд командирі дегеннің өзі өкімет, өзі сот, прокурор, яғни соның бәрі – бір өзіңсің. Айтқаның бітті, орындалады. Сен қалай шешесің, солай болады. Оны партизандардың бәрі түсінеді. Сондықтан олар бұйрығыңды сөзсіз орындайды.
Журналист:
Қасеке, партизан отряды деген құрама ғой, Әр селодан алынған, жастары да әртүрлі адамдар, қашып кетемін десе селолары жақы. Қайдан іздеп табасыз?
Қашып кеткенмен, бәрібір жаудың қолынан өледі. Партизан отрядынан кетсе, екі жаққа да сатқын болып көрінеді. Сондықтан партизан отрядына келеген адамға бірден-бір құтылар жол, ол – ақыр аяғына дейін соғысып, жауды жеңіп, жерді азат ету. Осыдан басқа оларда еш мүмкіндік те, жол да жоқ.
3. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Жұмыс істеген кездері Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері 1951–1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.
жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды. 1953–1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орын-басары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.
4.Отбасы тәрбиесі
№2 бейне жазба көрсетіледі Асыл апаның әңгімесі
ІІ Бөлім Қайсеновтың кітапнамасы, шығармашылығы
Мұғалім сөзі:
Оқушылар, жаңа бейнекөріністе Қасым атамыздың отбасы туралы, оның жан жары Асыл әжеміз туралы көрдік. Асыл әжеміз Қасым атамыз соғыстан кейін елге оралған кезде оған басынан өткен оқиғаларын қағазға жазу туралы ой салады. Қасым атамыздың жазушылық қабілетінің ашылуы да осыдан кейін басталғандай. Оны Қасым атамыздың өзі де былай деп мойындайды:
«Мені жазушылыққа әкелген осы апаң (жетпіс жылдан астам уақыт бірге бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан Асыл апамызды айтып отыр – Е.К.). Астай (Батыр Асыл апамызды осылай еркелетеді – Е.К.) «Социалистік Қазақстанда» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақстан» баспасында біраз жыл журналист, баспагер болып қызмет істеген. «Кітап жаршысы» дейтін газеттің редакторы болған.»
Мұғалім сөзі: Жазушылық өмірді қалай басатағандығы туралы Қ.Қайсенов өзі былай әңгімелейді:
«Соғыстан қайтіп келгеннен кейін жазушылықпен айналыса бастадым. Соғысқа дейін де өлең жазушы едім. Елге, кейінгі ұрпаққа пайдасы тиер-ау деген үмітпен естелік жазуға көштім. Қазақ әдебиетіне әскери естеліктер жанрын әкелген мен болатынмын. Қазақша, орысша, украинша шыққан кітаптарым бар. Өзім туралы да біраз еңбектер шықты. Украинада, Қазақстанда партизан Вася туралы көп жазылды. Қазіргі сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтің әкесі К.Тоқаев бір кездері маған еріп Украина жеріне барған еді. Онда достарымды, ұрыс салған жерлерімді көріп, қайтіп келгеннен кейін мен туралы орысша-қазақша екі кітап жазды.»
5.Рухани адамгершілік тәрбие
Шығармашылығы Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде
«Илько Витряк» «Переяслав партизандары» «Ажал аузынан»
«Жау тылындағы бала»«Днепрде» «Жау тылында»«Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.
Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері«Елімнің ертеңіне сенемін»«Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.
Мұғалім сөзі: Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады
Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Аталмыш туындалардан А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді партизан отрядында бірге болған жауынгер достары жайында ыстық көңілмен әңгімелейді. Қасым кітабының тамаша бір тарауын Украин партизандарының ардақ тұтар ақсақалы, халық соғысының қаһарман басшысы, әрі ақылды, әрі қатал – генерал-майор Сидор Артемьевич Ковпакқа арнайды.
Партизан – жазушы Қасым Қайсеновтың өмірі өзі жаудан қорғаған Украин халқымен тығыз байланысты. Украин халқы Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп құшағын жайып қарсы алады.
Қ. Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға түседі. Ол М.Муратовтың “Ломоносовтың жастық шағы”, Николай Томанның “Сабылтқан сағым”, Мамед Кулизаде Джалилдің “Почта жәшігі” кітаптарын құнарлы тілмен оқушы жүрегіне жеткізді.
Оның шығармалары әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды. Қасым Қайсенов – ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері. Қасым Қайсенов -ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады.
6.Ақпараттық мәдениет тәрбиесі Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ, Қазақстанның Халық жазушысы: «Қарағайға қарсы біткен бұтақтай еді…» – Ол біздің қанды қасаптан оралмай қалған мыңдаған ағаларымыз бен әкелеріміздің ақырғы көзіндей еді. Оған қарап, опат болған сол бір ержүрек ұрпақтың келбеті мен қасиетін көргендей болушы едік. Қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар мінезіне әрі сүйсінуші едік, әрі именуші едік. Сүйсінетініміз – оның бір басына ғана емес, окоп түбінде ойрандалып қалған мыңдаған замандастарының бәріне де тән сол бір қайтпас қайсарлықтың арқасында аман қалып, адыра шаңырақтарды қайтадан қатарға қосу үшін алға тырмысып, азамат болдық. Қаймығатынымыз – ортамызда тірі жүрген оны ренжітсек, опат болған қаһарман ұрпақтың бәрін ренжітетіндей көруші едік.
7.Көпмәдениетті көркем және эстетикалық тәрбие
Қ.Қайсеновтың марапаттары, «Қайсенов – ұлы тұлға» Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда танып отырғандай, Қайсенов Қасым – қандай атаққа да лайық. Ол өзінің осындай ерлік істері бола тұра, Кеңес Одағының Батыры деген атақты ала алмады. Ала алмады деу де қате болар, оған бұл атақ берілмеді деген дұрыс шығар. Ол шыншыл, адал адам болған. Осы
шыншылдығы, шындықты бетке айтатын бірбеткейлігі үшін де ол кейбір билік басындағыларға ұнаған жоқ.
Қасымның қандай қасиетін байқап отырмыз?
Қасымның шындықты бетке айтатындығы мына бір бейне көріністе де анық байқалады. Ол 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында қырғынға ұшыраған қазақ жастары үшін қабырғасы қайысып, қатты күйзелген. Сол себепті КСРО жоғарғы кеңесіне мынадай хат жолдаған болатын.
(«Горбачевты соттау керек» деген хаты туралы)
Ү Бөлім. Қорытынды
Сонымен, Оқушылар, бүгін біз кім туралы білдік Ол кісінің қандай қасиетін өздеріңе үлгі тұтасыңдар? (Әр оқушы өзіне ұнаған қасиеті туралы, неліктен ұнағанын айтуы керек.) Ендеше, тәрбие сағатымызды Оқушылар ойымен қорытындылайық
Қ – Қайсеновтың қазақ халқы берген атағы (Қаһарман)
А – Оның ең басты қасеті (Адалдық)
Й – Ол батыр болғанымен жүрегі мейірімге толы, … (Иманжүзді)
С – Ол – батыл болғанымен, … (Сабырлы)
Е – Оның әрбір жасаған ісі – … (Ерлік)
Н – Ол – басқа ұлттардың алдында өзін мойындатқан – … (Намысты)
О – «Ер болсаң қорға …» Қайсеновтың сөзі (Отан)
В – Оның партизандық атағы – (Вася)
«Қасым ата ескерткіштері»
Қасым Қайсеновтың құрметіне көзі тірі уақытында Өскемен қаласында көше және Айтықов ауылындағы мектеп атаулары берілген. Сондай-ақ, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының орталығы Қасым атаның атымен аталады
Қорытынды :
Отан үшін отқа да, суға да түскен батыр ұл-қыздарын Қазақстан халқы ешқашан ұмытпайды.
Сондықтан да, бүгінгі жас ұрпақ осындай батырдың өмірі мен өр рухын өздеріне үлгі етуі керек. Ұлы Отан соғысының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-партизан Қасым Қайсеновтің қан майданда жүргізген соғыс тактикасы жайын суреттеген «Қасым» атты фильм өте сәтті шыққан. Менің ойымша, бұл жақсы әрі маңызды бастама. Ел арасында «Партизан Вася» атанып кеткен атамызды Украин халқы ерекше құрметтейді.
![]()
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қасым Қайсеновтың 105 жылдығы

шағым қалдыра аласыз