Материалдар / Қашықтан оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды көрнекілік ретінде қолданудың тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтан оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды көрнекілік ретінде қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды көрнекілік ретінде қолданудың тиімділігі бойынша бірнеше платформаларды көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
213
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



««Қашықтан оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды көрнекілік ретінде қолданудың тиімділігі»»

Камалбаева Айсұлу Тынысбекқызы

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 4 курс студенті

Жұмыстың мақсаты: Білім беруде Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкін берілуі.

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім  беру өте-мөте қажет."
Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты.  Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі  XXI ғасыр-білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғасыры. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1.б   .]

Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектептi  модернизациялаудың маңызды компоненттерiнiң бiрi  - білім беруді ақпараттандыру, ол үшін болашақ  мектептiң мұғалiмдерiн дайындауда компъютерлік және коммуникациялық технологияларды өз кәсiби қызметiнде  еркін пайдалана білуге  әзiрлеу болып табылады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.

Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

Күтілетін нәтиже:

  • Қызығушылықты оятады;

  • Сабақ беру әдісі өзгереді;

  • Оқушылар ізденуге үйренеді;

  • Уақыт тиімді пайдаланылады;

  • Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық- коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

  1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқытудың жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

  4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

  5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген.

Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.

Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның бірі-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім сапасын арттырудың тиімді жолы болып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген.

Жаңа коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін  оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

Қазіргі таңда білім жүйесінің барлық саласы компьютерленген сондай-ақ, ақпараттандыру тәсілінің тиімді жетістіктерінің бірі-интерактивті тақтаның қолданылуы көп мүмкіндікке жол ашуда. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.

Білім жүйесін ақпараттандыру және мәселені шешу құзыреттілігін әрі қарaй дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кенінeң оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылaды. Міне осыған байланысты тұлғалық өзекті тақырыптың мақсаты:

Оқу танымдылық коммуникативтік құзіреттіліктің және ақпараттық оқу технологияларын жетілдіре отырып, математикаға деген қызығушылығын арттырып оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Aқпaраттық технологияның негізгі мақсаттары:

1. Элeктронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дaмитын әдістeмелік жүйe екeндігін мeңгеру. Сонымен бірге Электронды оқулық оқу ақпaратын тaсымалдаудың жаңа құралы болып табылады.

2. Моделдеу идеясы оқыту үрдісіндегі жаңа мүмкіндіктер. Атап aйтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланыcын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі – бір графикалық жүйеге кeлтіріп, aдамның шығармaшылық қaсиеттерін және ғылыми зeрдесін дамытудың құрaлы болып табылaды..

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

Осыған орай бүгінгі күннің басты мәселесі;

v    Ақпараттық сауаттылығын;

v    Ақпараттық мәдениетін;

v    Ақпараттық құзіреттілігін сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру

Оқушылардың құзыреттілігі «Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы» негізіндегі  тестілер арқылы анықталатындығын оның қойып отырған мақсатынан аңғаруға болады. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасының мақсаты әлемдік деңгейге  салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу саралау.Құзыреттілік тақтадағы жауабын мәтіннен алып талқылап тұрған жауаппен емес жаңа өнімнің жасалуы   мен алынуымен  бағаланады. Сонда ғана оқулықтар  оқушының өз бетімен жұмыс жасау рөлін атқарады, оқулық оқушының танымдық, пәндік, практикалық, тұлғалық – тәжірибесінің күрделі пайымдамасы синетезі ретінде оқушы құзырлылығын арттыруға мүмкіндік жасай алады. Компьютердің мүмкіндіктерін мынадай түрде қолданып келемін:

  1. қосымша материалдарды тыңдап, сабақ барысында қолдану;

  2. сабақтарда презентацияларды қолдану;

  3. геометриялық денелердің қималарын салуда қолдану

  4. диагностикалық материалдарды қолдану;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:

Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

Ақыл - ойын дамытады;

Шығармашылық белсенділігін арттырады;

Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

Тіл байлығын жетілдіреді;

Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. 
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық - білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық технологияның сабақ үрдісінде қолдану нәтижесі:

1. Ғылым негізін түсіну, ғылым жүйелігін  жүзеге асырудың  басты шарттарының бірі екендігіне  көз жеткізеді;

2. Дүниеге ғылыми, диалектикалық, материалистік көзқарасты қалыптастыру, оқу мазмұнының  бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз  етеді.

3. Оқушының жалпы ақыл-ой , дене қимылы,көңіл күйінің үйлесімді дамуына әсер етеді.

4. Қазіргі өндірістің ғылыми негізін меңгеру , техникалық процестер мен құрылымы, оның негізгі принциптерін түсіну жүзеге асады.

Сонымен , ақпараттық технологияны қолданып, сабақты ұтымды жүргізу оқытушыдан терең білімділікті, оқу үрдісін шеберлікпен   ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай сабақ  материалдары әр алуан ғылымдағы өзара байланыстарды оқушылардың зерделеуіне,олардың білімін арттыруға мүмкіндік береді.



Мен үш ыңғайлы және қол жетімді онлайн платформаларды ұсынғым келеді.

1.Canva онлайн платформасы

2. Wix онлайн платформасы

3. Mentimeter онлайн платформасы


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001-75 б.

1. Аюбаева Т. Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. //Қазақстан мектебі 2008,№ 11,50 б.

2. Доллинер Л. Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларының мәселелері және болашағы. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы, 2008,№1,2-4 б.

3. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы, 2000ж

5. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!