Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қашықтықтағы білім" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қашықтықтағы білім" атты мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 4

Қашықтықтағы білім

"Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла" - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға - жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу "Ұстаз" мамандығының ғажайып тылсым сыры.

Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу - біздің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.

Ұстаз ретінде мен тек жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешқашан да есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы " деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Бұл сөзді басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде, алтын қазыққа байлап келемін.

Қазіргі таңда білім беріп жатқан сыныбым Мектепалды даярлық сыныбы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған, жаңа өмірге аяқ басқан кішкентай ғана бүлдіршіндер.

Қазіргі таңдағы пандемияға байланысты, мектепалды даярлық сыныбы да онлайн жүйесінде білім алуда. Әрине, мектептегі өмір бір бөлек. Мектепке келуге асығып жүрген балапандарға, сынып бөлмесінде сабақ оқу, қоңырауда достарымен ойнау тіпті асханаға барудың өзі қызық. Телефонның арғы жағынан кішкентай, ерке бүлдіршіндердің тілін тауып, олармен сөйлесіп, оқу, жазуды, санауды үйрету, тапсырма беріп, орындауын қадағалау оңай болмайтыны анық. Бірақ, сабақ басталғанын асыға күтіп отыратын балапандар, "Сәлеметсіз бе, апай? Мен сабаққа дайынмын" деген тәп-тәтті, жүректі елжірететін дауыстары барлығын ұмыттырады. Әрине кішкентай балапандар өз еріктерімен тапсырмаларды орындай алмайды. Сол себепті де ата-аналарының еңбегі зор. Шыдамдылықпен қарап, түсіністік танытып жүрген ата-аналарыма үлкен алғыс білдіремін.

Бүкіл қазақ елінің басына түскен қиындықты жұмылдыра жеңіп, қайтадан мектепке барып оқуды барлығымыз асыға күтеміз. Құрметті әріптестер сіздерге шыдамдылық тілеймін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12