400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ТИІМДІ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттей келе қазіргі кездегі қашықтықтан оқытудың артықшылықтары және тиімді жақтары айқын байқалуда:  Оқушыны жаңашылдыққа бейімдеуде;  Оқушы оқу процесіне белсенділік танытуда;  Танымдық қызығушылықтары артуда;  Кері байланыс орнатады және икемдеп отырады;  Тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы
    Ақтөбе қаласы
       «№5 ЖББОМ»КММ
    Физика және информатика пәні мұғалімі
    Ерланова Шынар Алтынбековна





ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ТИІМДІ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Қашықтықтан оқыту формасы бүгінде, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Қашықтықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына қарамастан  және еліміздің кез келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда әрбір ұстаз өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар.

Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:

  • Сабақтың мазмұны;

  • Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;

  • Сабақтың нәтижелігі.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін мұғалім өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.

Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:

  • оқыту;

  • жаттықтыру;

  • бекіту;

  • қайталау;

  • дамыту;

  • шығармашылық, яғни іздену мақсатында;

  • бақылау мақсатында өткізіледі.

Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәнінің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:

  • диктант;

  • өзіндік және бақылау жұмыстары;

  • тестік тапсырмалар;

  • әр түрлі тақырыпқа берілген есептер мен жұмыс және т.б.

Мұғалім оқушының ішкі жан-дүниесінің сырын ашып, оның эмпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекcиялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтықтан оқыту-осыған бағытталған.  Қашықтықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан-дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.

Зерттей келе қазіргі кездегі қашықтықтан оқытудың артықшылықтары және тиімді жақтары айқын байқалуда:

  • Оқушыны жаңашылдыққа бейімдеуде;

  • Оқушы оқу процесіне белсенділік танытуда;

  • Танымдық қызығушылықтары артуда;

  • Кері байланыс орнатады және икемдеп отырады;

  • Тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді;

Қазіргі компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, ал кейде оданда көп әсерлі.

Қазіргі таңда, информатика пәнінен қашықтықтан оқыту бойынша «Online Mektep» порталымен қосымша жұмыстанып жатырмын. Online Mektep-Қазақстанның барлық нүктелерінен оқушыларды қашықтықтан оқытудың онлайн платформасы болып табылады. 2020 жылы Орталық онлайн-оқыту саласындағы инновациялық компания Bilim Media Group-пен бірлесіп Online mektep цифрлық білім беру платформасын әзірлеп, іске қосты (www.bilimland.kz).

Негізгі мақсат-жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту бойынша (онлайн режимде) бейімдеп оқыту мүмкіндігін беру.

Online Mektep елдің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін үлгілік оқу жоспарларына сәйкес 1-11 сыныптарға арналған барлық пәндерден цифрлық білім беру контентін қамтиды.

Сабақ мазмұны, жаттығулар мен тапсырмалар кешені Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетекші мұғалімдерімен әзірленіп, Орталықтың пән мамандарының модерациясынан өтеді. Жобаға 500-ден астам әзірлеуші мұғалімдер, оның ішінде НЗМ және еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері тартылды. 1-11 сыныптардың 1-4 тоқсанына әзірленген сабақтардың жалпы саны 24 074 құрады.

Платформаның негізгі идеясы-әр сабаққа конспект, сызба, зияткерлік карта түрінде теориялық материалдар әзірлеу, ал сабақтың практикалық бөлігі деңгейлік тапсырмалар түрінде беріледі, бұл тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті дағдыларды жүйелі және бірізді түрде дамытуға мүмкіндік береді.

Сайт сабақ мазмұнын ұйымдастырудың деңгейлік жүйесін ұсынады. Сабақтарды әзірлеген кезде тапсырмаларға негізделген оқыту қағидаты негізге алынды (task-based learning). Оқушы белгілі бір деңгейлік тапсырманы орындай отырып, белсенді танымдық үдеріске елігіп кетеді. Әрбір тапсырмаға қысқаша теориялық материал түріндегі «Білу маңызды» және «Түсіндірме» айдарлары беріледі, олар оқушыға сабақ тақырыбына қатысты білімдерін бекітуге және тапсырмаларды саналы түрде орындауға көмектеседі.

Оқушылардың материалды игеру деңгейі мен оқу қарқыны әртүрлі болатыны ескеріліп, оқушыға платформадағы материалдарды жеке оқуға мүмкіндік беріледі. Бұл өз кезегінде өткен материалды сапалы түрде бекітуге, сондай-ақ жеке оқу кестесін құруға мүмкіндік береді.

Онлайн платформа еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылды.


Қорыта келе, қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің қашықтықтан оқыту жүйесі жасалып,  білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты білім алу мүмкін емес.  Ал,  жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,  кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны  қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі-педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі