400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:

Пән: Дүниетану № 33 сабақ

Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар Бөлімше: Мейрамдар

Күні:

Қатысқандарсаны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Қазақстан халықтарының мейрамдары

Сабақтың мақсаты

3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • Қазақстанда қандай мейрамдар аталып өтілетінінбіледі;

  • Қазақстан халқының бірлігі күні қашан және қалай тойланатынынбіледі;

  • ұлттық мәдени орталықтар немен айналысатынынбіледі;

  • мейрамдардың не үшін керек екенінтүсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • еліміздегі мейрамдардың күнтізбесінқұрастырады;

  • салыстырады, қорытындыларшығарады;

  • мәселені талқылайды, пікірлеріменбөліседі.

Кейбір оқушылар:

  • еліміздегі мейрамдарды шығармашылық тұрғыдакөрсетеді;

  • өзінің тұрғылықты жеріндегі бір халықтың мейрамына сипаттамабереді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

– мейрамдардың маңызын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мейрамдар, достық, келісім, толеранттылық. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

Еліміздегі мейрамдар ұлттық, мемлекеттік және кәсіби болып бөлінеді. Талқыланатын мәселелер

  • Біздің елімізде қандай мейрамдар аталыпөтіледі?

  • Мейрам күндері адамдар неістейді?






  • Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар жайлы не білесіңдер?

  • «Қазақстан халықтарының тату-тәтті жанұясы» сөзін қалайтүсінесіңдер?

  • «Толеранттылық» сөзін естігендерің бар ма? Ол ненібілдіреді?

Жазылым:

Қандай мейрамды ерекше жақсы көретінің және не үшін жақсы көретінің жайлы дәптеріңе шағын әңгіме жаз.

Алдыңғы білімдер

Наурыз мейрамы

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Мейрамдар не үшін керек, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар:

  • көңіл көтеру үшін, өзіңді бақытты сезінуіңүшін;

  • күнделікті шаруадан көңіл сергітуүшін;

  • жақындарыңа сыйлық жасап немесе тәтті тағамдар дайындап, оларға қуаныш сыйлауүшін;

  • шығармашылық қабілеттеріңді көрсету үшін жәнет.б.

(Ж) Парталас көршіңмен мына сұрақтар бойынша әңгімелес:

  • біздің елімізде қандай мейрамдар аталыпөтіледі?

  • мейрам күндері адамдар неістейді?

  • «мейрам» сөзін естігенде көз алдыңа не келетінін сипаттап бер: түрлі дыбыстар,иістер, көңіл-күй, т.б.

(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек:

–Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелері жайында білеміз;

  • елімізде аталып өтілетін мерекелерді шығармашылық түрде көрсете білудіүйренеміз.



Оқулық

Жаңа сабақ

Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырмаға дейін).

(Т) Топта жұмыс істей отырып, мейрамдардың бірі туралы постер дайындаңдар. Оған шағын төрт жолды өлең шумағын, мерекелік ашық хатты, құттықтауларды қосуға болады.

Мейрамның қашан және қалай тойланатыны жайлы шағын әңгіме құрастырыңдар немесе қысқаша сахналық қойылым дайындаңдар.

Оқулықтағы 85 беттегі екінші азат жолдағы мәтінді оқу Мұғалімге арналған ақпарат:

Ораза айт – (арабша: Ораза – жаман істен тиылу, тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның бес парызының үшіншісі). Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі

Оқулық





Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тиым салынған күн.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Құрбан айтты мерекелеу намаз оқудан басталады. Намаздан кейін қойды немесе қошқарды құрбандыққа шалады. Малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін кедей-кепшіктерге береді, бір бөлігін өздеріне қалдырады және бір бөлігін айттап келген қонақтарға дайындап береді. Бұл қасиетті күні адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, тілектерін білдіреді.

ҚБ «Күтпеген ақпарат» стратегиясы.

Сабақта өтілген материалдың ішінен сіздің болжамдарыңыз бен ұғымыңызға сай келмейтін, күтпеген ақпаратыңызды таңдаңыз.

Мұғалім:

Әр халықтың өзінің бай мәдениеті бар. Ұрпақтан ұрпаққа аңыздар, ертегілер, дәстүрлер беріліп отырады. Әр халықтың өзінің ертегілері, өзінің сәбиге айтатын бесік жыры болады. Бірақ барлық халықты бақыт, әділеттілік, бейбітшілік, достық туралы армандар біріктіреді. Қазақстан халықтарын, сонымен қатар, мейрамдар біріктіреді.

  • Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар жайлы небілесіңдер?

  • «Қазақстан халықтары – тату отбасы» сөзін қалайтүсінесіңдер?

  • «Толеранттылық» сөзін естігендерің бар ма? Ол ненібілдіреді?

  • халықтар арасындағы толерантты мінез-құлыққа мысалдар келтіріңдерші. Слайд- презентацияны көру және электронды қосымшадағы тапсырманыорындау.

Тапсырманы орындау.

А. Бос орындарды толтыр

С. Өз елді мекеніңдегі ұлттардың мерекесін сипатта. Фото сурет желімде немесе суретін сал.





Оқулық (сөздік)









Электронды қосымша Ватман мен маркерлер



Дәптер

Рефлексия

Тапсырманы орындау.

Қай мейрамды ерекше жақсы көретініңді және не үшін жақсы көретініңді жаз. Сабақтағы жұмысыңа баға бер.

(ҚБ) «СМС хабарлама» стратегиясы. Досыңа СМС-хабарламамен сабақтың қалай өткенін және сабақта қалай жұмыс істегенің жайлы хабарлама жазып жібер.

Дәптер

Үй тапсырмасы

Тапсырманы орындау. Өзіңнің тұрғылықты жеріңдегі бір халықтың мейрамына сипаттама бер. Үлкендерден алған мәліметтерді, қосымша әдебиеттерді пайдалан. Сол мейрамға

қатысты түсірілген фотосуреттерді жабыстыруға болады.

Дәптер


1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі