Байтасова Динара
Балтабаевна
___
-__________________
№24 лингвистикалық мектеп
гимназиясы, ағылшын тілі пәні
мұғалімі
Қашықтықтан оқыту-
ақпараттық өркениеттің бастамасы
Қашықтықтан оқыту-
ақпараттық өркениеттің бастамасы
Елімізде орын алған төтенше
жағдайға байланысты отандық білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан оқыту түрлерімен қатар қашықтықтан оқыту түсінігі пайда
болды. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар мен ғылыми
негізделген тәсілдер арқылы білім алу
формасы.

Ақпаратты өркениеттің даму
бастауы
Оқытушы мен білім алушы
араасындағы асихронды тілдесуге (электрондық пошта, кейіннен аралық
және/немесе қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы
бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) негізделген оқытудың бұл
формасы 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп те
аталады. Қашықтықтан білім беру
технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline»
режимінде өткізуге оқудың негізделген. «Оnline» режимінде оқу
сабақтары нақты уақыт режимінде өзара іс-әрекет ету үдерісін
қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу,
телефон аппараты арқылы келіссөздер.

Қашықтықтан оқыту формасына
арналған оқу платформалары мен месенджері
Қашықтықтан оқытудың жетістігі
- оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс
қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша
берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту
курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде
беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты
элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын
ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі.
Оқу үрдісіне компьютер белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа
материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу
материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы
бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың
ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың
саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша
ерекшеленеді.
Оқушының географиялық орнына
тәуелсіз интернет желісінің көмегімен емін- еркін ақпарат алмасу
қабілеті білім сапасын арттыруға , білім беру жүйесін
ақпараттандырумен қоса, телекоммуникациялық технологияларды
пайдалануға мүмкіндік берді Оқытудың ауқымды және
жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде
білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент –
сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге,
электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан
оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы
уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең
түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін
кіруге болады.
Дей тұрғанмен, ақпараттық
технология жақсы дамығанына қарамастан ол оқытудың басты құралы
болып есептелмейді. Бұл дегеніміз қашықтықтан оқыту дәстүрлі оқыту
жүйесін толыққанды алмастыруға қауқарсыз, себебі оқытудың бұл түрі
біржақты емес, пайдалы тұстарымен қоса кемшіл тұстары да
жеткілікті. Қашықтықтан оқыту формасымен білім алудың маңызды
талабы- сапалы техникалық және программалық құралдармен қамтамасыз
ету міндетін қарастыратын экономикалық және финанстық сұрақтарды
былай қойғанда , психологиялық тұрғыда да қиындық туғызыры
сөзсіз.

Қашықтықтан оқыту түрлерінің
сипаттамасы
Қашықтан оқыту барысында
мұғалім мен оқушылар бір-бірінен біршама қашықтықта орналасып,
оқыту үдерісі пошта, теледидар, платформалардың және АКТ
құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Осыған орай білім беру
үдерісіне қатысушылардың атқаратын қызметі де бірқатар өзгерістерге
ұшырайды.

Қашықтықтан оқытуға
қатысушылардың рөлдері
Қазіргі таңда қашықтан білім
беруге көшу – короновирустық инфекцияның таралуын азайтуға
бағытталған шаралар аясында жүзеге асуда.Алайда, қалыпты тіршілік
кейіпімізге оралған соң заман талабына сай дәстүрлі оқыту түрімен
қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге алып жүру
көзделуде. Қажетті тұстарын игеріп,
игілігімізге жарата білсек ұтар тұсымыз да көп
болмақ.
Отандық білім беру жүйесіндегі
бұл өзгерістер адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық
өркениетке көшуге қаланған маңызды кірпіші
болмақ.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан
оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы
электрондық курстар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы,
педагог-үйлестірушілерді дайындау болып
табылады.
Бұл біліктілігі жоғары,
зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі
бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді. Қашықтықтықтан
оқыту технологиясы – мамандарды дайындау мен олардың біліктілігін
әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның әң әсерлі де
тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан
екені даусыз.