ҚАШЫҚТЫҚТАН
ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Тұрлыбай
Бақыт Серікқызы
Тарих
пән мұғалімі
Білім
беру жүйесінде ерекше маңызды болып
табылатын мәселелердің бірі – оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде
ақпараттық технологияларды пайдалану
болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын меңгеру мұғалімнен
орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа
негізделген ізденістерді қажет етеді.
Бүгінгі
таңда төтенше жағдайға байланысты
елімізде мектеп оқушылары 4 тоқсанды
қашықтықтан оқытудың жаңа форматы
бойынша оқуда. Мұғалім мен оқушы арасында
қандай да қашықтықта интернет ресурстарының
сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың
формасы жүргізілуде. Қашықтықтан оқыту
барысында желілік технология,
кейс-технологиялар,
ТВ-технологиялар
сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін
жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен
жұмыс жүргізілуде. Қашықтықтан оқыту
негізінде оқушының белсенділігін
арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру,
танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту,
тақырыпты игеріп өз ойын еркін жеткізе
білуге үйретуге көмегін тигізеді.
Білім
беру жүйесінде ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияны
дамытудың тиімді құрылымы – білім
порталдары болып табылады.
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым
министрі Асхат
Аймагамбетов айтпақшы, оқу
процесін ұйымдастыру үшін барлық
оқытушылар мен студенттерге электронды
платформаларға қол жетімділік берілді.
Құрал ретінде бейне сабақтар, дербес
және онлайн жұмыс, онлайн курстар және
т.б. қолданылуда. Бізде бірнеше керемет
жүйелер бар: "Bilimland", "Google
Classroom", "MOODLE", "Univer", "Platonus",
"Canvas", "Daryn.online" және т.б.
«Coursera» платформасы сонымен қатар
курстарға кіруге мүмкіндік ашты, «ZOOM»
қызметі сабақ өткізуге ақысыз қол
жетімділікті қамтамасыз етті.
Қазақстанда баламасы жоқ BilimLand ұлттық
цифрлық білім беру платформасына бүгінге
дейін 7 000-ға жуық мектеп қосылған.
Қазақстан бойынша білім беру мекемелеріндегі
педагог мамандар сайттағы барлық сабақты
қолданып, цифрлы технологиялардың
тиімділігін сезінуде.
Ал, Daryn.online білім
беретін платформасы қазіргі таңда 18916
оқушы тіркеліп, 4616 оқушы білім алуда.
Сонымен қатар, оқушылар жақсы көретін
«Балапан» және «Ел арна» телеарнасы
арқылыда тиісті график бойынша күнде
сабақ беріліп отыр. Сонымен қатар, тағы
бір байланыс түрі болып табылатын
платформа- WhatsApp мессенджері. Бүгінде
сабақ көбіне WhatsApp мессенджері арқылы
өтетіндіктен оқушыларға тапсырма да
осы платформа арқылы беріледі.Қашықтықтан
оқудың тағы бір тиімді жақтары аты айтып
тұрғандай қашықтықтан сабақ өткізілуінде
ешқандай қатып қалған кесте жоқ оқушы
қалаған уақытында мүмкіндігіне қарай
ұстаздармен байланыста болады. Осыған
байланысты ата-ана баласының сабағын
қадағалап, ұстаздар мен ата-ана арасында
бұрынғыдан да тығыз байланыс орнауда.
Мектеп әкімшілігі төтенше жағдайға
байланысты ұстаздар мен оқушыларға
қашықтықтан оқу барысында бар көмектерін
көрсетуде, интернетпен және ноутбукты
қажет ететіндерді қамтамасыз етуде.
Бұл біздің бірлігіміздің арқасында деп
ойлаймын.
Бүгінгі
Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім
беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық,
әлеуметтік және мәдени өзгерістерге
мейлінше бейімделуді талап етеді.
Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына
қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар
жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан
мағлұматы бар, үнемі шығармашылық
ізденістегі, кәсіби біліктілігін
шыңдайтын жеке көзқарасы бар, зерттеушілік
қабілеті бар, білімді де білікті, білімін
күнделікті ісіне шебер қолдана білетін,
өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға
баулитын кәсіби маман иесі болуы керек.
Бұл өмір талабы. XXI ғасыр-озық технологиялар
ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде
қашықтықтан
оқытуды тиімді
пайдалану уақыт
талабы.