400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқыту- заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,қашықтықтан оқытудың қазіргі таңдағы маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Джолдасова Ж.А.

Тараз қаласы Д.М.Карбышев атындағы

№16 орта мектебі директордың ғылыми-

әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары


Қашықтықтан оқыту- заман талабы

Білім алушылар мен педагогтардың, басқа да қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында барлық білім мекемелері сәуірден бастап білім беру технологияларын пайдалана отырып қашықтықтан оқуға көшті. Қашықтықтан оқыту - интернет ресурстар мен ТВ сабақтар арқылы жүзеге асырылатын педагог пен білім алушы арасындағы әрекеттестік. Бірінші кезекте ұстаздар алдында жауапкершілік жүктелгені анық.

Әрине, алғашқы кезде әр ұстаздың көкейінде «Қашықтықтан оқыту қалай болады екен, оны қалай жүргіземіз?» деген сауалдар тұрды және «Осы жұмысты дұрыс ұйымдастыра аламын ба?» деген сенімсіздіктің де болғаны рас. Себебі оқушылар білімді әр түрлі қабылдайды. Біреулері мұғалім түсіндірмесі негізінде өзін толғандырған сұрақтарға жауап алса, кей оқушыларға тек бағыт-бағдар беру жеткілікті. Дегенмен, төтенше жағдай кезінде бала білімсіз қалмауы керек, оқуы тиіс екендігі мәлім.

Сондықтан қоғамда болып жатқан төтенше жағдай кезінде педагогтардың өз жұмысына басқаша көзқараспен қарауына мүмкіндік туды. Ұстаздар қауымы бұл істі жауапкершілікпен атқаруға жан-жақты кірісті. Әрине, айтарлықтай оңай болған жоқ. Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге байланысты біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп әкімшілігінің бірлескен жұмысы негізінде қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтар, білім алушылар, ата-аналар арасында ақпараттық -түсіндіру жұмыстары онлайн түрінде ұйымдастырылды.

Ұстаздарға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының- «Bilimland», «Кundelik.kz», «Dаryn.online», «GoogleClassRoom» секілді оқыту платформалары мүмкіндіктері ұсынылып отыр.

Қазіргі кезде қиындық артта қалды деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдері өзгеріске тез бейімделіп, интернет ресурстарын пайдалана отырып, тиімді әдіс-тәсілдер негізінде сабақты ұтымды ұйымдастыра білді. Оған себеп мұғалімдер өздері өткізген сабақтарын интернет желілеріне жүктеп, әріптестерімен тәжірибе алмасса, мектеп оқушылары мен мұғалімдері әр түрлі қашықтықтан өткізілген байқауларға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. «Жұмыла көтерсе жүк жеңіл» демекші, мұғалімдер жауапкершілік танытты.

Оқушылар ғана емес, қазіргі кезде қашықтықтан өткізілген жұмыстарға ата-аналар тарапынан да қолдау тауып отырмыз, яғни ата-аналар өз ой-пікірін интернет желілері арқылы білдіруде. Қорыта келе, «Қазақстанның болашағы - білімді жас ұрпақ» дей отырып, қашықтан оқытуда білім беру сауаттылығымыз бен салауаттылығымызды барлығымыз бірге дамытайық демекшімін. Ал білімді, салауатты ұрпақ тәрбиесі - ұстаздардың еншісінде.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі