400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан оқыту Адам-адамзат айнасында 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушыларға «адамгершілік», «адамзат » ұғымын түсіндіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Абиева Асемгуль Бахытжановна

БҚО Орал қаласы М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп, өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пәні

Өзін – өзі тану

Мұғалімнің аты-жөні

Абиева Асемгуль Бахытжановна

Оқулық

10-сынып

Сабақтың тақырыбы

Адам-адамзат айнасында 30-сабақ

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Жауапкершілік,шынайылық,қайырымдылық

Мақсаты

  • Оқушыларға «адамгершілік», «адамзат » ұғымын түсіндіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу


Міндеттері


  • - оқушыларға адам өмір бойы білім іздеу керектігін үйрету

  • - оқушылар бойындағы өз-өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту;

  • - оқушыларды жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен, шынайылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Оқушының аты-жөні

(оқушы өзі толтырады)

Егер тапсырманы қағаз бетіне орындайтын болса, оқушы тапсырманы осы қазғазға орындап, мұғалімге қайта жібереді.



Іс-әрекет реті

Ресурстар (мұғалім толтырады)

Орындалуы (оқушы толтырады)

Дәйексөзді талдау

Жалпы адамзаттың жақсылығына сену — адамгершіліктің ең биік белгісі.

М.Жұмабаев



Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

  • Ақынның дәйексөзінен қандай ой түйдіңдер?

Сіздердің жағдайларыңызда адамдардың жақсылығына қаншалықты сенесіз?

Жұмыс жасайтын бағдарламада талқылау жүреді


Әңгімелеу

(6 слайд)

Таным тағлымы

Аңыз әңгіме

Ертеде екі данышпан өмір сүріпті. Біреуі өз шәкірттеріне: «Көп затты танып білу үшін қиыншылықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет», - дейді екен. Ол өз шәкіртгерін адам аяғын баспаған кұзды шыңдарға апарып, биік асулардан, тар соқпақтардан өтуге үйретеді. Екіншісі болса: «Ақылды адам шыңға өрмелемейді, оңай жолын іздейді», - деуден жалықпайды. Ол өз айтканынан кайтпай, шөкірттерімен сол шыңды айналып, жеңіл де оңтайлы жол іздеуден танбайды. Алғашқылары киындықты жеңе отырып, өмірден көп нәрсеге үйренеді, өздерінің мүмкіншіліктерін, кабілеттерін дамытып, шыңды бағындырады. Сейтіп, айналасындағыны алыстан көруге үйренеді. Соңғылары қиындықтан қаша жүріп, асуды айналып өтеді, жолда не іліксе, соған риза болады. Олар тек жанындағыны ғана көргендеріне мәз болады. Өзіңді, өмірді танып білу үшін киындықтан жасқанбай, «тар жол, тайғак кешуден» тайсалмау керек.

1«Алыстан көруге уйренді» дегенді қалай тусінесіңдер?

2. Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неліктен?

Жұмыс жасайтын бағдарламада талқылау жүреді

Шығармашылық тапсармалар

4- тапсырма

Мәтіндерді оқып, адам болуға, азамат болуға негіз болатын тірек сөздер мен ойларды іріктеп алып, әңгімелеп беріңіздер.

Тұлғалардың азаматтығы, елге, адамзатқа деген сүйіспеншілігі қай сөздерден көрінеді?

а) ... Жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз Тоқтар аға?

– Мен мұны ылғи да айтып жүрмін. Намысты әркезде бірінші орынға қою керек. Жастарға, тәуелсіздік құрдастарына айтар бірінші кеңесім осы.

Екінші мәселе өмірде мақсатың болуы керек. Алдыңа мақсат қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің. Бала кезден-ақ кім болатыныңды анықта. (Әңгімелескен Арман Алтайұлы).

ә) ... Бауырлар, кітапты көп оқыңдар. Спортта болсын, басқа салада болсын, ең бірінші білім керек. Білімің болмаса, еш жерден жарқырап шықпайсың. Ең алғаш спортзалға барғанда ұстазымыз барлық балаларды жинап алып айтқан: «Маған сендердің чемпион болғандарың керек емес, ең бірінші кезекте адам болыңдар! Ертең чемпион болғанда адам танымай, тәкаппарланып кетсең, немесе жеңілген кезіңде сынып қалып, төмен түсіп кетсең, ең қиыны сол болады. Сондықтан бірінші кезекте адам болыңдар!» – деген сөзі әлі жадымда. (Қанат Ислам: Тәуелсіз елдің қадірін білейікші, бауырлар! www.qazaquni.kz/ Қазақ үні. Ұлттық портал).

б) ... Бәрінен азаматтық биік! «Ақын болуға міндетті емессің, азамат болу борышың» дейді Некрасов. Қазақ ақылды адамын азамат деп ардақтайды. – Некрасов – ұлы ақын. Айтқаны дұрыс шығар. Азаматтықты қастерлегенде, адамгершілікті де ескерген болар, – деді Жарас. Қазақша азаматтықты көбіне тар мағынада түсінеміз. Қейде ат майын берген адам да, азамат атана беретіні бар. Азаматтық ақылға қарап та өлшене бермейді. Ал адамгершіліктің мәні, онан гөрі тереңірек жатыр. Ол бір адамның құшағына сия да бермес. Бүкіл адамзатты сүюге шақырады ол. Ал адамзатты сүйген азамат, адам баласына қиянат істемейді, әрине... (З. Шүкіров «Отты өткелдер»).

Тапсырман осы жерге немесе дәптерге орындап kundelik.kz порталына жүктеңіз немесе whatsupp желісі арқылы мұғалім чатына салыңыз.

Жоба тақырыбы бойынша тапсырма

Жобаны орындаудың нұсқаулығына сүйене отырып, соңғы тапсырмаларыныз осы жобаны аяқтауға арналу керек. Үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Сонымен қоса сабақтың барысында жоба жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тексеуге болады.


Тапсырман осы жерге немесе дәптерге орындап kundelik.kz порталына жүктеңіз немесе whatsupp желісі арқылы мұғалім чатына салыңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
4362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі