Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқушыларға үздіксіз тәрбие беру тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие орынбасарларына қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқушыларға үздіксіз тәрбие беру тәсілдері


Исабекова Нуржамал М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы, орта мектептерде жыл сайын оқу жылының басында мектептегі тәрбие жұмысы бекітіліп, сол жоспар бойынша жұмыс жасайтынымыз белгілі. Бірақ былтырғы жылы әлемді жайлаған короновирус індетіне байланысты қауіпсіздік сақтау мақсатында, 4 – тоқсанда оқушыларға қашықтықтан білім беруге мәжбүр болғанымыз бәрімізге аян. Және де болжаусыз болған бұл жағдайда бірден оқу-тәрбие ісін жалғастырып әкету оңай емес екені айтпаса да түсінікті болды. Жоспарда бекітілген пән бойынша сабақты қашықтықтан оқытуға болатын шығар. Ал тәрбие ісі бойынша мұндайда не істеу керек? Бұрын оқушы күнінің жартысына жуық уақытын мектеп қабырғасында өткізетін, шараларға қатысып, қызығатын үйірмелерде, секцияларда өткізетін. Ал қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп тарапынан үздіксіз тәрбие беріп, баланың үйде зерігіп, қандай да теріс ықпалға түсіп, зиянды әрекеттерге үйір болмауы үшін не істеу қажет? Әрине бұл жағдайда әсіресе тәрбие орынбасарларына қиынға соғары анық. Осы жайттарды ескере отырып, аз да болса М.Мақатаев жалпы орта мектебіндегі  мектеп ұжымының атқарған шағын да болсын тәрбиелік шараларын көрсете отырып, тәжірибемізбен бөліссек деген едім.
Тәрбие тұжырымдамасында көрсетілге 8 бағыт екені білгілі. Мектепте  қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие тұжырымдамасының  8 бағыты қамтылған тәрбие  жоспарын құрдық. Мектеп директоры А.Алшынбекова апайдың келісімімен, жеңілдетілген түрдегі бұл тәрбие жоспарын  қашықтықтан сынып жетекшілермен таныстырған соң, оқушылардың ғаламтор, телефон, ноутбук сияқты құрылғыларға қолжетімділіктерін ескере отырып, қашықтықтан тәрбиелік шараларымызды бастап кеттік.
Жүріп жатқан індетке байланысты назарға алған бірінші шарамыз-оқушылардың өмір қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау және карантин ережелерін қатаң сақтауын қадағалау мақсатында ата-аналар мен оқушыларға ақпарат беру болды. Осы мақсатта ғаламтор желісі арқылы  вирустан қалай сақтану керек екендігі жайлы жадынама, роликтер таратылды. Одан ары салауатты өмір салтын ұстану бағытында сынып жетекшілермен «Үйде бол» челленджін ұйымдастыруды бастадық.








Оқушылар өздерінің карантин кезінде эпидемиологиялық талаптарды қалай сақтау керек екенін, сонымен қатар, әр оқушы өз денінің сау болуы үшін дене жаттығулар жасау қажеттігі жайлы шағын бейнероликтер жасап, көпшілік назарына ұсынды.
15 мамыр отбасы күніне орай отбасылық тәрбие бағытында «Біз үйдеміз» «Отбасы –шағын қоғам.» «Отбасы-бақыт мекені.» «Отбасы-өмір аясы.» тақырыптарына бейнероликтер дайындап ата-анасы, ата-әжесі балаларымен  карантин талаптарын сақтап үйде отырғаны жайлы ғана емес, отбасылық тәрбие бағытында қаншалықты жылулық пен мейірімде өмір сүріп жатқаны жайлы көріністер бейнеленді. Мысалға, әжесінің немересін алдына алып кітап оқытып, ол кітаптан қандай ұлағатты әңгімелер оқығанын немесе ол кітаптағы адамгершілік жайлы әңгімелерді баяндап беріп отырған  бейнероликтегі  көрініс көпшілікке үлгі бола білді деген ойдамыз. Ұлттық тәрбие бағытында   отбасылық наурыз мерекесін атап өтілу жайлы көріністер,  ұлттық киіммен отбасылық дастархан басында жақсы тілекпен қарсы алып отырған   көріністері өте сәтті шықты.
Рухани-адамгершік бағытындағы 175 жылдық мерейтой аясында  Ұлы Абай атамыздың өлеңдерін және қара сөздерін  видео арқылы оқушылар арасында оқу жалғасып жатты. Жыл соңында «Қош бол бастауышым» «Бастауышым бастамам білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу ертеңгіліктерін ұйымдастырдық. «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты сынып сағаттарымен жылды аяқтадық.
Жалпы жоғарыда атап өткен барлық шараларды сынып жеткшілердің ұйымдастыруымен, ата-аналардың қатысуымен өткіздік. Және де, ұстаздарды қуантқан жайт – барлық оқушылардың ата-аналарымен бірлесе белсене қатысуы болды. Себебі, карантин жағдайында отырған оқушыға өз тетелестерінің тәрбиелік маңызы бар  түрлі бейнероликтері шабыт бітіргені сөзсіз. Сондай-ақ, қашықтықтан ұйымдастырған жеке тұлғаның тәрбиелік дағдыларының қалыптасып, ой өрісін дамуына үлес қосатын түрлі шараларға да  шәкірттеріміз өте белсенді қатысумен болды.
Жалпы қорытындылар болсақ, қатарластарымен мектеп қабырғасында білім алып дағдыланған  әр оқушының карантин кезінде психологиялық күйзеліске түспеуіне  қашықтықтан ұйымдастырған  бұл тәрбиелік шаралардың маңызы зор болды деген ойдамыз. Және де, алдағы уақытта қандай да бір  белгіленген мерзім аралығында  қашықтықтан білім берген  жағдайда  тұжырымдамада көрсетілген 8 бағытты қамти отырып, түрлі шаралармен тәрбие жұмысын үздіксіз жүргізуге болады деген ойдамын.









Биылғы 2020-2021оқу жылына қашықтықтан арналған тәрбие жұмысының жоспары жасалып, бекітілді. 2020-2021 жылғы оқу жылында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптар үшін оқытуды дистанциялық форматта бастау жоспарланған болатын. М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебінде 1қыркүйек күні еліміздегі пандемияға байланысты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны мен білім күні сабақтары онлайн түрінде өткізілді. Мектеп директоры А.Алшынбекова ата-аналар мен оқушыларды қашықтықтан құттықтап,1сыныпқа баратын және 2-11сынып оқушыларын да еліміздегі пандемияға байланысты қашықтықтан білім алатынын айтты. «1қыркүйек –Білім күні», «Ата заң –алтын діңгегім» атты сынып сағаттары қашықтан барлық сыныптарда өткізілді. Жыл басында барлық сынып жетекшілер ата-аналардан жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік шаралары ережелерімен таныстырып ,келісім шарт жасасып ,қол қойдырып алды. Мектебімізде қыркүйек айында «Мектепке жол акциясы» өткізілді.

13 қыркүйек- Отбасы күніне орай қашықтықтан өткізілген іс-шаралар. Барлық сыныптарда «Отбасы-өмір аясы.», «Отбасы құндылықтары.» «Отбасы-бақыт мекені.»атты сынып сағаттары өткізілді.Бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік. Пандемия кезіндегі іс-шаралар. Көшеде жүру тәртібі мен мұз қатуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері атты видеороликтер жолданды және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қарттар күні және Ұстаздар күніне қашықтықтан өткізілген іс-шаралар. Қарттар күніне орай «Қарты бар үйдің қазынасы бар»,»Қариялар –таусылмас дариялар»атты тәрбие сағаттары өткізілді.

1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы», «Менің Президентім», «Елін сүйген Елбасы» атты сынып сағаттары барлық бастауыш сыныптарында өткізілді және елбасымыздың балалық шағы ,өмірбаяны жайлы видеороликтер мен слайдттар дайындап балаларға көрсетті.









Жалпы айтқанда қашықтықтан оқуға да балалар жай-жай үйренісіп келеді қашықтықтан оқыту кезінде бастауыш сынып оқушылары «Мұрагер», «Дарабоз», «Өнеге», «Дарын» атты республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз бар деп мақтанышпен айта аламын. 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай барлық бастауыш сынып жетекшілері өз сыныптарында қашықтықтан тәрбие сағаттарын өткізді.Видеороликтер жасап,шағын тәуелсіздік жайлы видеороликтерді оқушыларға көрсетті.Тәуелсіздік мерекесіне орай Daryn.asia-халықаралық үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы ұйымдастырған «Мәнерлеп оқу»-байқауына оқушыларымды қатыстырып ерекше қабілеті мен дарыны арқасында I-дәрежелі диплом иегерлері ; Тойжан Нұрасыл 3 сынып оқушысы және Үсен Аяулым 1 сынып оқушысы. II-дәрежелі диплом иегерлері; Нурназарова Кәусар 4 сынып оқушысы, Тойжан Әлғани 1сынып оқушысы,Берикбай Айару 2 сынып оқушысы. Жаңа жыл мерекесін де онлайн түрінде атап өттік. Бастауыш сыныптарда қашықтықтан онлайн түрінде тәрбие сағаттары өткізілді.30 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында қысқы демалыс кезіне іс-шара жоспары жасалып,бекітілді.Оқушыларға қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде жұмыстар жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп», «Оқуға құштар сынып» атты онлайн форматында шығармашылық іс-шара өткізілді.Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары қатысып,Абай Құнанбайұлының және Мұқағали Мақатаевтын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12