Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ GOOGLE ФОРМАНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ GOOGLE ФОРМАНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ»
Информатика пәні мұғалімі, педогог- модератор.
Шымкент қаласы, №86 жалпы орта білім беретін мектебі
gulnur_pilalova@mail.ru
«Мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім»
Ы. Алтынсарин.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, – деген Ғафу Қайырбековтың осы өлең жолдарын оқып Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар, ұлы мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Қазіргі кезде қашықтықтан оқытуға байланысты білім алушылармен,оқушылармен байланыста болу өте маңызды. Қашықтықтан оқып жатқан оқушыға оқу жылын қашықтықтан бастау қалыпты жағдай емес екендігі баршамызға мәлім. Қай ұстаз болсада күнделікті сабағына қаншалықты деңгейде ізденісте болып дайындалса, қашықтықтан оқыту кезінде де соншалықты оқушының көңілінен шығуға тырысады.
Қашықтықтан оқыту бұл – интернетті пайдалану арқылы қашықтықта отырып оқыту тәсілі. Қашықтықтан оқыту технологиясы интернет желісімен, электрондық пошта арқылы және басқа да заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы, компьютерлік оқыту және интернетте оқыту арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жүйесі бір- бірінен алшақ отырған оқушылар мен мұғалім арасын байланыстырушы болып табылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып білім берудің мақсаты- білім алушылардың яғни оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, әртүрлі платформаларды қолдану арқылы оқыту, білім алушы мен мұғалім арасында кез келген форматта өзара файлдармен алмасып,оқушыны білім алуға деген қызығушылығын арттырып білім беру . Қашықтықтан оқыту кезеңінде әр мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлі платформаларды қолдану арқылы оқытуды жүргізіп келеді. Ол платформалардың қайсысы болмасын өз сабағын оқушыға ыңғайлы және түсінікті түрде жеткізуге, олармен диалог жүргізуге және кері байланыстар жасауға өте тиімді.
Қашықтықтан оқыту кезінде өзімнің оқушыға білім беруде түйген ойым:
-
Ұстаз өзінің АКТ құзіреттілігін дамыту керек;
-
Қашықтықтан оқыту технологияларын жетік біліп , жетілдіру керек;
-
Ұстаз заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз болу керек;
Қашықтықтан оқыту кезінде өзім информатика сабағында оқушылармен кері байланыс жасау үшін тиімді құрал - Google форманы қолданамын. Барлық ұстаздарға қолдануға өте қолайлы әрі түсінікті. Google форма арқылы кері байланыс, бөлім бойынша тест тапсырмаларын(бір дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаптармен), сауалнама, бөлім бойынша тест сұрақтарын, оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша жазба жұмысын жаздыруға, бақылау жұмыстарын орындатуға әсіресе информатика сабағынан бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау өткізуде өте қолайлы құрал .
Сонымен бірге бұл платформа ұстаздарды қағазбастылықтан құтқаратын бірден бір құрал деп айтуға болады. Осы Google формаға алдын ала дайындаған тапсырмаларды орналастыру арқылы практикалық жағынан таныстыруды алдын ала дайындаған тапсырмаларды жөн көрдім.
Google формаларымен жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде google-де аккаунт (gmail.com) пошта ашып алу керек. Google парақшасына ашып, сол жерде gmail.com почтаға кіреміз. Торларды бассақ, сол кезде бізге Google –дің негізгі сервистерінің тізімі ашылады. (1-сурет)
Диск сервисін таңдау керек, егер сіз бұрын қолданбаған болсаңыз, орнатуға рұқсат сұрайды. Ол сіздің құжаттарды өзіңіздің құрылғыда да және бұлттық кеңістікте сақтау үшін қажет. Дискіге кіргеннен кейін сол жақ жоғары бұрыштан Создать батырмасын басамыз. Шыққан контекстік мәзірден Форма сервисін таңдап, форманы баптаймыз.
Бастапқыда Google формасы Новая форма деп ашылады Әуелі формаға атау беріледі. Сипаттау бөліміне қосымша мәліметтер енгізуге болады. Мен 7 сыныптан информатика пәні бойынша БЖБ ІІІ ТАРАУ.7. 2 А -бөлім.Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу бойынша жасап шықтым. Форманың атауын кейін де өзгертуге болады.(3,4-суреттер)
Тақырып бөлімінің оң жағында көрініп тұрған белгішелер арқылы сұрақ қосу, сұрақты импорттау, сипаттама атауын қосу, сурет қосу, бейнематериал қосу, бөлім қосу әрекеттерін орындауға болады. Сұрақ қосу кезінде сұрақтарды толтыру формасы ашылады. Сұрағымызды жазғаннан кейін, оған қандай формада жауап алғымыз келсе сол форманы таңдаймыз.
Тапсырмаларды төменде көріп отырғаныңыздай бірнеше түрде жауап қабылдауға болады.
-
Мәтін
-
Тізімнен таңдау
-
Азат жол
-
Тізімнен бірнеше жауап таңдау
-
Ашылмалы тізім
-
Мөлшерлеу
-
Файл жүктеу
-
Жалауша торы
-
Көп таңдау торы
-
Уақыт
-
Күннің жады
Берілген сұрақ немесе тапсырмалар түріне қарай жауаптардың белгілену түрлері таңдалады.Сонымен қатар жауаптарды сурет, бейнематериал
түрінде де қабылдауға болады. Ол үшін білім алушының да gmail.com арқылы аккаунт ашуы міндеттеледі. Егер сұрақтың немесе тапсырманың жауабы міндетті түрде жазылу керек болса Обязательный вопрос чек-боксын түртіп батырманы айқындау керек.
Енді келесі сұрақтарды енгізу үшін + батырмасын шерту керек.Сұрақтардың арасына сурет, бейнекескін, диаграмма, кесте және т.б. орналастыру қажет болған жағдайда Вставка изображения батырмасын басу арқылы орындауға болады. (6-сурет)
Барлық сұрақтар мен тапсырмаларды, оларға сәйкес жауаптарды орналастырып болған соң Просмотр арқылы форманың түрін қарап алуға болады. (7-сурет)
Форманың дұрыс толтырылғанын қарап өткеннен кейін, ол форманы орындау үшін білім алушыға жібере беруге болады. Ол үшін Отправить батырмасын қолданып, дайын форманы жеке оқушының электрондық поштасына жіберуге болады немесе сілтеме арқылы топтардың чаттарына жіберуге болады. Сілтемесін алу үшін Короткий URL яғни қысқа сілтеме хабарламасының тұсына белгі қою керек.
Бұл жасалған форманың нәтижесін басқа әріптестерге өз жұмыстарына қолдануға мүмкіндік беруге де болады.Ол үшін - Google Дисктегі қажетті форманы таңдап, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы контекстік мәзірден Ссовместный доступ бөлігін таңдау керек.
Оқушылар орындап болған соң, жауаптар бөлімін басу арқылы барлық жауаптардың нәтижесін көруге болады немесе әр оқушының мәтіндік жауаптарын жеке қарап шығуға болады. Сұрақтардың түрлеріне қарай оқушының жауаптарын тексеріп, қолмен тексерілетін жауаптардың қорытындысын хабарлау үшін оқушылардың электронды поштасының да қажет екендігін ескерген жөн.
Жауаптары автоматты түрде тексеріліп, оқушыға дереу хабарлануы үшін Настройки батырмасын басу арқылы баптау жасау керек. Жауаптардың нәтижесін Google таблицаға орналастыра отырып, қолдануға ыңғайлы етіп Excel бағдарламасына аударып алуға болады. Google формаларының мүмкіндіктері тек мұнымен шектелмейді, жұмыс жасау барысында басқа да артықтшылықтарына көз жеткізуге болады.
Ғаламтор арқылы осындай өзімізге қажетті де пайдалы осындай сервистердің көмегімен өз уақытымызды тиімді пайдалана аламыз деп ойлаймын.
Google форма арқылы тапсырма жасауың тиімділігі;
-
Тест тапсырмаларына балл белгіленеді;
-
Әр оқушының жұмысы бірден бағаланады;
-
Оқушы тапсырманы қай уақытта,қанша уақытта орындағаны, қанша рет орындағаны көрініп тұрады.
-
Жылдам кері байланыс беріледі;
-
Сыныптағы оқушы үлгерімі визуальды түрде диаграммамен беріледі;
-
Жиынтық балл кестеден көрінеді;
-
Мұғалім уақыт үнемдейді;
Барлық тапсырмалар оқу
бағдарламаларына сәйкес құрастырылады және жүзеге
асырылады.
Сертификатты жүктеу