Бүгінгі
менің тақырыбым «Қашықтықтан оқыту
кезінде тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру».
Қазіргі елімізде болып жатқан жағдайда
біз өскелең ұрпақты тәрбиелеуді шет
қалдыра алмасымыз анық. Өйткені «Адамға
ең бірінші білім емес, тәрбие керек
Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас
жауы» Әбу Насыр әл-Фараби айтқан ұлағатты
сөз еске оралады. Тәрбие бағытының 8
бағытымен жоспар құрылып жұмыстар
атқарылып отырды. Қашықтықтан атқарылған
жұмыстар тәрбиелік шаралармен таныстырып
кетейін.
Елімізде
жарияланған төтенше жағдайға режиміне
байланысты қашықтықтан оқытуға жоспар
құрылып, сол жоспар аясында жұмыстар
жүргізіліп отырды. Оқушылар өз бос
уақыттарын тиімді пайдалануға бағытталған
шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар
өздерінің карантин уақытында еңбек
етіп жүрген мамандық иелеріне өздерінің
алғыстарын білдіріп челлендж жолдады.
Карантин уақытында тазалық сақтап, үйде
болуға шақырды. «Қашықтықтан оқу маған
қалай әсер етуде?!», тақырыбында эссе
жазып өз ойларын жеткізді. Мектепке,
ұстаздарына деген сағыныштарын жазды.
«Менің қашықтықтан оқудағы бір күнім»
тақырыбында ұстаздарымыз арасында
видеороликтер жасалды.
Сонымен
қатар, патриоттық тәрбие бағытында 7
Мамыр, 9 Мамыр мерекесіне оқушылардың
мектеп ұстаздарын құттықтап жолдаған
видеороликтері жарияланды. «Мен батырдың
ұрпағымын» атты Ұлы Жеңістің 75 жыл
толуына арналған ғаламтор-челленджіне
қатысып, өздерінің аталарын мақтан
ететіндігін айтып видеороликтер жолдап
атсалысты. «Жеңіс күні мәңгі есімізде»
атты біріңғай сынып сағаттары өткізілді.
Оқушылар өздерінің Бейбіт күнге қандай
қиыншылықпен жеткеніміз жайында whatsapp
желісі арқылы пікірлерімен бөлісті.
15
мамыр Отбасы күні біріңғай сынып сағаты
аталып өтті. Мектеп оқушыларымен ортақ
whatsapp желісі арқылы топ ашып, оқушыларды
отбасы күнімен құттықтап, отбасы,
отбасының құндылықтары жайында
түсіндіріліп өтті. Оқушылар өздерінің
отбасымен түскен фото суреттерін жолдап,
отбасылары жайында өз ойларымен бөлісті.
Әр түрлі видеороликтер жасап құттықтаулар
жолдады. Сынып сағатына фото, видео
материалдар жолдап, өз ойларымен бөліскен
оқушыларға марапаттар берілді.
Мектеп
оқушылары еңбекке, тазалыққа баулу
мақсатында ұйымдастырылған «Тазалықты
өз аулаңнан баста!» шарасына атсалысты.
Оқушыларымыз өздерінің фото суреттерін
жіберді. Сондай-ақ, «Құстар біздің
досымыз» тақырыбында бастауыш сынып
оқушыларының өздері салған суреттерін
жолдады. Қыз балалар үйде анасына
қолғабыс жасап, түрлі дәмді ас әзірлеп
бос уақыттарын қалай өткізіп жатқанын
көрсетіп «Менің әуестігім» тақырыбында
видеороликтер түсірді. Оқушылар арасында
«Өнерлі отбасы» сайысы ұйымдастырылуда.
Осыған орай өз отбасыларымен ерекше
видеороликтерін жолдайды деген
сенімдемін. Сайыс аяғында қорытындысы
шығарылып, үздік деп танылған өнерлі
отбасы марапатталады.
Сөзімді
түйіндей келе қашықтықтан оқуда
оқушыларымыз ақпараттық технологияларды
пайдаланып, меңгеріп сонымен қатар әр
түрлі бағдарламар арқылы жұмыс жасауға
дағдыланды деседе болады. Кейбір
оқушыларымыздың осы кезеңде әр қырынан
танып жатырмыз. Қандай жағдай болмасын,
әрқашанда тәрбиені шет қалдыруға
болмайды дегім келеді.