«Қашықтықтан
оқыту» немесе «онлайн оқыту» -
білім берудің
ақпараттық
және телекоммуникациялық технологиясы
Еліміздегі
барлық оқу орындары білім саласына
байланысты бекітілген жарлыққа сәйкес
2020 жылдың 15 наурызынан бастап қашықтықтан
оқыту жүйесіне көшті. Арнайы қашықтықтан
оқыту бағдарламасы бұрыннан бар оқу
орындары үшін бұл жүйе айтарлықтай қиын
болған жоқ.
Дегенмен
әр оқу орнының өзіндік талабы мен міндеті
барын ұмытпаған жөн. Мәселен, мен
Профессор Рузуддиновтың медициналық
– стоматологиялық колледжінде «Жалпы
білім беру, жалпы гуманитарлық әлеуметтік
пәндер» бөлімінің меңгеруші болып
қызмет жасаймын. Профессор Рузуддиновтың
медициналық – стоматологиялық колледжіде
Googl SmartNation электронды платформасы
заманауи Zoom электронды бағдарламасы
арқылы онлайн жүйесінде оқыту процессі
білім берудеміз.
Колледждің
студенттеріне тағайындалған үй
тапсырмалары дер кезінде салынып
белгіленген уақыттында қабылданады.Сабақ
айту яғни оқылған лекцияға кері байланыс
жасау үрдісі заманауи Zoom электронды
бағдарламасы негізінде өтеді.
Оқыту
әр түрлі бағытта жүрсе де ең маңыздысы
білім алу. Ал алған білімді дәлелдей
білу бұдан да өзекті нәрсе.
Қашықтықтан
оқыту деген қазіргі таңда білім
саласындағы өте маңызды ұғым. Оны білім
алушы мен оқытушы алыстан өзара ақпараттық
– коммуникациялық технологияларды
және телекоммуникациялыққұралдарды
қолдана отырып, жүзеге асырылатын оқыту
түрі ретінде түсінеміз.Нақтырақ айтсақ,
оқытушы мен студент арасында қашықтан
интернет ресустарының көмегі арқылы
өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет
желілерінің көмегімен белгілі бір ара
қашық ұстап оқыту.
Бүгінгі
күні әлемде болып жатқан эпидемиялық
жағдайлардың алдын алу шараларына
байланысты барлық жерде оқу процесі
қашықтық жағдайда өткізіліп жатыр.
Қашықтан білім беру технологиясы
сабақтарды «online», «offline» режимінде
жүзеге асыруға негізделген. Онлайн
оқыту кезінде білім алушы мен оқытушы
арнайы келісілген программалар арқылы
байланысқа шығады. Елімізде онлайн
сабақ өту үшін «Skype», «Zoom», «Microsoft teams»
және «What s up» көп сұраныстарға ие. Онлайн
сабақтар келісілген уақыт бойынша
жоғарыда көсетілгенпрограммалар
көмегімен жүзеге асуда. Офлайн оқыту
сабақтары студенттердің өзіндік жұмысы
деп айтсақ болады. Оқытушылар электронды
пошта арқылы немесе электронды порталдар
«Platonus», «Univer» арқылы тапсырмалар жіберу
арқылы жузеге асырылады. Қашықтықтан
оқыту технологиясының дамуы – біздің
білім беру жүйесінің болашағы болып
табылады. Ал басты талап қашанда сапалы
білім беру.
Қашықтықтан
оқыту оқытушы мен студенттер арасында
интерактивті оқыту құралдары арқылы
электордық және мультимедиалық оқулықтар,
видео сабақтар, тізбекті ақпараттық
жүйелер арқылы байланыс берілуде.
Элетрондық пошта әр түрлі режимдегі
байланыс жүйесінде телеконференцияларды
пайдалануда. Электронды оқулықтарды
пайдалануда колледж кітапханасы да өз
үлестерін қосуды. Жұмыс жасап отырған
Zoom бағдарламасында кітапхана бөлімі
бар. Сол жерге электронды оқулықтарды
жүктеп студенттер пайдалануға мүмкіндік
береді. Сол оқулықты өздеріне жүктеп
немесе көшіріп алуға болады. Электронды
оқулықтардың басымдықтары бар. Сабақ
бойынша ақпараттардың бәрі мәтін,
суреттер, бейне, аудиожазба, анимацияларлар
және басқа да графикалық құралдар
түрінде беріледі. Дамыған байланыс пен
іздеу жүйесі оқулықтың бір бөлімінен
екіншіне немесе фрагментінен басқасына
бір демде ауысуға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтың онлайн және оффлайн
нұсқаулары болуы, CD – дискке немесе
басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдарға,
болмаса интернет сайтқа орналастырылуы
мүмкін. Осындай әдістермен электронды
оқулықтарды пайдалануға болады.
Электронды оқулықтармен барынша көп
білім алып, материалды бірнеше рет
қайталап тыңдауға болады. Электронды
кітапхананы пайдаланыңыз сізге көп
көмек береді. Өзіміздің тәжрибеміздегі
Zoom бағдарламасы арқылы «қашықтықтан
оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері»
тақырыбында педагогтарға арналған
онлайн –семинар өткіземіз. Семинарға
он беске жуық мұғалімдер қатыса алады.
Семинарда қашықтан оқытудың түрлері,
тәсілдері, принциптері туралы
тәжірибелермен бөлісеміз. Аталмыш
бағдарламаның пайдасы қатысушылар
презентацияларды көруге мүмкіндігі
бар және де бірін – бірі көріп, қажет
сұрақтарын да қоя алады.
Қашықтықтан
оқыту басқа оқыту түрлеріне қарағанда
өз артықшылықтары бар. Оқытушылар
үйінен шықпай кез келген жерде, кез
келген мерзімде жазылған дәрісті, кәсіби
қызметпен қатар, мекен жайына, денсаулық
жағдайын, элитарлық және материалдық
жағдайына қарамастан тепе – тең дәрежеде
оқуға, білім алуға мүмкіндікдігі бар.
Оқытушылар қиын кезеңде де үйден шықпай
– ақ кәсіби құзыретті маман болуына
кәсіби дамуына өз үлесін қосуда.
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім жүйесінде
жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен
қолданыла бастады. Ақпараттық
технологияларды және компьютерлік желі
арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану
кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық
технологияларды білім жүйесінде
қолданудың ең маңызды факторы негізгі
қозғаушы күш – адам, сол себепті білімнің
негізгі принциптері іске асыруылуы
тиіс. Осыған байланысты адамның
шығармашылық потенциалын дамыту үшін
қажетті жағдай жасалуы тиіс. Негізі
базалық білім беру аймағында қызмет
көрсету жағынан да қашықтан оқыту
мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау
тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану
ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға
көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын
жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту
әдісіболып табылады.
Қашықтықтан
оқыту оқытушылар үшін де, студенттер
үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді.
Қашықтан оқыту жүйесіне ата – аналардың
көзқарасы жаксы қалыптасып келеді.
Әсіресе ата – аналар үшін қашықтан
оқыту материалдық жағдайының тиімді
болуын қарастырады.
Қашықтан
оқытудың міндетін түсіну үшін студенттер
арасында мониторингтік сараптама
жүргізу керек. Моноторинг нәтижесі
бойынша қашықтан оқыту оқу процесіне
жағымды әсер етеді.
Білім
ешқашанда өз дамуын тоқтатқан емес.
Қайдай жағдай орын алмасын, кітап оқудан,
білім алудан жалтармағанбыз. Әр алапат
дауыл жасырылған есіктің жұмбағын шеше
білетін бір – ақ кілт бар. Ол – білім.
Қазіргі
жағдайда басты мақсат – оқу процесін
үзбеу. Сондықтан осы бағытта оқытушылар,
ата – аналар, студенттеріміздің белсенді
атсалысуын арқылы алға қойған тапсырмаларды
орындаймыз деп сенеміз.
Асжанова
Мантай Айтмамыровна
Жалпы
білім беру, жалпы гуманитарлық және
әлеуметтік
–
экономикалық пәндер» бөлімінің
меңгерушісі