Қашықтықтан
оқыту заман талабы.
Дүние
жүзін діңкелеткен пандемения сырқатының
әсері еліміздің білім саласынан да
айналып өтпеді. Тарихымызға көз жіберер
болсақ, мұндай қиыншылықтар көп кездесті.
Сонау 30 жылдардығы ашаршылық,тырысқақ,шешек,оба
сияқты жұқпалы аурулардың да өршуі сол
замандарда орын алған.Қалаберді 1941-45
жылдардағы Ұлы отан соғысы бүкіл әлемді
дүрліктіріп басымызға қайғы-қасірет
төндірді. Қазақ халқы да небір нәубет
күндерді басынан кешіріп келеді.Сонау
1986 жылғы тәуелсіздігімізге қол жеткіземіз
деп егемендігіміз үшін отқа түскен
жалынды жастардың ерліктері,көрген
қиындықтары ызғарлы желтоқсан оқиғасы
бәрі-барі халқымыз үшін ауыр болғаны
белгілі. Ұлы хакім Абай айтқандай «қазақ
халқы тумысынан ер жүрек, жауынгер,
қандай қиындық келседе төзіммен,сабырмен,
қарайтын қаны мен жаны да таза
халық»дегендей мұндай індетті бір
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып
бірліктің, татулықтың арқасында жеңе
білеміз.
Күнделікті
теледидар және әлеуметтік желілерден
көріп, бақылап отырмыз,індеттің ошағы
көбейіп, қаза болғандар саны күннен
күнге артып,балалармен бірге жасы
үлкендер тіпті бұл індетке медицина
қызметкерлері де дертке шалдығып
жатқанын есітіп қиналып қалдық. Әрине
қабырғамызды қайыстырып жүрегімізді
ауыртады.Әлем болып күресіп жатқан
пандемениядан сақтанудың және қорғанудың
бірден бір жолы ол өзімізді және
өзгелердің денсаулығына зиянын тигізбеу
үшін тек үйде отыру. Міне, аурудан
сақтанудың бірден-бір тәсілі осы.Өзімізді
,өзіміз оқшаулаған кезде ғана мұндай
жұқпалы ауруды жеңеміз.Осы орайда
президентіміз Қ.Тоқаевтың барша
қазақстандықтарға жариялаған үндеуін
түсініп, жанталаса жасап жатқан еңбектерін
бағалап, темірдей тәртіп қана жұқпалы
індеттен сақтай алатынын ұғындыруда.Қазіргі
таңда барша білім алушылар үшін оңтайлы
қашықтықтан оқыту жүйесінің енгізілгені
белгілі.Мен Төлегенова Моншақ тарих
пәнінен сабақ беремін.Сәуір айының
алғашқы күнінен бастап мектептердегі
онлайн білім алудың қарқыны жаман
емес.Бұл жүйенің алғашында ата-аналар
және оқушылар үшін оңай болмағаны
анық.Дегенмен «көш жүре түзелер»демекші
ақырындап бұл жүйеге де ата-аналар,
оқушылар түсіністікпен қарап оқып
жатыр.Оқушылар мұғалімдерден алған
тапсырмаларын әлеуметтік желі арқылы
24 сағат ішінде толық орындап кері
байланыс жасауда. Бұл қашықтан оқыту
жүйесінде оқушы кез келген уақытта
берілген тапсырмамен танысып,түсінбеген
сұрақтарына кері байланыс арқылы
мұғаліммен тығыз байланыста отырады.
Мен сабақ беретін қазақстан тарихы
пәнін оқушылар онлайн сабақ басталғалы
пәнге деген қызығушылығы арта
түскендей.Кері байланысқа шыққан
оқушылардың тақырыпқа байланысты
сұрақтары толастар емес,тіпті сенбі,
жексенбі күндеріде сабақ дайындауға
құлшынып отыратын оқушылардың ынтасы
артуда.Бұл жүйенің мұғалім және оқушы
үшін тигізер пайдасы көп екеніне көзіміз
жетті. Осындай қиын қыстау кезеңде
түсіністікпен қарап жатқан ата аналарға
алғысымыз шексіз.Біз үйдеміз-біз
біргеміз.
Төлегенова
Моншақ Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі
тарих пәні мұғалімі