Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ –ЗАМАН ТАЛАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын түрі болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы ПҚБАИ аға оқытушысы

Адилаева Алма

"№71 «Қ.Қазиев» атындағы бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі

Тилеубергенова Нурсауле Садыровна

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ –ЗАМАН ТАЛАБЫ

Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттарын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

Қазіргі уақытта еліміздегі Төтенше Жағдайға байланысты білім беру саласында да коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу шаралары іске асырылуда. Осындай шаралардың бірі – білім алушыларды қашықтықтан оқыту.Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

  • Сапалы білім алу

  • Уақытты үнемдеу

  • Ыңғайлы уақытта оқыту

  • Территориялық шектеулер жоқ

  • Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ

Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану, білім беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу әдістемелік материалдармен білім алуына және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Осыған орай, қашықтықтан оқыту үрдісін жүргізу үшін жинақталған түрде белгілі бір тәртіпке құрылған әдістемелік оқу кешенді бағдарламасын құру қажет. Әлем бойынша қашықтықтан оқу үрдісін мектепке дейінгі ұйымдар,орта мектептер оқушылары, студенттер, аймақтық басқару органдар жетекшілері, жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар, еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т.б пайдалана алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда экономикалық және саяси процесте ғана емес білім жүйесінде де ақпараттық технологиялар кеңінен қолдана бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы ғана білім әдістерін пайдалану кеңінен тарап келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең негізгі факторы негізгі қозғаушы күш – адам, сол себепті білім принциптері іске асырылуы тиіс.


Әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан-2050» бағдарламасы.

2. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

3. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2020
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12